Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Әр түрлі заттарды қағаз бетіне орналастыру

Бейнелеу өнері деген не, оның адам өміріндегі маңыздылығы, оның басқа өнер түрлерімен байланысы. Үйлестіру терминімен таныстыру. Заттардың көлемін  айыра білулерін үйрету.  Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Берілген заттарды сурет дәптеріне дұрыс үйлестіріп салу талап етіледі.  Қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастырып болғаннан кейін шағын топта бір-біріне тексертіп, бір шешімге келіп, бір параққа ортақ сурет салуды талап етіледі. Шағын топтарға мәтін тарат...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

5 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

4 апта

5 сабақ № дәрісхана

Сабақтың атауы

Әр түрлі заттарды қағаз бетіне орналастыру.

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов 5 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Бейнелеу өнері деген не, оның адам өміріндегі маңыздылығы, оның басқа өнер түрлерімен байланысы. Үйлестіру терминімен таныстыру. Заттардың көлемін айыра білулерін үйрету. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Үйлестіру жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды үйлестіру туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар

Бейнелеу өнері оқулығы.

1 сабақ Тақырыбы: Әр түрлі заттарды қағаз бетіне орналастыру.

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Салынған суреттің өмірімен байланысы, әсемдігі

Үйлестіру, графика, пішім мен көлем

Қағаз бетіне суретті дұрыс орналастыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің түрінің негізі ретінде қарастыру .

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-Мақсаты

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру

Оның өзара қарым-қатынастан алар пайдасын бақылау

Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

Балалардың сабаққа қызығушылықарын арттыру үшін ойын ойнату. Бұл ойында дарынды баланың салған суреті мағыналы болады. Ойын шарты: бірінші ойыншы бір парақ қағазға қарындашпен шағын шимай жасайды, сонан соң ол қағазды келесі оқушыға береді. Келесі оқушы ол шимайға қарап оны әрі қарай мағыналы сурет шығатындай етіп толықтырады. Толықтырғаннан кейін осы оқушы келесі балаға шимай салады, ойынның аяғында жеңімпаздар табылады. Жеңімпаз шыққан топтарға ұпайлар беріледі.

Бұл ойын балаларды сабаққа көңілдерін аударып, зейіндерін күшейтеді.

ІІ мағынаны тану

  • Мұғалім сыныпқа әкелген әр түрлі заттарды шағарады. Балалар қызығушылықпен сұрақтар қоя бастайды.

  • Қойылған сұрақтарды барлық сыныппен талданады.

  • Заттардың пішімдерін талдауға бағыт беріледі.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Сурет салу, тапсыма орындау.

Берілген заттарды сурет дәптеріне дұрыс үйлестіріп салу талап етіледі.

Қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастырып болғаннан кейін шағын топта бір-біріне тексертіп, бір шешімге келіп, бір параққа ортақ сурет салуды талап етіледі.

Шағын топтарға мәтін таратылады:

Мәтінді оқып талдағаннан кейін суреттерін қарастырып А3 парағына суреттерінің қателерін түзетіп, қайта салады.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз. Сабақты қорытындылау.

Бағалау түрлері

-оқушының өзін-өзі бағалау

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа альбом мен қарындаш әкелу.

Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған заттарды сезіне білуді үйренеді. Үйде түстер туралы білгендерін толықтырып келу тапсрылды.


© 2010-2022