Поурочный план на тему Ал, қанекей сурет салайық

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ал қанеки, сурет салайық!»
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың мақсаты: а) Бейнелеу пәнінен алған білімдерін ортаға салу, үйренген дүниелері бойынша есеп беру.
ә) Өнерге баулу, тазалық пен сұлулыққа, жылдамдық пен ептілікке тәрбиелеу.
б) шығармашылыққа шыңдау,есте сақтау қабілетін арттыру, қиялын байытып, өз бетінше өмір сүруге дағдыландыру.
Кіріспе бөлімі:
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбы «Ал қанеки, сурет салайық!» ойын сабағы. Осыған дейінгі үйренген, көріп, білген білімдерімізді ортаға салайық. «Жігітке жеті өнер де аз» - дегендей, Қыздарымыз қырық өнерлі болса дейміз.
Олай болса ойынымызды бастаймыз!
Негізгі бөлім: Психологиялық дайындық. Ал балалар дайынбыз ба? Көңіл күйлерің қалай?
а) Оқушыларды топқа бөлу. Екі топқа бөліп, топтарына ат қою өзара топтың капитанын сайлау . Командадағы оқушылар атын, жасын, немен шұғылданатынын немесе нені жақсы көретінін айтады Эмблема жасап,оның мағынасын түсіндіру.
ә) Өнер туралы ойларымызды жинақтап, білімімізді тексеру, мақсатында

Ой қозғау, бөлімі (сұрақ-жауап)
Шығармашылық жұмыс:
Гүл өсірең терлеп
Мұның аты еңбек
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты еңбек
Сабағыңды жөндеп
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Ендігі кезек шығармашылық жұмысқа беріледі.

1. Айнаға қарап сурет салу( топтан бір оқушы шығып арта ілулі тұрған суретті айнадан қарап салу)
2. Есте сақтап сурет салу.Тақтаға өте -аз уақытқа бір сурет ілінеді сосын алып тасталынады сол суретті есте сақтау арқылы салады
3. Танграмм ( түрлі-түсті қағаздардың ұсақ геометриялық пішіндегі қиындылардан сурет құрастыру)
4. Пакет немесе қорапшадағы затты тауып, мимика (ыммен) арқылы түсіндіріп сурет салу. Ыммен сурет салу.
5. Қағазда әр түрлі жазулар болады. Капитан келіп, қағазды суырады, қағаздағы, жазуды топтағы оқушыларға көрсетеді.
1 -інші оқушы қарамау керек. Топтан
2 -інші оқушы шығып ыммен түсіндіріп тұрады да, суретті салады.
Ыммен түсіндірілген суретпен қағаздағы сурет сәйкес болу керек. Суреттің атын жазу керек. Долбар наброска )түрінде салынады. (фламастер, маркер)
Қорытындылау:
Мұғалім: Не үйрендік?
Оқушы: Ептілікке, жылдамдыққа, есте сақтауға, әсемдікке.
Енді ұпай санын белгілеп, жеңіске жеткен топты анықтаймыз.
Сайысты мына нақыл сөзбен сайысты қорытындылаймыз
Ө - мінсең ат
Н - жесең тамақ
Е - кисең жанат
Р - ұшсаң қанат
Осымен сайыс сабағымызды аяқтаймыз!

Қорытынды: Сайыс соңындажеңімпаздарын хабарлап, марапатталады.

© 2010-2022