Ертегілер еліне саяхат (5 сынып)

Сабақтың  тақырыбы: Ақпараттық  технологияны  пайдалана  отырып,  бейне  көріністер  арқылы  ертегілер  әлеміне  саяхат  жасау   Сабақтың  тақырыбы:              Түрлі  түсті  бояулар  арқылы  ертегінің  қыр – сырын  ашу,  оқушының  ой - өрісін  дамыту   а) білімділігі:                              оқушыны  ойландыра  білу,  дүниені  тани  білу,  қыл  қалам  арқылы  ой - өрісін  жеткізе  білу   ә)  тәрбиелігі:                             оқушылардың  ертегіге  деген  қызығушылығы  мен  сүйіспен...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы орта мектебі







Ертегілер еліне саяхат (5 сынып)










Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат

Өткізген: Сахаев Руслан

























2015 жыл



Сабақтың тақырыбы:

Ақпараттық технологияны пайдалана отырып, бейне көріністер арқылы ертегілер әлеміне саяхат жасау


Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті бояулар арқылы ертегінің

қыр - сырын ашу, оқушының ой - өрісін дамыту

а) білімділігі: оқушыны ойландыра білу, дүниені тани білу, қыл қалам арқылы ой - өрісін жеткізе білу

ә) тәрбиелігі: оқушылардың ертегіге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық талғамын, сол пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) дамытушылығы: ертегі кейіпкерлері мен ондағы оқиғаны көз алдына елестете отырып ертегі мазмұнын иллюстрациялай білу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: топтық жарыс сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: 1. Иллюстрациялық суреттер.

  1. Мультимедия

  2. Түрлі - түсті қағаз, акварель бояулары, табиғи материалдар

  3. Магнитафон


Сабақтың жоспары:


І топ: Топтың аты «Кемпірқосақ»

Тапсырма: Мультимедия арқылы ертегілерден үзінділер көрсетіледі.

Бұл суретте қай ертегі бейнеленген?

ІІ топ: Топтың аты «Колорит»

Таблодан жасырын суретті тап.

ІІІ топ: Топтың аты «Шеберлер»

Сабақтың барысы:


1). Ұйымдастыру бөлімі

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу, топ аты, төсбелгісін тағайындау

Жаңа сабақ


Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ертегілер көрінісін бейнелеу үлгілері туралы түсінік беру

Иллюстрация дегеніміз - ертегі мазмұнына арналып салынған сурет

Ертегінің мазмұнына арнап илюстрация жасағанда төмендегі талаптар ескеріледі


  1. Ертегідегі басты кейіпкердің бет бейнесін айқындау және оны жеке парақтарға жобалап іздену

  2. Ертегі ішінде ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністер жасау. Әр түрлі жағдайда түрлі жобалық суреттер салу

  3. Әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріністерін бір жүйеге келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру қажет

  4. Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнын ашуға ықпал жасауы керек. Оның түрлі түсті бояулары ашық - жарқын болуға тиіс.

І топ: Акварель бояуымен «Бауырсақ» ертегісін бейнелеп, аяқтау

ІІ топ: Түрлі түсті қағаздармен аппликация құрастыру

ІІІ топ: Табиғи нәрселермен шеберліктерін таныту

ІҮ топ: Деңгейлік тапсырмаларды орындау


  1. Топпен жұмыс. Ертегінің мазмұнын ашу

  2. Әр түрлі материалдарға сурет салудың техникасын үйрету

  3. Түс тану

  4. Сүйікті бейнеңді суретте

  5. Ойлан да ойыңды жеткіз

  6. «Кім жылдам» ойыны

  7. Тест сұрақтары

Сабақты бекіту

Әр топтың жетекшілері жұмыстарына талдаулар жасау

Сабақты бағалау

Үйге тапсырма: Оқыған ертегілерден (қазақ ертегілерін иллюстациялап келу)



© 2010-2022