Конспект урока «Жас суретшілер»

"Описание материала: Бұл жарысты 6 сыныптар аралығында өткіздім. Мақсатым оқушылардың бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, білімдерін дамыта отырып,өз мақсаттарына жетуге дағдыландыру. Жарыс 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңге әділ қазы алқасы баға қойып отырды. Баға қою критері  ең төменгі балл 3, ең жоғарғы балл-5.  Ең жақсы орындалған, өз мақсатына жеткен кезең ол Үй тапсырмасы, менің Қазақстаным. 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне қарсы өтті Бұл жарыс. Оқушылар кезеңдерден өткен соң бағал...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия.










Конспект урока «Жас суретшілер»


Өткізген: Сарина Ханзада Берікқызы.





Арқалық 2013-2014 оқу жылы.

«Жас суретшілер» жарысы

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

-Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап калайық! Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері пәнінен 6 сыныптар оқушылары арасындағы «Жас сурешілер» атты жарыс сабағына қош келдіңіздер.

-Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

-Бүгінгі жарысқа дайынбыз ба?

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

1. Мақажанов Тұрақ Түйебайұлы.

2.

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.

І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, - дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.

«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.

«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, - деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2. «Кім шапшаң, кім жылдам?»

3.Үй тапсырмасы. «Тәуелсіздік тұғырым» салған суретімізді қорғау.

4. Сөздерден түс аттарын шығару.

5. Сурет сыры (топпен жұмыс)

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең -дей отырып

1- кезең «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

Әр топқа жеті сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

  1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

  2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

  3. Суға тез еритін бояу. (Акварель)

  4. Гризайль дегеніміз не? Бір түсті реңктермен орындалатын (көбінесе сұр және қоңыр түсті) живописьтің бір түрі.

  5. Коллиграфия дегеніміз не? Көркем жазу

  6. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

  7. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

ІІ топқа:

  1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

  2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

  3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

  4. Натюрморт деген не? Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма.

  5. Заттардың жобасын көркемдеп жасап, өндіріске дайындайтын суретшілерді қалай атайды? Дизайншы

  6. Кішкентай фильмге (мультфильмге)сурет дайындайтын суретшілерді қалай атайды? Мультипликатор.

  7. Жылы түстерге қандай түстер жатады? Сары, қызыл, алқызыл.

2 кезең

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам? - деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

3 кезең.

Үй тапсырмасы. «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыпта сурет салу берілген болатын, салған суретімізді қорғап шығу керек.

4 кезең.

Сөздерден түс аттарын шығару.

І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)

ІІ топқа:

ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ)

5 кезең. Сурет сыры (топпен жұмыс)

Екі топқа «Жаңа жыл» тақырыбында балауызбен сурет салу беріледі. Бес минут уақыт беріледі.

Жарыс қорытындысы: Әділқазы алқасына сөз беріледі.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына,

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

Өнердің шыңына.





Конспект урока «Жас суретшілер»

Конспект урока «Жас суретшілер»

Конспект урока «Жас суретшілер»

Конспект урока «Жас суретшілер»

© 2010-2022