Урок на тему Өнеге - отбасынан басталады

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асем Сыдыкова

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Екіаша орта мектебі КММ

Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі


Тақырыбы: Өнеге - отбасынан

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы қарызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ - жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу, түйіндіру.

Сабақтың түрі: ата-ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.

Мұғалім: Құрметті оқушылар.

Біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Менің жанұям» ,«Отбасы». Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

I . Топқа бөлу; «Болашақ» тобы , «Арман » тобы, қазылар тобын құру.

1. Сұрақтар.

2.Мақал-мәтелдер. Туыстық мәтел айтысы.

3. Жұмбақ орталығы.

4. Шығармашылық жұмысы

5. « Жүректен жүрекке» шеңбері.

Мұғалім:

1. «Әрбір баланың мінез - құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп Павлов айтпақшы баланың мінез құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы,

ІІ. Кім жылдам

1.Әкеңнің қарындасының баласы саған кім болады?(жиен).

2.Анаңның әкесі саған кім?(нағашы ата).

3. Ағаңның әйелі саған кім болады? (женге)

4.Мұсылманның 5 парызын ата?

(Аллаға және пайғамбар оның елшісі екеніне сену;Намаз оқу;Ораза ұстау;Зекет беру;Қажыға бару).

5.Бес ақыл,бес дұшпанды ата.

(Бес ақыл:оқу,еңбек,адамгершілік,қанағат рақым).

(Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ).

6.Бөле деген кім?(Ананың әпке-сіңілерінің балалары).

II. Кез-келген мақалдың алғашқы жолын айтады, ,қарсылас топ жалғасын табады .

Мақал-мәтелдер.

1.Жарлы болатын жігіт байталын атқа сатады,

Жалғыз болатын жігіт (ағайынын жатқа сатады.)

2.Ағайын тату болса ат көп,

Абысын тату( болса ас көп.)

3.Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың (жағасы бар.)

4.ата -бәйтерек,бала -жапырақ.

5.Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып қыз сөйлегеннен без

6.Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал.

7.Алып анадан туады, ат биеден туады.

8.Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды

.9. Адам болатын бала алысқа қарайды.

10. Кәріге құрмет, балаға міндет.

Шығармашылық жұмыс:( бейне сюжет көру)

І топ «Әкенің орны»

ІІ топ «Ананың орны» кластер құру.

Сахналық көрініс:

«Отбасы құндылығы»

Қорытынды.

М. Әлімбаевтың өлеңімен қорытындылағым келіп отыр.( Өлеңді оқу)

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең

- Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес, аллаһи біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен

Туа сала тұлпардың жалын тартқан

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау

Болмасада топ жарған дара бөтен

Мүше тістеп мықтылар тай жасаса

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?

Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата -ананың үміті талады екен

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап «Қайтсем де баламды адам етем деген» ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды. Өз жанұяларыңды құрметтеңдер, сыйлаңдар,мақтан етіңдер. Отанын, елін, жерін сүйетін, ата-анасын, жора жолдасын құрметтейтін, еліміздің тұтқасын ұстар азамат болып өсуіне сіз бен біз бірігіп көмек берейік.

Екіаша орта мектебі





« Өнеге - отбасынан »




Урок на тему Өнеге - отбасынан басталады


А.Ж. Сыдыкова

© 2010-2022