Қар жамылған ағаштар

Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білімдік аймағы: Шығармашылық. Қатынас Бөлімі: Сурет. Көркем әдебиет Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар Мақсаты: Б. м: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Д. м: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге, ойлау қабілет... Ұйымдастырушылық – ізденушілік Ұ. о. іс - әрекетін мына бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр. Аппақ қыстың бояуы Аппақ қыстың бораны Ақ көрпеге орайды Ақ қар байтақ даланы - осы өлеңде не туралы айтылған? - Қыс мезгілі туралы - Қыс мезгілінде неше ай бар? - 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан - Қыста күн қандай болады? - Суық, аяз, боран. - Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр? - Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты Суретпен жұмыс: Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар? - Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар. - Осы суретке қарап әңгіме құраңдар. - Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай. - Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды. - Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек. Әнуарбек Дүйсенбиев аталарыңның «Қыс» өлеңін айтып орманға барайық. Аппақ, аппақ жапалақтап Қар жауады тынбастан Қалың орман қар жамылған ... Рефлекивтік түзетушілік - Орманда нелер болады? - Ағаштар, құстар, аңдар болады - Мынау қандай ағаш? - Шырша - Орман ауасы қандай таза, қане, терең тыныс алайық. - Балалар терең тыныс алады - Қар қалай жауады? (қимылмен көрсетеді) - Жапалақтап, борандатып жауады - Қар қандай болады? - Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады - Қар неге ұқсайды екен? (ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді) - Жұлдызшаға, әдемі өрнекке, шырша ойыншығына ұқсайды - Дұрыс балалар қар, әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайд... - Балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер жасап «Көлеңке» деген ойын ойнаймыз. Бір аңды айтамын, сендер сол аңның жүрісін саласыңдар? Көлбең - көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді, жүрісін салайық. Мен қоян деймін, сендер қоянның жүрісін саласыңдар. Балалар аңдар жүрісін салады Күтілетін нәтиже: Нені білуі керек: Қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді Нені игереді: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін Нені біледі: Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуд Үйге тапсырма.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: 16.01.2014ж 3-сынып

Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Шығармашылық. Қатынас
Бөлімі: Сурет. Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар
Мақсаты: Б. м: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Д. м: Ағаштардың бейнесін дұрыс бейнелеу, дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен
жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Т. м: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң, сурет салу орталығы

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Ұ. о. іс - әрекетін мына бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы - осы өлеңде не туралы айтылған?
- Қыс мезгілі туралы
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
- Қыста күн қандай болады?
- Суық, аяз, боран.
- Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты

Суретпен жұмыс: Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.
- Осы суретке қарап әңгіме құраңдар.
- Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
- Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар үйінділерін үю керек.
Әнуарбек Дүйсенбиев аталарыңның «Қыс» өлеңін айтып орманға барайық.
Аппақ, аппақ жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды қысқы орман

Рефлекивтік түзетушілік
- Орманда нелер болады?
- Ағаштар, құстар, аңдар болады
- Мынау қандай ағаш?
- Шырша
- Орман ауасы қандай таза, қане, терең тыныс алайық.
- Балалар терең тыныс алады
- Қар қалай жауады? (қимылмен көрсетеді)
- Жапалақтап, борандатып жауады
- Қар қандай болады?
- Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады
- Қар неге ұқсайды екен? (ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді)
- Жұлдызшаға, әдемі өрнекке, шырша ойыншығына ұқсайды
- Дұрыс балалар қар, әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайды екен.
(Орманнан қайтып, орындарына келіп
бағанадан бері көргендерін, байқағандарын енді қағаз бетіне түсіреді)
«Қар жамылған ағаш» бейнесін саламыз.
Жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі:
- Қылқаламды алып, қоңыр түсті гуашпен ағашты саламыз. Ағаштың жуан діңін, төменнен жоғары қарай салып, қар жамылған бейнені ақ гуашпен саламыз. Қар жауып тұрған сәтті шашырату әдісімен салып көрсету.
- Енді балалар, сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық.
- Енді, отырып жұмысымызды бастай беруге болады.
Қорытындылау: Бір баланы шығарып, кімнің салған суреті өзіне ұнайды, соны алып шығып, не себепті ұнайтынын айтады.
Күні бойы еңбекпен
Өрмекші өрмек тоқыды
Нөсер кенет селдеткен
Еңбегін оның жоқ қылды
Күн шықты қайта жарқырап. Өрмекші өрмек тоқуға. Кірісті дереу тезірек.
- Баланың жауабы

- Балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер жасап «Көлеңке» деген ойын ойнаймыз. Бір аңды айтамын, сендер сол аңның жүрісін саласыңдар?
Көлбең - көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем. Аю қалай жүреді, жүрісін салайық. Мен қоян деймін, сендер қоянның жүрісін саласыңдар.
Балалар аңдар жүрісін салады

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Қыс мезгілінде ағаштар қар жамылатынын, оның ерекшеліктерін бейнелеуді
Нені игереді: Қардың әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық мезгілін
Нені біледі: Ақ түсті бояуды пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды бейнелей білуге және сурет бойынша әңгіме құрастыра білуд

Үйге тапсырма.

© 2010-2022