Тік бұрышты проекциялау. Комплексті сызба туралы түсінік

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тік бұрышты проекциялау. Комплексті сызба туралы түсінік.Тік бұрышты проекциялау. Комплексті сызба туралы түсінік.А.Құнанбаев атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебі.





Сызу пәнінің мұғалімі: Уалиев М.





Арқалық қаласы 2013жыл

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты проекциялау. Комплексті сызба туралы түсінік.

Мақсаты: Тік бұрышты проекцияның басқа проекциялардан артықшылығын ашып көрсету.

Дамытушылық: Проекциялар жөніндегі білімдерін жүйелеп, бір арнаға түсіру, әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік: Жұмыс барысында оқушыларды тапсырманы сапалық орындауға, нақтылы, дәл өлшеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Көрнектіліктер: Сызбалар, макет, плакат, интерактивті тақта.

Қолданылған әдебиеттер: Сызу 9 сынып Ж.Есмұханов, черчение В.Виноградов.

Пән аралық байланыс: Технология, геометрия, бейнелеу өнері.

Сабақтың құрылымы:

А. Ұйымдастыру кезеңі

Б. Өткен сабақты тексеру

В. Жаңа сабақ барысы

Г. Жаңа сабақты бекіту

Д. Сабақты қорытындылау

Е. Үйге тапсырма

А. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру

  2. Сызуға арналған құрал-саймандарын тексеру

Б. Өткен сабақты тексеру:

1.Үйге берілген графикалық жұмыстарды жинап алу

2. Фронталь,горизонталь,профиль жазықтықтарын көрсету

3. Олардағы проекциялар қалай аталады?

4. Байланыс сызығының мәні,рөлі қандай?

В. Жаңа сабақтың барысы:

Бір нәрсенің(детальдің) жан-жақты көріністерін алу үшін француз оқымыстысы Таспар Монж үш жақты өзара перпендикуляр жазықтықтарды пайдаланған. Оларды фронталь V, горизонталь Н, профиль W жазықтықтары деп атау бекітілген.

Проекцияланатын бөлшекті осы жазықтықтардың ортасына орналастырып,әр жазықтыққа жеке-жеке тік бұрышпен проекциялаушы сәулелер түсіреміз. Әр жазықтыққа түскен проекциялар тиісінше- фронталь проекциясы, горизонталь проекциясы, профиль проекциясы деп аталады. 1 сурет

Нәрсенің проекциясын сызған кезде байланыс сызықтарының орны ерекше. Себебі кезекті проекция алдыңғы сызылған проекциямен проекциялық байланыста бояуы керек. Байланыс сызықтарын жіңішке тұтас сызықпен сызады. Қол сызуға дағдыланып, үйренген соң, байланыс сызықтарының орнын сақтай отырып, оны сызбауға болады. Ал, проекцияның өзін негізгі жуан сызықпен сызу керек. 2 сурет

Дайын сызбаны тексеріп, өлшемдерін анықтап, проекциялық байланыстарын қарап шығу керек. Форматтың негізгі жазуын толықтырып, масштабын, тапсырманың атын, барлық графаларды толтыру шарт.3 сурет

Г. 1.Проекция дегеніміз не?

2.Тік бұрышты проекцияның артықшылығын көрсет.

3.Байланыс сызығының рөлі қандай?

Д. Жұмыстарды бағалау, қорытынды.

Е. Үйге тапсырма

1. Заттың аксонометриялық проекциясына қарай отырып, үш проекциясын сызу.



© 2010-2022