Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Адамның тұлғасын салу

Оқушыларға тақтаға адамның тұлғасының суретін схема бойынша салып көрсету. Оқушылардан суретті көшіріп салуларын талап ету. Салып алған схема бойынша балалар шағын топта адамның қозғалыстағы суреттерін салады.   Оларғадұрыс композиция құрастыруға тапсырма беріледі. Суретті салып болған соң балаларға салған суреті жайлы әңгіме құрастыруға тапсырма беріледі. Әңгімені әдеттегідей дарынды және талантты бала құрастырады. Дарынды бала құрастырған әңгімені шағын топтағы отырған балаларға айтып береді,...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

5 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

17 апта

4 сабақ 10.40-11.35 № дәрісхана

Сабақтың атауы

Адамның тұлғасын салу.

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ. Ибрагимов 5 сынып оқулығы

Жалпы мақсаттары

Графика тәсілімен сурет салу. Дұрыс үйлестіріп ережелер бойынша штрихтауды үйрету. Графикалық терминдерін қайталау. Атақты графика бағытымен сурет салатын адамдармен таныстыру.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Салған суретті штрихтап үйрету.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды плпстикалық анатомия туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы anatili-almaty.kz/index.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Мұғалімнің іс-әрекеті

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

Мағынаны тану

Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды. (Қол)
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен. (Қол)

Ти десем тимейді
Тиме десем тиеді (ЕРІН)

Оқушылардың алдына билеп жүрген қозғалыстағы адамдардың суреттерін көрсету.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

Сурет салу, тапсыма орындау. Оқушыларға тақтаға адамның тұлғасының суретін схема бойынша салып көрсету. Оқушылардан суретті көшіріп салуда талап ету. Салып алған схема бойынша балалар шағын топта адамның қозғалыстағы суреттерін салады. Оларға дұрыс композиция құрастыруға тапсырма беріледі.

Суретті салып болған соң балаларға салған суреті жайлы әңгіме құрастыруға тапсырма беріледі. Әңгімені әдеттегідей дарынды және талантты бала құрастырады. Құрастырған әңгімені шағын топтағы отырған балаларға айтып береді, шағын топтағы балалар өз үлестерін әңгімеген қосады.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

Ой қорытынды

Сурет салу, салған суретті бояу. Алған білімдерін практикада қолдану.

Суретті қорғаған кезде балалар жазған әңгімені оқиды.

Суреттерін қорғау, топпен шығып әр оқушы өзінің білгенін, сурет салуға қосқан үлесі туралы айтады.

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау:

Оқушыларға бағалау парағы таратылады.

  • Оқушылардың белсенділігін

  • Қосқан үлестерін

  • Айтылған идеяларын бағалау

  • Мұғалімнің бағасы

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Альбом, қарындаш, өшіргіш әкелу

45 мин. Сабақтың соңы


© 2010-2022