Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімдері.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларға ата-бабаларымыздың асыл

қазыналарының бірі-халқымыздыңкиімдері

туралы,олардың қасиеттеріне,мағынасына

тоқталып,мағлұматтар беру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаны қалыптастыру да дүниетанымын

кеңейтіп, біліктілік-іскерлік дағдыларын

шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Іздемпаздыққа,шығармашылыққа,ептілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылығын ояту фазасында ассоциация стратегиясы қолданылады. Мақсаты: киімдер туралы біліміне ой салып,сабаққа бейімдеу.

шалбар камзол шапан

Қазақтың ұлттық киімдері

тақия кимешек

етік сәукеле көйлек

Ассоциациялап болған соң, ерлер және әйелдер киімдері топтастырылады.

Мағынаны тану фазасында ЖИГСО стратегиясы қолданылады. Мақсаты: білімдерін кеңейтіп,ұжыммен талдай білуге баулу.Класқа жетондар (камзол,шапан) таратылып,класты екі топқа бөлеміз.Екі топқа әйел киімдері,ерлер киімдері туралы мәтіндер таратылады.Мәтінді оқуға 10 минут беріледі.

І топ Қазақтың ұлттық киімдері,қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге келе жатқан бай қазына.Ерте заманнан өзінің қадір-қасиетін жоймай,қолөнердің озық үлгісі ретінде ыңғайлылығымен де әлі күнге дейін халық арасында кеңінен қолданып келеді.Той-томалақ,келін түсіру,Наурыз мерекесі,театр сахналарында тіпті ауылдың үлкен кісілері әлі де күнделікті тұрмыста киіп жүреді. Әйел киімдерінің әр ел түрлі үлгілері мен әр алуан атаулары бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек,тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар.Әйел киімдері әшекей,ажар жағынан салты бойынша төрт топқа арналып тігілген.Олар қыз киімдері,келіншек киімдері,орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы.Қыздардың киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға жеңдері кестелі, көйлектері қосетекті, бас киімдері үкілі,моншақты,аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын,күміс меруерт моншақтарымен әшекейленеді.Солардың бірі қазақтың ұлттық камзолы.Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)

Камзол жеңіл киім,оны дене мүсініні сай етіп,жеңді,жеңсіз етіп тігеді. Мықты, ашық түсті матадан,барқыттан астар салынады.Жас қыздар ашық түсті камзол кисе,орта жастағы және кәрі кісілер солғын түсті камзолды дұрыс көрген.Шаруасы орта отбасындағы әйелдердің өзінің ою-өрнекпен кестеленген ұлттық нақыштағы бай тігілген камзолдары болған.Мұндай камзол өте салтанатты көрінеді,оларды көбінесе мереке кезінде,той-томалақта және салтанатты думандарда киеді.

ІІ топ Еркек киімдерінің ең қымбаттысы - аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген. Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.Шапан:сырмалы шапан,қаптал шапан,қималы шапан деп бөлінеді.Қазіргі кезде түрлі-түрлі масатыдан екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай шапандар сатылады. Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11-12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері,таңлықтары,мойын терілері бөлек алынады,яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағықынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.Бейнелеу өнері сабағынан жоспар Қазақ халқының ұлттық киімдері (6 класс)

Оқушыларды уақыттары болған соң, жанұяларына қайтарып ақпараттар алмасуға жұппен-3 минут, топпен 5 минут беріледі. Кестені толтырамыз

Негізгі түсінік

Қосымша түсінік

Әр топтан бір оқушыдан шығып, түсіндіреді. Жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы сабақты бекітуге болады.

ІІІ Ой толғаныс фазасында «Қабырға газеті, галлереяға саяхат» стратегиялары қолданылады. Мақсаты: Алған мәліметтерің пысықтау. Топ басшылары оқушыларды бағалайды. Сабақ аяқталды.



© 2010-2022