Қазақ әдебиеті пәнінен Ақберен жүйрік жырау – Қашаған Күржіманұлы атты сабағы

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы:10 «А»


Сабақтың тақырыбы: Ақберен жүйрік жырау - Қашаған Күржіманұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақын өмірімен таныса отырып, шығармаларының маңыздылығын таныту, шығарманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу
Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін, өз ойын еркін және жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Көрнекілігі: Суреттер, слайд

Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, топқа бөлу

  1. «Дәстүр» тобы

  2. «Әділет» тобы

  3. «Атамекен» тобы

Топқа байланысты тілек айту.

I.Қызығушылықты ояту.

  1. «Дәстүр» тобына «Ақын» деген кім?

  2. «Әділет» тобы «Жыршы» деген кім?

  3. «Атамекен» тобы «Жырау» деген кім?

Ақын - поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласның маңында туған.Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқметін тартқан.

Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды.

«Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген жерге келеді.

Малшы жігіттердің сілтеуімен Есқали сұпының үйіне келгенде сараңдық пен таяздық танытып алдарын кес-кестей бергендерге ақын:

Жаз болса,мен осы үйге қонбас едім,

Өлеңім,он төрт жастан жолдас едің,

Бай,сұпы,хан-хәкімнен ығар болсаң,

Сен-өлең,мен Қашаған болмас едім.

Осы үйге қона алмасам,маған сын,

Сұпыны шығара алмасаң,саған сын,-

дейді.

Ақын Қашаған Күржіманұлы «Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайды.

Қашаған Күржіманұлы-өз кезеңінің белді ақыны,дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.

Қазақ әдебиеті энциклопедиясында»: «Жыршы - жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен.

Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген.

Балалар, енді мына суретке назар аударайық.

Кім екенін білеміз бе?

Асан қайғы, Қорқыт, Махамбет, Сүйінбай, Қашаған.

Бүгінгі танысатын тақырыбымыз Ақберен жүйрік жырау - Қашаған Күржіманұлы.

Сүйінбай мен Қашаған,

Қара өлеңді матаған.

Атын жаттап балалар

Әлі күнге атаған.

Жамбыл Жабаев

Атырау - алыс бізге жердің түбі,

Қашаған - жүйрік жырау елдің тілі.

Шашқанда күйден көбік Құрманғазы,

Қашаған жырдан төккен маржан дүрді.

Ілияс Жансүгіров

II. Мағынаны тану.

Қазақ әдебиеті оқулығынан Қашағанның өмірі туралы оқып шығайық.

Кім айтады?

I - тапсырма «ДЖИКСО» стратегиясы бойынша оқулықтағы мәтін арқылы өлеңдерінің мазмұнын ашу.

  1. «Дәстүр» тобына қазақтың салт-дәстүрлері мен Қашағанның дәстүрге арнаған өлеңдері туралы айту

  2. «Әділет» тобы Қашағанның байлар мен сопы-молдаларға арнаған өлеңдері туралы айту.

  3. «Атамекен» тобы Қашаған айтысы мен дастандары туралы айту.

«Тойбастар» термесін тыңдату.

II - тапсырма. Кесте арқылы өлеңнің идеясын ашу

  1. «Дәстүр» тобы

  2. «Әділет» тобы

  3. «Атамекен» тобы

Ақынның аты-жөні

Өлеңнің тақырыбы

Идеясы

Қашаған

Тойбастар

Махаббат

Қашаған

«Есқали сұпыға» айтқаны

Әлеуметтік теңсіздік

Қашаған

«Атамекен»

Ерлік

III - тапсырма өлеңдерінен көркемдегіш тәсілдерді табу

Эпитет (грек. epіtheton - қосымша) - заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында "алтын" сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

  • түсті (алтын күз);

  • әдемілікті (алтын қасықтай);

  • құтты мекенді (алтын бесік - туған жер, алтын аймақ);

  • атақ-дәрежені (алтын жаға);

  • қазына-байлықты (алтын сандық);

  • жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады.

Метафора (грек metaphora - ауыстыру) - троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

"Ақын - жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын - от, лаулап жанар аспанға өрлей"

  1. Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым

  2. «Дәстүр» тобына «Тойбастар» өлеңінен эпитет табу.

  3. «Әділет» тобына «Атамекен» өлеңінен теңеуа табу.

  4. «Атамекен» тобы «Атамекен» өлеңінен метафора табу.

Эпитет

Теңеу

Метафора

Періште көңіл, жылы шырай

Өрдей, ебедей, егеудей, еңіреудей, қоғадай, шортандай

Адай деген ел едік,

Абайсыз өскен алшаңым,

Тәксіз өскен тарпаңым.

Слаидта көрсетілген Қашаған туралы мәліметтер туралы айту.

IV-тапсырма. «Білгенге маржан». Қосымша материалда берілген мәтіндер арқылы жаңа ақпараттар беру.

  1. «Дәстүр» тобына

II . «Әділет» тобына

  1. «Атамекен» тобы

V-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Берілген шумақты толықтыр.

………………………………………………………….. жақын жүрмін,

…………………………………………………………..тасып жүрмін.

………………………………………………………….арқасында,

………………………………………………………….. жүрмін.

5 минуттық эссе жазу.

  1. «Дәстүр» тобына «Қашаған және дәстүр»

II . «Әділет» тобына «Шыншылдық және жырау»

  1. «Атамекен» тобы «Қашаған-дастандар тудырған кең өрісті ақын».

  2. Ойтолғаныс.

Еркін жауап

  • 1. Қашан және қай жерде Қашаған Күржіманұлы дүниеге келді.


    2. Ол қандай мемлекеттерде болды? Кіммен кездесті?
    3. Қашаған өз өлеңдерінде не туралы жазды?
    4. Қандай өлеңдерін білесіздер?
    6. Қандай өлең-толғаулар жинақтарын білесіздер?
    8. Қай қаласында Қашағанның намысында ескерткіші орналасқан?

Үйге тапсырма: «Есқали сұпыға» айтқаны өлеңін жаттау

Бағалау

Сабақты қорытындылау.



© 2010-2022