Адам бойындағы асыл қасиеттер

Тақырыбы:       Адам бойындағы асыл қасиеттер Мақсаты:   Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер және жағымсыз қылықтар жөнінде айту,  пікірлесу. Жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жиренуге баулу. Көрнекілігі:  1. Қанатты сөзлер жазылған буклет. 2. Дәйекті сөздер. 1. Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаща адамгершылык қасиет.                                                                                                                      Ч. Дарвин. 2. Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.                                                                                    Пифагор. 3. Сырты сұлу адамның, Болса ішінің мәні жоқ. Ұқсамай ма жеміске, Сырты әдемі, дәні жоқ.                      Сәкен Сейфуллин. Жүргізуші:   Шыбықлар  шыбық  күнінде бірдей көрінеді, бірақ олар өскен сайын әр қилы сипат  танытатындай, балалар да кішкентай кезінде бір – біріне ұқсас болса, өскен соң әр алуан сапада бой көрсетеді. Біреу іскер, бірақ сыпайы, біреу олақ, бірақ мақтаншақ, біреу қу, біреуі адал, ал біреуі әділетсіздікті көре тұра жасырады, ал енді біреулер ақиқат жолында жан береді. Бірін- бірі қайталамайтын қырлы- қырлы адам бойындағы асыл қасиеттер – әрқилы ортаның, тәрбиенің, жоғарылы төменді талап, талпыны... 1- оқушы: Адам бойындағы асыл қасиеттерді тізіп шығу мүмкін емес. Сонда да болса еңбексүйгіштік, саналвлвқ, жанқиярлық, адалдық, шыншылдық, сыпайгершілік, тб. 2- оқушы: Ал адамгершілікке жат жиренішті қылықтарше: дауырықпалық, бойкүйездік, азғындық, жүзіқаралық, менмендік, опасыздық, сатқындық, күншілдік, қызғаншақтық, жағымпаздық, зымияндық, арамтамақтық,тб.   3- оқушы:Кейбіреу санасыз,  Сыртын ғана түзейді. Өнер кебі  сондай-ақ, Құр тек шашын күзейді. Жаңармасын демеймін, Сыртқы көрнек түріңді, Жаңарт, бірақ бірдей қыл, Сырт пен ішкі сырыңды.  Сырты сұлу адамның, Болса ішінің мәні жоқ. Ұқсамай ма жеміске, Сырты әдемі, дәні жоқ. 4- оқушы: Белгілі жағдай емес маған ғана, Алды мен тыңда,  оқушым,алаңдама. Табиғат өз бойының құбылысын, О  бастан сыйлады ғой , адамға да. Жақсыға кім сүйсініп, таңғалмаған, Құмартып, кім назарын аудармаған? Не жетсін, шіркін жазға сәулесі мол- Ұқсайды мейірімді жандар соған. 5- оқушы: Мейірім -  адамзатқа таныс құрал, Ойдағы, қырдағыны  табыстырар. Шадыман, шалықтаған күйге бөлеп, Мейірім көңілдерді қауыштырар. 6- оқушы:  Мәдениет дегенді, Әркім ұғар өзінше. Сондайсың деп, оны енді Айтпас болар көзінше. 7- оқушы: Мәдениет деген бұл, Адамдықтың төресі. Кейбіреудің бәрібір, Жетпейді оған өресі. 8- оқушы: Мінезге жоқ өзгеріс, Жан емес ол мін терген. Мәдениет – сөз бен іс, Шығып жатса бір жерден.   9- оқушы:  Ата тілегі. «Сен»- деме, қызым, шешеңе, Әлпешпен анаң қартайсын. Біздерге біткен пешене, Бақытты болып  байқалсын. 10- оқушы:  «Сен»- деме, ұлым,  шешеңе, Жалаулы жаны жасығар. Алмаса саған шешіле, Оңаша төгер жасы бар. 11- оқушы:  «Сен»- деме, ұлым,  әкеңе, Сезінсін  десең, салмағын. Мен құсап әке мәпеле, Балаңнан байқа қалғанын. 12- оқушы:  «Сен»- деме, қызым,  әкеңе, Асқар тауың мүжілер. Көзіңе күліп, етене, Сырт сыншы көз кіжінер. 13- оқушы:  Жақсы менен дос болсаң, Басыңа қиын іс түссе, Алдыңнан шығар елбектеп, Жаныңа не  керек деп?  Жаман менен дос болсаң, Басыңа қиын іс түссе, Басқаға кетер бөлектеп, Сыртыңнан жүрер өсектеп. 13- оқушы:  Білімді болу- ең асыл қасиет. Абай өсиеті. Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып, шаттанба, Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Адам бойындағы асыл қасиеттер

Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер және жағымсыз қылықтар жөнінде айту, пікірлесу. Жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жиренуге баулу.

Көрнекілігі: 1. Қанатты сөзлер жазылған буклет.

2. Дәйекті сөздер.

1. Қызара білу, ұяла білу - адам бойындағы ең тамаща адамгершылык қасиет.

Ч. Дарвин.

2. Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор.

3. Сырты сұлу адамның,

Болса ішінің мәні жоқ.

Ұқсамай ма жеміске,

Сырты әдемі, дәні жоқ.

Сәкен Сейфуллин.

Жүргізуші: Шыбықлар шыбық күнінде бірдей көрінеді, бірақ олар өскен сайын әр қилы сипат танытатындай, балалар да кішкентай кезінде бір - біріне ұқсас болса, өскен соң әр алуан сапада бой көрсетеді. Біреу іскер, бірақ сыпайы, біреу олақ, бірақ мақтаншақ, біреу қу, біреуі адал, ал біреуі әділетсіздікті көре тұра жасырады, ал енді біреулер ақиқат жолында жан береді. Бірін- бірі қайталамайтын қырлы- қырлы адам бойындағы асыл қасиеттер - әрқилы ортаның, тәрбиенің, жоғарылы төменді талап, талпыныстар мен ізденістердің әртүрлі жемістері. Бүгінгі тәрбие сағатымызда осы ойлар туралы пікірлесеміз.

1- оқушы: Адам бойындағы асыл қасиеттерді тізіп шығу мүмкін емес. Сонда да болса еңбексүйгіштік, саналвлвқ, жанқиярлық, адалдық, шыншылдық, сыпайгершілік, тб.

2- оқушы: Ал адамгершілікке жат жиренішті қылықтарше: дауырықпалық, бойкүйездік, азғындық, жүзіқаралық, менмендік, опасыздық, сатқындық, күншілдік, қызғаншақтық, жағымпаздық, зымияндық, арамтамақтық,тб.

3- оқушы:Кейбіреу санасыз,

Сыртын ғана түзейді.

Өнер кебі сондай-ақ,

Құр тек шашын күзейді.

Жаңармасын демеймін,

Сыртқы көрнек түріңді,

Жаңарт, бірақ бірдей қыл,

Сырт пен ішкі сырыңды.

Сырты сұлу адамның,

Болса ішінің мәні жоқ.

Ұқсамай ма жеміске,

Сырты әдемі, дәні жоқ.

4- оқушы: Белгілі жағдай емес маған ғана,

Алды мен тыңда, оқушым,алаңдама.

Табиғат өз бойының құбылысын,

О бастан сыйлады ғой , адамға да.

Жақсыға кім сүйсініп, таңғалмаған,

Құмартып, кім назарын аудармаған?

Не жетсін, шіркін жазға сәулесі мол-

Ұқсайды мейірімді жандар соған.

5- оқушы: Мейірім - адамзатқа таныс құрал,

Ойдағы, қырдағыны табыстырар.

Шадыман, шалықтаған күйге бөлеп,

Мейірім көңілдерді қауыштырар.

6- оқушы: Мәдениет дегенді,

Әркім ұғар өзінше.

Сондайсың деп, оны енді

Айтпас болар көзінше.

7- оқушы: Мәдениет деген бұл,

Адамдықтың төресі.

Кейбіреудің бәрібір,

Жетпейді оған өресі.

8- оқушы: Мінезге жоқ өзгеріс,

Жан емес ол мін терген.

Мәдениет - сөз бен іс,

Шығып жатса бір жерден.

9- оқушы: Ата тілегі.

«Сен»- деме, қызым, шешеңе,

Әлпешпен анаң қартайсын.

Біздерге біткен пешене,

Бақытты болып байқалсын.

10- оқушы: «Сен»- деме, ұлым, шешеңе,

Жалаулы жаны жасығар.

Алмаса саған шешіле,

Оңаша төгер жасы бар.

11- оқушы: «Сен»- деме, ұлым, әкеңе,

Сезінсін десең, салмағын.

Мен құсап әке мәпеле,

Балаңнан байқа қалғанын.

12- оқушы: «Сен»- деме, қызым, әкеңе,

Асқар тауың мүжілер.

Көзіңе күліп, етене,

Сырт сыншы көз кіжінер.

13- оқушы: Жақсы менен дос болсаң,

Басыңа қиын іс түссе,

Алдыңнан шығар елбектеп,

Жаныңа не керек деп?

Жаман менен дос болсаң,

Басыңа қиын іс түссе,

Басқаға кетер бөлектеп,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

13- оқушы: Білімді болу- ең асыл қасиет.

Абай өсиеті.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып, шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

© 2010-2022