Мүсін өнері және оның түрлері

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мүсін өнері және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материялдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Саз балшықтан немесе ермексаздан созу, ию төсілдерін терең меңгеру.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Суретшілер альбомы, слайд, интерактивті тақта, қосымша әдебиеттер, репродукциялар т.б.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1. Сұрақ-жауап

2. Қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері - латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы-барлық көлемін ,пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.

Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф. Монментті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельевті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.

Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавальер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жумыстары: «Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші, «Ш .Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, «Ж.Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтың «Барыс» мүсіндері, бұлар да сәндік монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардын бірі,біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған «Ш. Уәлиханов пен Ф.Достоевский» мүсіндері . Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д.Г.Эльбакидзе. Д.Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан «Абай» ескерткіші.

Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында ,тыйнның бетынде.

Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материял бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, пластилин т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы-саз балшық пен пластелин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мусін жасағанда қолданылатын басты қаолданылатын құралдар: тақтайша,қарқаз, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы кйім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасыбылғанбауы тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті пластелинді қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтаскөруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен пластелин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап ,қалған пластелин немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  • Мүсін өнерінің түрлері қандай?

  • Астана қаласындағы "Барыс" ескерткішінің авторы кім?

  • Мүсін сомдаудағы негізгі материял?

  • Мүсінмен айналысқанда қандай құралдар қолданылады?

Уйге тапсырма: Келесі сабаққа сазбалшық , алжапқыш (фартук), тақтайша немесе қатты қағаз алдыға жайғанға әкелу.



© 2010-2022