Классный час. Тема: Әкем, Анам

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН»

Мақсаты: Сайыс арқылы оқушылардың тілін дамыту, алған білімдерін тиянақтау,

тексеру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс

істеу дағдыларын дамыту, ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы қарым-

қатынасты дамыту.

І. Кіріспе сөз.

  • Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, тәрбиешілер мен қонақтар! Бүгін сіздер «Әкем, шешем және мен» атты жанұялық, танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Баланың ыстығына күймейтін, суығына тоңбайтын, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана.

ІІ. Сайысқа қатысушылармен таныстыру.

ІІІ. Қазылар алқасымен таныстыру.

ІV. Сайыс шарттарымен таныстыру.

  1. «Таныстыру».

  2. «Ертегі терапия»

  3. «Қызықты сұрақтар»

  4. «Өнер»

  5. «Қанша сөз білеміз?»

  6. «Бұл кім?»

  7. «Саған айтқым келед»?»

  1. «Таныстыру» .

Сайыстың бұл шартында қатысушы отбасылар өздерін таныстырады.


  1. «Ертегі терапия». ( Әрбір отбасына сөздер жиынтығы беріледі. Осы сөздерді пайдалана отырып, әңгіме немесе ертегі құрастыру керек. Бұған 5 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін топтар өз шығармаларын оқиды. «Ерте, ерте, ертеде... », - деп бастау керек.

А) Әсел тәте, көл, арман, домбыра, пойыз, гүл, тау;

Ә) Серік ағай, өзен, айран, ағаш, жаңалық, ит, трактор;

Б) Олжас ағай, мұхит, сиыр, теледидар, сүт, үй, кірпіш;

В) Әлия тәте, теңіз, мысық, мтамақ, машина,махаббат, темір.

3. «Қызықты сұрақтар».

( Бұл шартта әр отбасына қызықты сұрақтар қойылады.Отбасылардың мүшелері тез жауаптарын берулері керек )

№1

А) Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Ә) Балаңыздың туған күні қашан?

Б) Мектеп директорының неше орынбасары бар? Атаңыздар?

В) Балаңыздыңсүйікті асы қандай?

Г) Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?

№2

А) Отбасының басшысы кім?

Ә) Сынып жетекшісінің толық аты-жөні.

Б) Мектептің мекен-жайы.

В) Балаңыз 1-сыныпқа қашан барды?

Г) Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

№3

А) Отбасы қандай болуы керек?

Ә) Тәрбиешінің толық аты-жөні.

Б) Балаңыздың парталас көршісі кім?

В) Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

Г) Балаңызды еркелетіп, қандай сөз айтасыз?

№4

А) Барлық отбасы бірдей деп ойлайсыз ба?

Ә) Мектеп директорының толықаты-жөні.

Б) Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

В) Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

Г) Балаңыз кеше сабақтан қандай баға алды?

4. «Өнер».

( Әр отбасы өздерінің өнерлерін көрсетеді )

  • Домбырада ойнау

  • Ән айту

  • Би билеу

  • Көркемсөз оқу


  1. «Қанша сөз білеміз?» ( Бұл шартта «жауапкершілік» сөзі беріледі. Берілген бір сөздің әріптерін пайдаланып, бірнеше сөз құрастыру керек. Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт беріледі ).

  2. «Бұл кім?» Бұл сайыста балалардың көздері жабылады ( орамалмен ). Барлығы бір түзудің бойында тұрады. Ата-аналары оқушылардың әрқайсысына кезекпен үндемей ақырын жақындайды. Оқушы қасына келген адамның алақанын ұстап, өз ата-анасын анықтауы қажет. Ата-анасын таныған кезде ол «Мен сізді жақсы көремін» дейді. Егер оқушы қателеспесе, жұп бөлек тұрады. Ал, егер қателлессе, ойын әрі қарай жалғасады. Егер, бала ата-анасын таппаса, ойын ата-анасын танығанға дейін жалғаса береді. Жаттығу барлық жұптар толық түзілгенше жалғасады.

  3. «Саған айтқым келеді ...» Бұл шарт сайыстың соңы, шешуші кезеңі болып табылады. Ата-аналар мен балалары бір шеңберде тұрады. Ата-анасы алдымен баласына, содан кейін баласы ата-анасына төмендегідей сөздерді айта бастайды: «Анам ( әкем ), менің сізге көптен бергі айтқым келгені...», «Қымбатты ұлым ( қызым), менің саған көптен бергі айтқым келгені ...» деп сөйлемдерін жалғастырулары керек.

V. Қазылар алқасының қорытынды сөздері.

VІ. Сайыстың аяқталуы.


© 2010-2022