Паралелль проекциялау. Паралелль проекцияның негізгі қасиеттері. 9 - сынып

 Сабақтың мақсаты: проекциялау әдісі туралы түсінік беру, паралелль  проекциялау әдісі және негізгі қасиеттерінің маңызын  түсіндіру  Сабақтың міндеттері:  - Оқыту оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,  - оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру;  Дамыту танымдық қызығушылықты дамытудың стимулы, жаңашылдық, ғылым иен техниканың жетістіктерін, пайдалана білуге баулу;  - Тәрбиелік кеңістік тұрғысынан ойлау қабылеттерін дамыту,  - ұқыптылыққа, танымдық қиыншылықты жеңуге  - Тырысу...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сызу 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Паралелль проекциялау. Паралелль проекцияның негізгі қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: проекциялау әдісі туралы түсінік беру, паралелль

проекциялау әдісі және негізгі қасиеттерінің маңызын

түсіндіру

Сабақтың міндеттері:

- Оқыту оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,

- оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру;

Дамыту танымдық қызығушылықты дамытудың стимулы, жаңашылдық, ғылым иен техниканың жетістіктерін, пайдалана білуге баулу;

- Тәрбиелік кеңістік тұрғысынан ойлау қабылеттерін дамыту,

- ұқыптылыққа, танымдық қиыншылықты жеңуге

- Тырысуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық - танымдық сабақ

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері: жаңа тақырыпты түсіндіру, мұғалімнің байқауы бойынша өздігінен жұмыс істеу

Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі: «Проекциялау» көрнекілік плакат, оқулық, сызба аспаптары мен жабдықтары

С а б а қ б а р ы с ы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу және сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Жұмыс орындарын әзірлеу.

3. Сабақтың тақырыбын жариялау.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау:

1. Түйіндесу дегеніміз не

2. Түйіндесулердің түрлерін ата және слайд арқылы дәлелде.

3. Овалдың неше түрін ажыратамыз?

4. Овалдың құру тиімды жолын айт (ауызша)і

ІІІ. Білім беру және жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Паралелль проекциялау әдісі.

Бізге сызбада нәрсенің кескінін салу керек. Нәрсенің кескінін қалай салады? Бейнелеу өнері сабағынан - перспективаны қалай салдық естеріне түсіріндер. Кескін проекциялау әдісімен салынады. (проекция - латын сөзі, «алға қарай лақтыру» деген сөздің мағынасын білдіреді).

Проекциялау әдісін түсіндірейік.

Бізге А нүктесінің G жазықтығындағы кескін салу керек болсын; ол үшін G жазықтығында жатпайтын s түзуін алайық. Егер түзудің екі нүктесі бір жазықтықта жатса, ол түзудің басқа нүктелері де осы жазықтықта жатады (геометрия сабағынан). Түзу жазықтықта жатса, ол түзудің басқа нүктелері де сол жазықьықта жатады. Сонымен, жазықтық пен ол жазықтықта жатпайтын түзудің бірден артық ортақ нүктесі болуы мүмкін емес.

Түзу мен жазықтықтын ортақ нүктесін олардың қиылысу нүктесі дейді. Егер түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі болмаса, оларды паралелль деп атайды. Түзу берілген жазықтыққа паралелль болуы үшін, ол жазықтықтың бір түзуіне паралелль болуы қажет. А нүктесінің G жазықтығындағы кескіні А1 нүктесін былай саламыз: А нүктесі арқылы

s түзуіне паралелль етіп а түзуін жүргіземіз. Сонда а түзуі G жазықтығымен А1 нүктесінде қиылысады. А1 нүктесін А нүктесінің G жазықтығындағы s бағытындағы паралелль проекциясы деп атайды

G жазықтығын проекциялар жазықтығы,

s түзуін проекциялау бағыты,

а түзуін проекциялаушы түзу деп атайды.

IV. Практикалық жұмыс (білімдерін бекіту).

Паралелль проекциялау кезінде қандай қасиеттер сақталатындығына тоқталайық.

1 қасиет. Нүктенің проекциясы да нүкте болады.

2 қасиет. Проекциялау бағытында паралелль емес түзудің проекциясы да түзу болады. Проекциялау бағытына паралелль түзу нүктеге проекцияланады.

3 қасиет. Түзудің бойында жатқан нүктенің проекциясы сол түзудің проекциясы бойында жатады.. Осы айтылғанды былай жазуға болады

с а с1 а1

4 қасиет. Паралелль түзулер паралелль түзулерге проекцияланады. мысалы: а және b түзулерінің G жазықтығындағы проекциялары а1 және b1 түзулерін қарастырсақ, олар өзара паралелль болулары керек:

A b a1 b1

5 қасиет. Паралелль түзулердің немесе бір түзудің бойынан алынған кесінділердің қатынасы паралелль проекциялау нәтижесінде өзгермейді.

Сондықтан кескіні тең бөліктерге бөлудің орнына, оның проекциясын тең бөліктерге бөлуге болады.

Бұл қасеттердің дұрыстығы 10-сыныпта өтілетін геометрия пәнінде дәлелденеді, сондықтан оларды дәлелдемей қабылдауға тура келеді.

V. Сабақ қорытындысы: әр түрлі бұйымдардың кескідерін паралелль проекциялау әдісімен тұрғызғанда жоғарыда келтірілген қасиеттер кең түрде пайдаланылады.

VI. Үй тапсырмасы:

Жаттығу:тіктөртбұрыш АВСД-нің үш төбесінің паралелль проекциялары А1, В1 және С1 берілген. Берілген тіктөртбұрыштың төртінші төбесі Д нүктесінің проекциясы Д1 нүктесін тауып, салуды аяқта.

VII. Жұмыс орындарын жинастыру.





© 2010-2022