Етістіктің түрленуін қайталау (7-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуін қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың етістіктің түрленуі тақырыбы бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау. Дамытушылық: Оқушының ақыл-ойын, білімге ынтасын оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан дамыту; Тәрбиелік: Сауаттылыққа, білімділікке, еңбексүйгіштікке баулу. Сабақтың түрі: Қайталау, нәтиже сабақ. Сабақтың әдісі: Топтау, венн диаграммасы, модуль құру. Көрнекіліктер: Плакаттар, сызба, буклет. Сабақтың барысы: І Оқушылардың сабаққа дайын...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі - 7 «А» класс

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуін қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың етістіктің түрленуі тақырыбы бойынша алған білімдеріне

қорытынды жасау.

Дамытушылық: Оқушының ақыл-ойын, білімге ынтасын оқу мен жазу арқылы сыни

тұрғыдан дамыту;

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, білімділікке, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау, нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтау, венн диаграммасы, модуль құру.

Көрнекіліктер: Плакаттар, сызба, буклет.

Сабақтың барысы:

І Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, қажетті көрнекі құралдармен таныстыру. Оқушыларды үш топқа бөлу.

ІІІ Ой шақыру. Қызығушылығын арттыру. (Жестілік әдіс).

Жест арқылы іс-әрекеттер, қимылдар жасау.

Сұрақтар:

1. Мен не істедім? Күлдіңіз, қолыңызды көтердіңіз, шапалақтадыңыз.

2. Бұны не деп атаймыз?

Іс-әрекет, қимыл.

3. Іс-әрекет, қимылды қазақ тілінде қай сөз табы зерттейді?

Етістік.

4. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Баяндауыш.

IV Мағына ашу.

  1. Үш топ, етістіктің шақтары, етістіктің райлары, әр топ өзінің құрған модулін қорғайды.

Мысалы: 1-ші топ «етістіктің райлары»

2-ші топ - етістіктің шақтары.

3-ші топ - есімше, көсемше.

2. Карточка тапсырмалары.

1. Өлеңді мәнерлеп оқып, есімшелерді тап.

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан,

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Тілін тікен теспеген .

Алабота, теріскен.

Мұрындығы келіскен,

«Шөк» дегенде, «бық» деген,

Шешем үйді жүктеген.

2. Мақал-мәтелдердің ішінен тұйық етістіктерді табу.

1. Атақты бөлу

Шатақты қуу емес.

2. Ерлікті жырлау -

Ерлікке шыңдау.

3. Өлгенді тірілтуде - өнер үлгісі.

3. Жаңылтпаштарды оқып, етістіктерді тап, оларды құрамына қарай талдау.

Шуақтаған боталады

Шуға апарып шудаладым

Шудалаған шудасын

Суға салдым,

Судан алдым,

Суға малдым.

4. Қалау рай етістігінің астын сыз.

Гүлі сұлу орманды

Сусатпағым келеді.

Жүзі жылы жандарды

Құшақтағым келеді.

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұлын

Өзі билеп тұрса игі.

5. Шартты райлы етістігінің астын сыз.

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  1. Тіл тас жарады

Тас жармаса, бас жарады.

  1. Батыр туса - ел ырысы,

Жаңбыр жауса - жер ырысы.

  1. Оқи берсең, көзің ашылады,

Отыра берсең, жалқаулық басынады.

  1. Мәтіннің ішінен жедел өткен шақты тап, құрамына талдау.

Сәдір көгендеп келген жігіттерді ағытып, жайдақ екі-екіден мінгізді. Ер тоқымдарын қолдарына ұстатып қойыпты. Үйге бес жігіт кірсе, далада аттарын ұстап тұрған тағы екі жігіт бар екен. Сонымен алтауын үш атқа мінгестіріп, үш аттың шылбырын бірге түйіп, жетінші жігітке ұстатты да, оларды айдап жүрді.

3. Ойын «Шапшаң ілмек».

Ойын шарты: Әр топ бір сөйлемнен құрайды. Әр сөйлемнің соңғы сөзі етістікке аяқталуы шарт. Бірінші топтың құраған сөйлемнің соңғы сөзі, екінші топтың сөйлемінің басында тұруы керек. Екінші топ, бірінші топтың құраған сөйлемін іліп әкетіп, ойды жалғастыруы керек. Ал, екінші топтың құраған сөйлемін, үшінші тؾп іліп әкетіп ойды жалғастырады. Сонда бір мәтін болад葋.

Мысалы: Сабақтан бір сағатта себепсіз қалмаймын. Қалмаймын да үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындаймын. Орындаймын да жақсы-жаман қылықтарымды ойлаймын. Ойлаймын да ішімнен ұяламын. Ұяламын да түзелуге уәде беремін.

4. Тест сұрақтары. Дұрыс жауаптары мен бағалау шкаласын интерактивті тақта арқылыкөрсету. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

9 -10 = «5»

7 - 8= «4»

1 - 6 = «3»

1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді.

а) 4

ә) 2

б) 3

2. Нақ осы шақты көрсет.

а) Әсел келген.

ә) Әсел келеді.

б) Әсел отыр.

3. Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін шақ түрі.

а) осы шақ

ә) келер шақ

б) өткен шақ

4. Болжалды келер шақтың жұрнағы.

а) ар, ер, р

ә) а, е, и

б) атын, етін, итін

5. Мақсатты келер шақты көрсет.

а) бармақпын

ә) барар

б) барамын

6. Өткен шақтың түрлері нешеге бөлінеді?

а) 4

ә) 2

б)3

7. Рай категориясы нешеге бөлінеді?

а) 3

ә) 4

б)5

8. Ашық райды көрсет.

а) көргім келеді.

ә) көресің

б) сөйлеп отыр

9. Бұйрық райды көрсет.

а) барса игі еді.

ә) Әсел барды.

б) Сен бар.

10. Қалау райдың жасалу жолдары.

а) ған, ген, кен.

ә) ғы, гі, қы, кі.

б) са, се.

5. Ой толғаныс.

а) Венн диаграммасы арқылы етістік пен зат есімді салыстыру.

ә) Топтастыру стратегиясын қолдана отырып, етістікті топтастыру.

6. Сабақты бекіту: Буклет бойынша сөйлеу.

7. Қорытынды: а) Бағалау;

б) Үйге тапсырма беру; ().



© 2010-2022