Ана тілім - асыл қазынам ( тәрбие сағаты)

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Ана тілім - асыл қазынам»

Тәрбие сағатының бағыты:Азаматтық -патриоттық тәрбие беру

Мақсаты:Оқушыларға ана тілін құрметтеп,қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу,ақылды,салмақты сөз айтуға,ойын нақты,дұрыс жеткізуге,тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеті:Оқушыларды туған тілін сүюге,тез ойланып, тапқырлыққа,жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге көңіл бөлу,таза сөйлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:суреттер, ана тілі туралы жазылған тақпақтар

Тәрбие сағатының барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері: «Гүл сылайық!»

II. Негізгі бөлім

I. Ой қозғау (Ана тілі туралы ән тыңдау)

- Балалар біз неліктен ана тілі туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар?

Себебі, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ана тіліміздің құрметіне арналады. Бүгінгі тәрбие сағатымыздан алатын мол мағлұматтарыңыз да, сабақ барысында сіздерге берілетін тапсырмалардың барлығы да туған тілімізге арналмақ.

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- Ә. Тәжібаев атамыз айтқандай, тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі өте бай тіл. Осы бай тіл - біздің мақтанышымыз. Әрқашан біз өзіміздің ұлттық тілімізді,ана тілімізді қадірлеп,оны әрі қарай дамытып отыруымыз керек. Әрбір елдің қуаты, байлығы,бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес,сонымен қатар мәдени,рухани өрісімен айқындалады.

II.Оқушылардың тіл шеберліктерін байқау.

  1. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

  2. Айтылған сөз - атылған оқ.

  3. Тілі жеткенше сөйлеген шешен.Қолы жеткенше нұсқаған көсем

  4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

  5. Ой ақылды қамшылар, Қамшыласа ақылдан бал тамшылар.

  6. Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі ілім біл.

III.Шығармашылық жұмыс.

«Поэзия минуты» (Оқушылар бір шумақ өлең шығарады)

1.Бұзып сөйлеме, түзік сөйле

Өлеңдегі дұрыс емес бұрыс сөзді тауып,дұрыс сөзді айту.

2. Берілген екі сөзге мақал құрастыру.

1. Сөйлей 2.Ұят

IY.Қорытынды:

Халқымыздың тәуелсіздігінің басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Дүниедегі барлық ел тәуелсіздікке,ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез- келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін,ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуесіз ел болып қалсын десек,ең алдымен,ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.


© 2010-2022