Конспект урока на тему Портрет ( 4 класс) на каз языке

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Конспект урока на тему Портрет ( 4 класс) на каз языкеКонспект урока на тему Портрет ( 4 класс) на каз языке

Сабақтың тақырыбы: Портрет.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға адамның бет әлпетін салудағы әр түрлі өзгерістерін сала білуді түсіндіру, үйрету.

Дамытушылығы: адамның бет пішініндегі кескін-келбетін бейнелей білуге, бейнелеудің әдіс-тәсілдерін үйретіп, білімдерін жетілдіруге назар аудару.

Тәрбиелігі: оқушылардың өз ойларын, білімдерін қағаз бетіне сауатты салдыра отырып, оларды шыдамды, өзін-өзі ұстай білетін тұлға етіп қалыптастыру.

Түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: жаңа сабақты игерту сабағы

Көрнекіліктер: суреттер, репродукциялар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ.

  1. қызығушылығын ояту

  2. мағынаны тану

  3. ой-толғаныс

ІV. Практикалық кезең

V. Қорытындылау

VІ. Бағалау

VІІ. Үй жұмысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Түгендеу.

Кезекші оқушылар / су, бояу/ оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Келмеген оқушыларды белгілеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

-Үй тапсырмасы қандай болды балалар? /қарындашпен портрет салып келу/

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Қазір балалар сендерге Жанерке бүгін біздің тақырыбымызға байланысты өлең шумақтарын оқып береді. Сендер сыныптастарынды мұқият тындау керексіндер.

Картинадан көрсең сен

Егер ақын Абайды,

Немесе ұстаз Ыбырайды,

Немесе өз әкенді,

Немесе өз шешенді,

Немесе тұрса нағашың,

Өзі екен деп қаларсың.

Салынған мұндай суретті

ПОРТРЕТ қой деп қарарсың.

/ Өлең шумақтарын оқығанда өзі салған суреттерді көрсетеді./

  • Олай болса адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

/портрет/

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы портрет жанры туралы болмақ.

Портрет салу өте күрделі тақырып, бірақ қызықты іс-әрекетке жатады. Сондықтан портрет салуға көптеген суретшілер шығармашылық жолдарын арнаған. Адамның табиғи сұлулығына, сымбатына қимыл қозғалысына ерекше қөңіл бөлген. Портрет салған суретшілерден

Ә. Қастеев, Альбрехт Дюрер, О.Кипренский, Е. Сидоркин, М. Кисамиденов т.б. айтуға болады.

Егер портретші-суретшілер болмаса, көптеген әйгілі адамдардың түрлерін елестете алмас едік.

Композициялық орналасуына қарай байланысты портрет 3 бөлінеді:

  1. Бет бейнесі немесе келбеті

  2. Кеуделік тұлғасы.

  3. Адамның толық тұлғасы./ тақтаға іліп көрсету/

  • Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар. Ол қандай пән деп ойлайсындар?

  • Дұрыс, ол әдебиет пәні. Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын, қырмысы ерін, қап- қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл өлеңмен берілген портрет. Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.

«Хамит - ұзын бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында». Міне осы портретті кітап бетіне оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.

  • Суретші портрет жазғанда адамның түрін айнытпай салумен қатар, оның мінез-құлқын, көңіл күйін де бере білуі керек.

Сергіту сәті. Тақтаға 3 оқушыны шығару. Адамның көңіл күйін мимикасымен көрсету.

  1. Жайбарақат көңіл күйі

  2. Бірнәрсеге таң қалған көңіл күйін

  3. Қуанышты көңіл күйі

  4. Бірнәрсеге көңілі толмай, ренжу көңіл күйін көрсету

  5. Өмірде қатты ашуланған, ренжіген күйі

  6. Жылаған адамды көрсету.

ІV. Практикалық кезең.

-Ал енді қазір портреті қалай кезеңдермен дұрыс салу керектігін кім маған айтып береді? / суреттерді іліп қою, портрет салу кезеңдері/

Практикалық тапсырма: Үйде салған портретін түстермен әдемілеп бояу. Сурет салып жатқан кезде оқушыларға сұрақтар қою.

  • Сен кімді салып жатырсың?

  • Ол адамның есімі кім?

  • Мінезі қандай айтып берші бізге? т.б. сұрақтар

V. Қорытындылау

Портрет сөзіне қандай ассоциациялар ойларына келеді.

Жұмбақ шешу.

Көк пен жердің арасын,

Айқын байқап бағалар.

Табиғаттың ғажабын,

Кереметін айқындар!/ көз/

Ти десең, тимейді,

Тиме десең, тиеді. /ерін/


VІ. Бағалау.

Барлық портреттерді тақтаға іліп шағын көрме ұйымдастырып, оқушылар портрет жайлы әңгіме құрады. Оқушылармен бірге бағалау.

VІІ. Үй жұмысы.

Автопортрет (яғни өзін-өзі) суретін салу.




«Май жалпы орта білім беретін мектеп» ММ













Өткізген: С.Ү. Естаева

2010-2011 оқу жылы

© 2010-2022