«Жасөспірім кезеңінің психологиялық даму ерекшеліктері» дөңгелек үстел

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өткізілу түрі: Дөңгелек үстел

І. Баяндама «Жасөспірім кезеңінің психологиялық даму ерекшеліктері»

Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады. Жасөспірім жасындағыларды «Қиын», «өзгерілу», «ауысу жастары» деп атайды. Соңғы жағдайда «ауысу жасында» жеткіншек балалық кезеңдерден ересек жасына ауысады. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді.

Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой - тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым - қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым - қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады.

Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті.

Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпынады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.

Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызығушылықтары артады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді .

ІІ. «Мен кім болғым келеді?» тақырыбында әңгіме айту немесе бейнеролик көрсету.
ІІІ. Мамандық таңдауда балаға қандай көмек көрсете аламыз?

«Өскенде кім болғың келеді?» - бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

Жұмыс пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен! Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттану мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау- болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол - өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді.

Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:
1) Ата-ананың қалауы бойынша;
2) Досымен бірге мамндық таңдау;
3) «Қайда алса сонда барам» принціпі;
4) Табысы жоғары жұмыс;
5) Оқудың немесе жұмыстың беделді болуы.

Дұрыс таңдау жасау үшін келесі факторларды ескеру керек:
1 фактор - «Мен қалаймын» - бала қандай мамандықты қалайтынын анықтау, өмір бойы осы іспен айналысуға дайындығын сұрау, өзінің бойындағы қабілеттерін бағалауға көмектесу.

2 фактор - «Қолымнан келеді» - баланы таңдаған мамандықтың талаптарымен таныстыру. Мектепте алған білімін, білігін және өзінің қабілетін, бейімділігін айқындауға көмектесіп, таңдаған мамандықта оларды қалай қолдануға болатыны жайлы әңгімелеу.

3 фактор - «Керек» - таңдаған мамандық бойынша кәсіби білімді қай жерден алуға болады, бүгінгі күнде ол мамандықтың сұранысы қандай екенін анықтау керек.

1-тұлға таңдаған бағытының қоғам талаптарына сай клеу аймағы;
2- тұлға мүмкіндігінің қоғам талаптарына сай келу аймағы;
3-рухани комфорт аймағы;
4- қолайлымамандық таңдау аймағы.

Мамандық таңдауда балаңыздың қабілеттерін,бейімділігін ескеріңіз.
ІV. Рефлексия. Қатысушылар шеңберге тұрып «Мен үшін бүгін таңқаларлық ...» сөйлемді жалғастырып, өз ойларын ортаға салады.

Ата-аналарға кеңес

«Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»
Біріге отырып таңдау жасалған кәсіптің «пайдалы» және «пайдасыз» жақтарын қарастырыңыз.
Болашақ мамандық таңдауда баланың да пікірін ескеріңіз.
Мамандықты таңдағанда қаржылық жағын ескере бермей, моралдік жағына да көңіл бөліңіз.
Мамандық таңдауда балаға қысым көрсетпеңіз, әйтпесе ол келіспеушілікке әкелуі мүмкін.

Егер де мамандық таңдауда келіспеушілік орын алса, білікті мамандардан кеңес алаңыз.

  1. Бала арманының орындалуына барын салып ынталанса, оған сүйеніш болыңыз.

  2. Егер балаңыз таңдауда қателессе,оны жазғырмаңыз. Қатені түзетуге болады.

  3. Егер балаңыздың қандай да бір кәсіпке қызығушылығы ерте ояна бастаса, оны үйірмелерге беріп, әдебиеттермен білімділігін қолдап отырыңыз.

  4. Есіңізде ұстаңыз, кәмілетке толған, өзінің тағдауына жауап бере алатын адам, ақырғы шешеімді баланың өзі жасауы керек!

Ата-аналар назарына!

  1. Емтихан алдында баланың алаңдаушылығын күшейтпеңіз - бұл тестілеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Ата-ананың толғанысы үнемі балаға беріледі, сондықтан дәл сын сағатта ата-аналар өздерінің эмоцияларына ерік бермей, қолда ұстаса, бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзін ұстай алмай қалуы ықтимал. 3. Баланы жігерлендіріп отырыңыз, бір нәрсені жақсы істесе ол үшін міндетті түрде мақтап отырыңыз. 4. Олардың өзіне деген сенімін арттыруға көмектесіңіз, өйткені бала сәтсіздіктен қорыққан сайын, оның қате жіберу қаупі арта береді. 5. Баланың денсаулығын бақылап жүріңіз. Баланың шаршауына байланысты жағдайының нашарлағандығын уақтылы байқап, оны болдырмау Сізден басқаның қолынан келмейді. 6. Баланың дайындалу режімін бақылаңыз, өзін асыра жүктеп жіберуіне жол бермеңіз, дайындығын міндетті түрде демалыспен кезектестіру қажеттігін түсіндіріңіз. 7. Үйде дайындалуға арналған жайлы орын бөліп беріңіз. Үй ішіндегілер оған кедергі жасамауына көңіл аударыңыз. 8. Баланың не жеп жүргеніне көңіл бөліңіз: қарқынды ой жүктемелері кезінде оған нәрлі және әртүрлі тамақ, дәрумендердің балансқа келтірілген кешені қажет. Балық, ірімшік, жаңғақ, кептірілген өрік сияқты тағамдар мидың жұмысын күшейтеді. 9. Балаға дайындық тақырыптарын күндерге бөлуге көмектесіңіз. 10. Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалды түгелімен жаттаудың еш қажеттігі жоқ, материалдың негізгі тұстарын шолып, оның мәні мен логикасын ұғып алса жеткілікті. Оқылып жатқан материалдарды жоспар бойынша реттей отырып, сызбалық көшірмелер мен кестелер жасап алған өте пайдалы. Егер бала білмесе, оны іс жүзінде қалай істеуге болатындығын көрсетіңіз. Негізгі формулалар мен анықтамаларды парақтарға жазып алып, жазу үстелінің, кереуетінің үстіне, асханаға, т.б. жерлерге іліп қоюға болады. 11. Пән бойынша тестілік тапсырмалардың әртүрлі нұсқаларын дайындап қойыңыз (қазір түрлі тестілік тапсырмалардың жинақтары толып жатыр). Баланы тестілеуге дайындаудың мәні зор, өйткені оның әдеттегі жазба және ауызша емтихандардан айырмашылығы көп. 12. Баланы тестілік тапсырмалар бойынша дайындық кезінде алдын-ала уақыт мәселесін естен шығармауға, оны тиімді жұмсай білуге үйретіңіз. Сонда бала да тестілеудің бүкіл уақытында өзін жұмысқа жұмылдыруға үйренеді, бұл балаға сенім ұялатып, орынсыз алаңдаушылықты болдырмауға ықпал етеді. Бала сағат тақпайтын болса, емтиханға міндетті түрде сағат тағып барсын. 13. Емтиханның алдында баланың жақсылап демалуын қамтамасыз етіңіз, ол әбден тынығып, ұйқысы қанып тұруға тиіс.-



© 2010-2022