Қазақ тілі сабағына арналған Шығармашылық тапсырмалар

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 39 ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ҮЛГІДЕГІ ГИМНАЗИЯЛЫҚ СЫНЫПТАРЫ БАР

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ



Қазақ тілі сабағына арналған Шығармашылық тапсырмалар


ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР




Құрастырған: Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы.,

Павлодар қаласының «№39 инновациялық

үлгідегі гимназиялық сыныптары бар

жалпы орта білім беру мектебінің»

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы, 2014 ж


Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар

5- сынып


Таңбалы тастар


Тоғыздағы Талғат Талдықорғандағы тәтесімен тұрады. Талғат таңертең төсегінен тұрып, терезеден таудың табиғатын тамашалады. Түске таман Тамара Талас тауды тамашалап, таңқурай терді. Талас таудан Тамара таңбалы тастарды тапты. Тастарды Тамара Талғаттан тықты. Талғаттан Тамараның тыққан таңбалы тастарын Талғат тез тапты.

(25 бет. «Мөлдір бұлақ» 2008ж №4)

1. Мәтінге сөздік құр. 3 сұрақ жаз.

2. Өз сөзіңмен айтуға тырыс.

3. Бір әріп таңдап, тек қана сол әріптен тұратын сөйлем, мәтін жаз.

4. Осы бір әріптен құралған мәтін қызықтырды ма, өз ойыңды жаз.

Топтық жұмыс

топ

берілген әріп

сөйлем

әңгіме

1 топ

«Б»




2 топ

«А»




3 топ

«Қ»




4 топ

«Ж»





рубрика

критерий

тапсырмаға қойылатын балл

топ

сөздік, сұрақ

сұрақты дұрыс құрастыру

2 балл

әңгімелеу

мәтін сөздерін дұрыс қолдану

2 балл

сөйлем

тек қана бір әріптен басталатын 1 сөйлем құрастыру.

2 балл

әріп

берілген әріптен басталатын әңгімені дұрыс құрастыру

4 балл

барлығы

10 балл


Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар

5- сынып

Логикалық есеп


Бір адам бір күні барлық шаруасын жинақтап, қалаға барады. Ол «Киімдер» дүкенінен өзіне галстук сатып алады, «Жануарлар әлемі» дүкенінен құсына жем сатып алады, шаштаразға барады және банктен жалақысын алып үлгереді. Егер банк тек сейсенбі, жұма, сенбі күндері ғана жұмыс істесе, шаштараз керісінше сенбі күндері жұмыс істемейді. Ал «Жануарлар әлемі» бейсенбі, жұма күндері істемейді екен. Сонда әлгі адам барлық шаруасын қай күні бітірген?

(23 бет. «Мөлдір бұлақ» 2008ж №3)

1. Мәтінге сөздік құр. 3 сұрақ жаз.

2. Өз ойыңды жаз. Өз сөзіңмен айтуға тырыс.

3. Мәтін бойынша қандай мамандық иелерін атай аласың?

4. Шешуін тап.

5. Адам аптаның басқа күні барлық жұмысын аяқтай алатындай етіп мәтінді ауыстыр.

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

жексенбі

Киім

дүкені


Жануарлар әлемі


шаштараз


банк


рубрика

критерий

тапсырмаға қойылатын балл

топ

сөздік, сұрақ

сұрақты дұрыс құрастыру

2 балл

әңгімелеу

мәтін сөздерін дұрыс қолдану

2 балл

мамандық

шешуін табу, мамандық иелерін атау

2 балл

Басқа апта күні

басқа апта күніне мәтінді ауыстырып жазу

4 балл

барлығы

10 балл

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

5-сынып

Кітап


Кітаптың негізгі шикізаты ағаш. Бір ағаш толық өсіп жетілу үшін ондаған жылды қажет етеді. 1 тонна қағаз шығару үшін сегіз тал ағаш кесіледі. Өндірілген қағаздың 75 пайызы кітап, журнал-газетке материал болса, 25 пайызы қатырма қағаздарға, қабырға қағаздарға, ақ парақтарға бөлінеді.Мына мәліметке қарасақ:

Түрі

1940жылы

1987жылы

2007жылы

Кітап

15000

36000

13500000

Газет

2000

5000

100000

журнал

150

520

101000

1.Кесте бойынша әңгімеле.

2. Мәліметті толықтыр.

3. «Кітап» туралы не білесің? ассоциация

4. Кітап қалай дайындалады? Бос торкөзге нөмірлеп қой.

КІТАП

Баспа кітапты бастыруға дайындайды.

Фабрикаға әкеледі.

Баспахана кітапты басып шығарады.

Авторлар кітап жазады.

Орманнан ағаш кеседі.

Суретшілер кітаптың суретін салады.

Фабрикада қағаз жасайды.

рубрика

критерий

тапсырмаға қойылатын балл

топ

әңгіме

Кесте бойынша әңгімелеу

2 балл

мәлімет

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

2 балл

кітап

ассоциация

2 балл

торкөз

Кітап қалай дайындалады? дұрыс нөмірлеу

4 балл

барлығы

10 балл


ДҰРЫС ЖАУАП:

КІТАП

1

2

3

4

5

6

7

Орманнан ағаш кеседі.

Фабрикаға әкеледі.

Фабрикада қағаз жасайды.

Авторлар кітап жазады.

Баспа кітапты бастыруға дайындайды.

Суретшілер кітаптың суретін салады.

Баспахана кітапты басып шығарады.

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту

5 -сынып

Түлкі мен ешкі


Бір түлкі секіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Апаннан әрең шығады. Бір кезде шөп іздеп жүрген ешкі түлкіні көріп:

  • Ей, түлкі батыр, неге тұрсың?

  • Ой, не қыласың, шаршап тұрмын. Апанда әрі шөлдеп, әрі ыстықтадым. Ал апанның іші салқын. Түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті.

Ешкі: «Мен де ыстықтайын, әрі су ішейін» -деп ойлап, апанға жүгіріп түсіпті. Сонда ешкі секіріп түлкінің үстіне мінеді. Одан басына шығады. Одан ырғып суға шығып, жөніне кетіпті.


  1. Мәтіннен қате жазылған сөздерді тап.

  2. Жіктік жалғауын анықта.

  3. Антонимі бар сөздерді анықта.


рубрика

критерий

тапсырмаға қойылатын балл

топ

Қате сөздер

Мәтін мазмұнына сай келмейтін сөздердің астын сызу.

2 балл

Жіктік жалғауы

Мәтіннен жіктік жалғауын тауып, қай жақта тұрғанын анықтау.

2 балл

Әңгімелеу

Ертегіні түпнұсқасына сай әңгімелеу

4 балл

барлығы

8 балл


Сабақтың тақырыбы: Пайдалы кеңестер

5 - сынып


Шай құю


Қонаққа шайды қалай құйған жөн?

Қонаққа шайды бабымен құйған жөн. «Самаурын суымай, шай суымай» немесе «Самаурынның ызыңын кетірмей, шайдың қызылын кетірмей» дегенде қайнаған суды, қою шайды айтса керек. Шайды ернеуі бүтін шыныға құяды. Қонаққа кетік, шытынаған шыны, табақ майысқан қасық, сынған шанышқы ұсынуға болмайды. Шай құйылған шынының бүтіндігі, тазалығы былай тұрсын, ернеуінде шама немесе қаймақ жабысып жүрмеуге тиіс. Шай құйылған шыныны қонақтарға ұзату үшін үй ішінен арнайы бір адам отырады. Ол адам қонақтың тілегін орындап, кеселердің бос қалмауын қадағалайды. Кей аймақта кесені сол қолымен берсе де көңіліне алып қалады.

(17 бет. «Мөлдір бұлақ» 2008ж №6)


  1. Мәтінге сөздік құр. 3 сұрақ жаз.

  2. Өз ойыңды жаз. Өз сөзіңмен айтуға тырыс.

  3. Қандай тәрбиелік мәні бар?

  4. Шай құю дәстүрін білесің бе? Айтып бер.

  5. Кестені толтыр:

Шай құйғанда

Не істеуге болады?

Не істеуге болмайды?



рубрика

критерий

тапсырмаға қойылатын балл

топ

сөздік, сұрақ

сұрақты дұрыс құрастыру

2 балл

әңгімелеу

мәтін сөздерін дұрыс қолдану

2 балл

кестені толтыру

сөйлемдерінің дұрыстығы

2 балл

тәрбие

тәрбиелік мәнін айту

4 балл

барлығы

10 балл


Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз

5 - сынып

Кесте бойынша әңгіме құрастыр.

«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» (№12 2007ж 70 бет).

Түркістан

Қызылорда

Алматы

Астана

сұрақ

Ахмет Йассауи

Байқоңыр

Медеу мұз айдыны

Бәйтерек

Бұл қала несімен танымал?

1500

1925-1929

1929-1997

1997

ҚР астанасы қай жылдары болды?

оңтүстік

оңтүстік

оңтүстік-шығыс

солтүстік

ҚР астанасы қай жерде орналасқан?

Шабғар

Ақмешіт

Верный

Целиноград

Қаланың бұрынғы атауы қандай?

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту

5- сынып


Үй жануарлары мен хайуанаттар


Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үй маңайында тіршілік етеді. Сол үшін ол үй жануарлары мен хайуанаттары деп аталады. Олар адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, арба, шанаға жігеді. Сүтінең қымыз ашытады. Семіртіп соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады.

Түйеге жүк артады, оның жабағы жүні жылы киім болады, сатса ақша болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит малды қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Тигізген пайдасы үшін адам олар асырайды, бағады, қыстыгүні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды.

Міржақып Дулатов (158 бет) шығармалар жинағы

1. Мінездеме бер:

жылқы

түйе

қой


үй жануары

хайуанат


2. Етістіктерді теріп, сөйлемдерді жазыңдар.

3. Тәуелдік жалғауларын анықта.

рубрика

критерий

тапсырмаға қойылатын балл

топ

2 балл

2 балл

2 балл

4 балл

барлығы

10 балл

Пайдаланған әдебиеттер:

«Мөлдір бұлақ» 2008ж №3 23 бет. №4 25 бет. №6 17 бет.

«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» №12 2007ж 70 бет


© 2010-2022