Оқу сапасын арттырудағы тәжірибемдегі өзгеріс

2013-2014 оқу жылы  Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың   деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгейді аяқтаған болатынмын. Оқуды аяқтаған соң жұмысқа кіріскеннен бері мектебімде, сыныбымда әжептәуір өзгерістер болды. Соның ішінде оқушылардың оқу сапасы. Топтық оқыту жұмыстары қазіргі күнде балаларға көптеген мүмкіндіктер беруде. Оқушылардың сабаққа деген көзқарастары өзгерді. Сыныбымда оқу сапасы көтерілді. Оқушылар топ ішінде  ынтымақтастықта жұмыс а...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәжірибемдегі өзгеріс

«Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»

Ахмет Байтұрсынов.

Ұстаз өзінің алдындағы шәкірттерінің жүректерінен жол таба білу үшін және олардың өз пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін әрқашанда ізденісте болу керек. Қазіргі талаптың басты міндеті - педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып табылады.

Біз оқып клген курс мақсаты - мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де,оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс.

Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. .

Оқуды аяқтап келгеннен кейін жұмысымда өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз - жаңа тәсілдер. Соның бірі-тренинг сабағымның жоғары дәрежеде өтуіне үлкен көмегін тигізді деп ойлаймын. Сабақ бастамас бұрын тренинг өткізу оқушыларға жағымды, оң әсер етумен қатар оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастық қалыптастыруда оң нәтижесін берді деуге болады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, мұқият тыңдап, бір-біріне рахмет айтуды да ұмытқан жоқ. Өткізген тренингтер сабағымның жақсы көңіл-күйде басталуына, ортасында ұйымдастырғанда сабаққа деген ынтасының артуына, соңында жақсы көңіл күйде тарауына үлкен ықпалын тигізді. Оқу сапасын арттырудағы тәжірибемдегі өзгеріс

Топтық жұмысқа барлығы бірдей кірісіп кеткен жоқ. Алғашында жарыс ретінде қабылдады. Топқа бөлініп жұмыс істеген оқушыларға өте ұнады. Себебі, топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырды. ұйымшылдыққа тәрбиеледі, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасады. Сонымен бірге топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға, ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. Сынып топ ережесін құрды. Өздерімен бірге құрылған ережені әр сабақ басында естеріне салып отырдым. Уақыт өте оқушыларға бұл ережені еске салудың қажеттігі де болмады, өйткені, оларға топта жұмыс істеудің ұнағандығы сонша өздері бір- біріне ұсыныс ретінде кеңес беріп отырды. Сабақты бастамас бұрын үнемі әр топ өзіне көшбасшы сайлап, спикер, тайм-спикерлерін сайлап отырды. Топық жұмыспен қатар сабақта жұптық жұмыстар да жүргізілді. Жұптық жұмыс тиімді жүру үшін оқушыларға партаға отырғанда төмен үлгеретіндермен бірге "Достық көмек" ретінде орташа, жақсы оқитын оқушылардың отырулары керектігін әуел бастан ескертіп қойылды. Менің жетекшілік ететін 3"В" сыныбымның деңгейі орташа деуге болады. Себебі, сыныптың 50% орташа үлгереді. Бұл сыныппен биыл екінші жыл жұмыс жасап келемін. Сыныптың деңгейінің төмендігі соншалық, алғашқыда үш бірдей үлгермеуші болды. Білім сапасы алғашқы жылы 32%-дай ғана болатын болса, биылғы оқу жылының аяғында 56% жетті.Оқу сапасын арттырудағы тәжірибемдегі өзгерісОқу сапасын арттырудағы тәжірибемдегі өзгеріс

Жаңа сабақты меңгертуде де оң өзгерістер болды. Әр сабаққа мақсат құрып, күтілетін нәтижені анықтап, олардың сабақ барысында не арқылы бағаланатынын көрсетіп отырдым. Оқу сапасын арттырудағы тәжірибемдегі өзгеріс

Сабақ барысында оқушылар оқытуда өзінің оқу материалдарын қаншалықты меңгергенін қорытындылап отыру үшін үнемі формативті бағалау жүргізілді. Формативті бағалау оқушыларға қателерін түзей отырып, оқытуға көмектесуі мүмкін, не маңызды екенін түсінуге көмектесуі мүмкін, нені есте сақтауға көмектесуі мүмкін, білмегендерін үйренуге көмектесуі мүмкін. Бағалау мақсаты - оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткенін көрсететін кері байланыс, болжау және сұрыптау, стандарттарды бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының бақылау және білім беру стилін бақылау, яғни оқушының сұрақтарға берген жауаптарын бақылау. Бұл

айтылғандар оқытуды жақсарту үшін қажет болып табылады.Оқу сапасын арттырудағы тәжірибемдегі өзгеріс

Әр сабақты өткізу барысында жеті модульді ықпалдастыра өткізуге тырыстым. Оқушы нәтижесіне жұмысымды бағыттадым.Әрине, оқушылар көп өзгерді деп нақты айта аламын. Оның бірден - бір дәлелі: оқушыларым бір-бірімен байланыс орнатуға, талқылауға, ойларын еркін жеткізге, өз-өздерін реттеуге, бірін-бірі бағалауға, бойларындағы басқарушылық сезім мен өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамуытуға үйренді. Жыл соңында орташа үлгеретін оқушылардың екпінділер қатарына қосылуы, білім сапасының 32%-дан 56%-ға артуы өзгерістің болғанының бірден-бір дәлелі деп ойлаймын. Оқу сапасын арттырудағы тәжірибемдегі өзгеріс

Өз басым оқушылардың пікірін назарға алу, сыни ойлауға үйретуге, логикалық ойлауға ықпал ету, оқушылардың деңгейіне қарап, тапсырмаларды түрлендіруді, бағалау түрлерін пайдалануды үйренсем,.

Жаңаша меңгерген әдіс-тәсілдерім әлі де келешекте сыныбымның білім деңгейін жақсартуға үлкен әсерін тигізетініне сенімім мол.



© 2010-2022