Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2015-2016 оқу жылы

Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 5 сынып

№1

Бөлімі: Өнер туындыларын қабыдау

Сабақтың тақырыбы: Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу

Мақсаты:а) білімділік: Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Кіріспеде, бейнелеу өнері сабағының тиімділігі туралы айтылады.

Бейнелеу өнерінің бастауы мен тарихы туралы түсіндіру.

б) дамытушылық: Логикалық ойлау есте сақтау, шығармашылық қабілетін дамыту.

в) тәрбиелік: Эстетикалыққа, шыдамдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану,әдебиет.

Көрнекілік: Слайд, суреттер.

Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, танысу сабағы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.

Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

А) Қайшымен, желіммен жұмыс кезінде ТҚЕ сақтау керектігін ескерту.

В) Бояулармен жұмыс кезінде ТҚЕ сақтау туралы айту.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе.

Қолыңдағы «Бейнелеу өнері» оқулығы сенің өнер жолындағы талпыныс, ізленісіңе жол көрсетеді. Әдеттегі нәрседен әсемдік таба білуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау қабілетіңді дамытып, шығармашылықпен жұмыс жасау жолына жетелейді.

Сурет тарихы - бұл адам тарихы және оның қоршаған ортаны тануына, өзін-өзі толығымен танып білуіне, эстетикалық тәрбие алуына,сонымен қатар ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер. Көне дәуір кезеңдеріңде адам баласы қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын топыраққа,балшыққа, тасқа түсіріп бейнеледі.Сол арқылы табиғаттың сұлулығын ұқты, жан-жануарлардың әрекетін, мінез-құлқын зерттеді. Жартастарға, үңгірлерге қашап салынған суреттер бірі- Камбаралье үңгіріндегі мамонтың бейнесі. 1-сурет

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сыныпСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сыныпСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

Сонымен қатар археолог Марселино саутуоланың Альтамира үңгірінен тапқан ертегі өнер жауһарларын жатқызуға болады.Осы үңгірлерде салынған хайуанат суреттері бұдан 40 мың жыл бұрын салынған екен,қазіргі заманға жеткен ең көне сурет болып табылады.

« Өнер дегеніміз - көркем образ арқылы ойлау».

В. Белинский

Өнердің бастауы;

1) Жартастарда салынған суреттер.

2) Үңгір қабырғаларында салынған суреттерСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

Жартас бетіне салынған Бұғылар. Үңгірлердегі кескіндеме

күн басты адам бейнесі Ласко үңгірі. Франция.

Үңгір қабырғалары мен жартастарға салынған суреттер -петроглифтер деп аталды.

Петроглиф - «грек. petro - тас, грек. poliphe - қашалған» деген сөзі.

Аңшының петроглифтерді бейнеу мақсаты неде?

Мамонт, арқар және жабайы жылқыны бейнелегенде аңшы сол жануарларды атып, олжаға кенелгендей, мұны сәттілікке жорыған

Аңшының құралдары; қырғыш, пышақ, кескіш, сына және тескіштер, т.б.

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

Қазақстан аумағындағы жартастардағы ғажайып ескерткіштер.

Қазақстан жерінде -10 000жуық сурет кескіндер табылған.

Бұл суреттер;. Қаратаудағы Арпаөзен, Жетісу өңіріндегі Таңбалы мен Ешкіөлмес, Алтай аймағы, Шағантоғай, т.б. жерлерден кездеседі.

Күнбасты құд

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сыныпСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сыныпСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

«Таңбалытас» шатқалы жартастарындағы петроглифтері.

Есік қорғанынан табылған әлемді тамсандырған «Алтын киімді адам». Бұл жәдігер б.з.б 5 ғасырда дүниеге келген. «Алтын адам» - 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында - сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында " жасалған.

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

Есік Алтын адамы 1000 теңгелік алтын мәнеттегі Алтын адамның бейнесі Пошта маркасы

ІҮ. Сарамандық жұмысы.

Петрогливтердің суретін салау алгоритмі.

1-кезең. Нүктелеп аңның пішінін келтір.

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

2-кезең. Нүктелерді жарық- көлеңкесіне қарай жиілет .

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

3 кезең. Аңның толық пішінін бейнеле және ортасын боя.

Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сыныпСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сыныпСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сыныпСурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып Сурет тарихынан қысқаша мәлімет. Жартастағы суреттерді бейнелеу 5сынып

Ү.Сабақты бекіту.

1. Өнер дегеніміз не?

2. Жартастармен үңгірлерде салынған суретте не бейнеленді және оны салудағы мақсаты

не?

3. Үңгірлерде, жартастарда салынған суреттер қалай аталды?

4. Осы суреттер қай жерлерден табылған?

ҮІ. Үйге тапсырма беру. 4-9 бет оқу. Суретті аяқтау

ҮІІ. Бағалау.

Пән мұғалімі:Байсенгирова Ж.Б



© 2010-2022