СЫРЛЫ БОЯУ САЙЫС САБАҚ

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сайыс сабақ "Сырлы бояу" .

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.
ә) Дамытушылығы: оқушының ой - қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, өзін - өзі тексеру, сайыс.
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, шарлар,суретшілер шығармалары.
Пән аралық байланыс: әдебиет, еңбекке баулу, сызу


Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Сайыс сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім:Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!Бүгінгі «Сырлы бояу» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. К.Маркс

Сурет немесе бейнелеу өнері -бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Сурет жеке бір өнер саласы емес, бірнеше өнер түрінің өмірге келуіне себепкер болған бүкіл бейнелеу өнерінің атасы.

Сурет тарихы- бұл адамзат тарихы және оның қоршаған ортаны тануына , өзін-өзі толығымен танып білуіне, эстетикалық тәрбие алуына, сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер. Олай болса бүгінгі өткелі отырған сайысымыздың жоспарымен жаныстырып өтейін.


1. «Атымда менің сырым бар» Таныстыру. (топтың аты, ұраны, төс белгісі)

2 «Кім шапшаң?».Сұрақ-жауап
3. «Ойлан тап» Суретшілердің портреттері мен туындыларын табу
4. «Түстер араластыра білемізбе?»
5. «Кімнің ойы ұшқыр» Өлеңдерге иллюстрация жасау.
6. «Шебердің қолы ортақ»Үй тапсырмасы « Наурыз тойы» тақырыбына сурет дайындау
7. Қорытынды.


Мұғалім: «Асыл тастан, өнер жастан

Шығады» деп дарынды,

Халық айтса , қалт айтпас,

Әрқашанда нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.


  1. «Атымда менің сырым бар» Таныстыру Оқушылар өз топтарын және төсбелгілерін таныстыру

«Кім шапшаң?» сұрақ жауап
1 топ
1.«Қайта өрлеу дәуірі» суретшілерін ата?(Леонардо да Винчи, Рафаэль санти, Микеланжело)

2. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата? (кескіндеме, графика, мүсін,сәулет, сәндік қолданбалы өнер.)
3.Автопортрет дегеніміз не?(айнаға қарап отырып өзін бейнелеуі)
4.Түстер неше топқа бөлінеді? (жылы және суық түстер.жылы түстерге сары,қызыл, қызғылт,сарығыш. Суық түстерге көк, көгілдір.күлгін )

5. Кескіндеме дегеніміз не?(қағаз немесе картон беріне қылқаламнын көмегімен жағу арқылы салынатын сурет.)

6. Анималисттік жанр дегеніміз не ?(жан жануарларды бейнелеу)

7. Қазақ әйелдері арасынан алғаш шыққан суретші апамыз кім?(А.Ғалымбаева)

8.Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады?(маринисттік жанр)

9.Аспан мен жердің қиылысқан жерін не дейміз?(көкжиек)

10.Соғыс тақырыбына салынған сурет қалай аталады?(батальдық)


2 топ

1.Қазақстаннан шыққан алғашқы суретші?(Ә.Қастеев)

2.Бейнелеу өнерінің жанырларын ата ?(маринистик жанр анамалистік жаныр,пейзаж, партрет, батальдық жанр,тарихи жанр )

3.Фон дегеніміз не?(бейнелеуші заттардың арғы жағындағы қатар )

4. Акварель бояуының гуашь бойауынан айырмашылығы?(акварель мөлдір гуашь кепкеннен кейін ағарып кетеді, ал акварель мөлдір күйін сақтап тұрады, құрамында жұмыртқа бар.)

5.Графика дегеніміз не?(карандашпен, көмірмен салынатын сурет)

6.Дизайн дегеніміз не ?(заттардың көркемдік үйлесімділігі)

7. Палитра дегеніміз не ?(түстерді араластыратын тақтай)

8. Ахроматикалық түстер дегеніміз не?(ахраматикалық түтер дегеніміз ақ пен қара түстің аралығындағы түстер)

9.Қайта өрлеу дәуірі қай ғасырларда пайда болды?(ХІV-ХVІ)

10.Табиғат көрінісін бейнелейтін жаныр?(пейзаж)

3.«Ойлан тап»

4. «Түстерді араластыра білемізбе?» атты сайысымызға кезек берейік

1.Сары+көк=жасыл

2.Қызыл+сары=сарығыш

3.Қызыл+жасыл=қоңыр

4.Ақ+қызыл =қызғыш

5.Сары+жасыл =ашық жасыл

6.қызыл+көк=күлгін

5. «Кімнің ойы ұшқыр?» А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне иллюстрация жасау.

Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

6. «Шебердің қолы ортақ» Үй тапсырмасы. «Наурыз тойы» тақырыбына сурет салу.


7. Қорытынды
Қазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз топты атайды.

© 2010-2022