Сабақтың тақырыбы: Қазақ халық қолөнерлері мен шеберлері

Сабақтың мақсаты:  a)      Білімділігі:    оқушыларды қазақ халқының қолөнерімен таныстыру, мағлұмат беру. Қолөнер түрлерімен таныстыру. b)      Дамытушылығы:             оқушылардың ынтасын, шеберлігін, ой-өрісін, қиялын дамытып, шығармашылық жұмыс жасауға ықпал жасау. c)      Тәрбиелігі:                оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, сабырлыққа, халық өнерін қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:  бейнелеу өнері оқулығы, журнал, әдістеме құралы, қолөнер бұйымдары, интерактивтік тақта. Түрі:            Аралас сабақ Әдісі:          Түсіндіру, таныстыру, үйрету Пәнаралық байланыс:    Тарих, еңбекке баулы, сызу
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

12.04.2014 Бейнелеу өнері

6 «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: қазақ халық қолөнерлері мен шеберлері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: оқушыларды қазақ халқының қолөнерімен таныстыру, мағлұмат беру. Қолөнер түрлерімен таныстыру.

  2. Дамытушылығы: оқушылардың ынтасын, шеберлігін, ой-өрісін, қиялын дамытып, шығармашылық жұмыс жасауға ықпал жасау.

  3. Тәрбиелігі: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, сабырлыққа, халық өнерін қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бейнелеу өнері оқулығы, журнал, әдістеме құралы, қолөнер бұйымдары, интерактивтік тақта.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, таныстыру, үйрету

Пәнаралық байланыс: Тарих, еңбекке баулы, сызу

Сабаққа керекті құрал - жабдықтары: Сурет дәптері, қарындаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, түрлі-түсті қағаз, мата, қайшы, желім, фальга, ермексаз.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабақтың мақсатын баяндау. Оқушыларды өзіне қарату.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: Суреттерін тексеру, бағалау.

  3. Уй тапсырмасын бекіту:

  1. Керамика деген не? Ол қандай материалдардан жасалынады? Керамика қай кезден бастап дамыған? Қазақстанда қай облыста керамика заводы бар? Керамикадан қандай бұйымдар шығарады? Керамиканың жасалу технологиясын түсіндір! Керамикалық бұйымдардың сыртқы қабаты неліктен жыльыр болады? Түсіндір! Осы сабақтан нені түсіндің? Сабақ қызықты ма?

  2. Cөзжұмбақ шешу:

  1. Қымыз құятын ыдыс (тостаған)

  2. Тостаған неден жасалынады? (ағаш)

  3. Ас салатын ыдыс (астау)

  4. Ұлттық қолөнер бұйымдарында кездесетін сәнді әшекей (ою)

  5. Ағаштан буйым жасайтын адам (шебер)

  6. Биенің сүтінен жасалатын тағам (қымыз)

  7. Сүт, қымыз құятын құрал (ожау)

  8. Киіз үйдің негізгі бөлігі (шаңырақ)

  9. Келіге салатын дәнді дақыл (тары)

  1. Жаңа сабақты меңгеру: Кіріспе. Қолөнер дүние сұлулығын тануға бағытталып, сол әдеміліктің құпия сырын безендіру мен бедерлеу арқылы санамызға сіңіріп, жүрегімізге құятын таңғажайып өнер. Ұлтымыздың қолөнері - сан ғасырлар керуенін артқа тастап, өмірдің өзімен бірге дамып, гүлденіп келе жатқан төл мәдениетініміздің қайнар бұлағы. Атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұрамыз.

Сәндік бұйымдар халық қолөнерінің туындылары болып саналады. Қолөнер бұйымдарын көркем эстетикалық талғаммен, нақышына келтіріп орнатып, әшекейлеп шығаратын адамдарды қолөнер шеберлері деп атайды.

Әр істің өз шеберлері болады: кестеші, тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы т.б.

Қолөнер шеберлері немен айналысады?

  1. Оюшы - ою-өрнек түрлерін төгетін адам.

  2. Ағаш шебері - ағаштан түйін түйетін, оны өңдейтін, қырлап, сәндеп, қажетті бұйымдарды жасайтын адам.

  3. Ұста - темірді төске қойып иіп, одан адам таңғалатындай дүниелер соғатын адамдарды айтады.

  4. Зергер - әр түрлі металдардан, әсем тастардан сыңғырлатып әшекей, сәндік бұйымдар жасайтын адам.

Хас шеберлер жануарлардың сүйектерінен өрнектерді ойып, жиһаздарды әшекейлеген, мүйіздерінен мылтықтың құндағын, пышақтың сабын, ертұрманды әшекейлеген. Жүннен - кілем, сырмақ, алаша, текемет т.б. бұйымдар, былғарыдан - ер-тоқым, баскиім, тұлып, ыдыс-аяқ, ағаштан ыдыстар мен жиһаздар дайындаған.

Есіңе сақта! Ұлттық ыдыстардың атаулары: тегене, торсық, шөміш, ожау, ағаш қасық, саба, күбі, астау, табақ, самаурын, шайнек, кесе т.б.

Батырдың бес каруы: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

  1. Сабақты бекіту: Біз, балалар бүгінгі сабағымызда қазақ халқының қолөнерімен таныстық. Сендерге сабақ ұнады ма? Қандай қолөнер шеберлерін білесің? Тақтаға шеберлердің қызметтерін жаз! Шеберлер немен шұғылданады?

  2. Сабақты қорытындылау: қорытындылай келгенде қолөнер атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың асыл мұрасы екен. Соңында жұмыстарын тексеріп, бағалау.

  3. Үйге тапсырма: оқү, түсінік айту. Зергерлік бұйымдар.

  4. Бағалау:

  1. Адамбек E - 5

  2. Жанаева Н - 5

  3. Қуандықов - 4

  4. Түменбаева T - 4



© 2010-2022