• Преподавателю
  • ИЗО, МХК
  • Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар-мектеп айнасы »

Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар-мектеп айнасы »

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І -ші ілгері деңгей бойынша сертификатталған мұғалім

Қалиева Бахыт Дылдыбаевна

«Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы » атты коучинг- сессия бойынша рефлексивті есебі

Өзіміздің оқып келген бағдарламамызды жүзеге асыру мақсатында әзірге шамалы болса да, әріптестеріміздің кәсіби дамуына көмек беруді өз міндетіміз деп қабылдадық. «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы » деген тақырыпта коучинг өткіздім. Мақсаты: Дарынды және талантты балалармен жұмыстың өзектілігін айқындау.Күтілетін нәтиже: Дарынды және талантты балалармен жұмыс жолға қойылады және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасаудың тиімді жолдары қарастырылады.

Қабілеттілігі әртүрлі оқушылар бірлескен тапсырмаларда қолданатын әртүрлі дағдыларды айырып тануға көмектесу. Коучингке жас мамандар , тәлімгерлер, мектеп әкімшілігі және де пән мұғалімдері қатысты. «Сатамын және сатып аламын» тренингтің шартын түсіндіріп жүргіздім.

Стикерлерге әншілердін аттарын жазып, сол стикерлерде шыққан әншілер, ақындар есімдерімен 3 топқа бөлуді үйғардық.

«Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы» балалар туралы слайдтар, «Біз білмейтін...» айдарында дарынды бала Жамбыл Дуйсенов туралы, талантты балалар туралы бейнероликтер көрсету арқылы төмендегідей сұрақтар қойлды: 1) Мына суреттерге қарап сіздерге қандай ой келеді? Қандай ой шақырады? Қойылған сұрақтарға мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлана отырып, топта талдап, бірлесе отырып жауап беріп тақырыпты ашады.

Коучингте топтық жұмыстар жүргізілді ұстаздарға тақырыпқа байланысты дарынды және таланатты баланың бейнесін жасау және сипаттау тапсырмаларды беріп түсіндірді. Мұғалімдер өз ойларымен бөлісті, бір-бірінің пікірлерімен танысты. Тақырыпты өрбіту мақсатында берілген топтық жұмыста мұғалімдер постерлерін жасап, қорғады өз ойларын постерге түсірді. Топтар әр тапсырма соңында бірін -бірі бағалап отырды.

Бағалау түрі шапалақ арқылы : 3 шапалақ ұру - 5, 2 шапалақ - 4, 1 рет шапалақтау - 3 дегенді білдіреді. Бұдан кейін бой сергіту жасалды. Бейнеролик арқылы қимылды би билейуге шақырып мұғалімдердін бойын сергітуге шақырдық. Сергіту жасалған соң келесі тапсырма берілді.

Келесі тапсырма үш түсті жапыраққа мектептегі дарынды және талантты балалар, талантын аша алмай жүрген оқушыларды анықтау мәселелері жайлы болды. Берілген тапсырмаға жөндерін жазып, себебін түсіндіріп және «Даналық ағашына» әкеліп ілді. Өз ойларымен бөлісті.

Қорыта келгенде дарынды және талантты балалар туралы, оларды дамыту жолдарына тоқталдық деп ойлаймыз. «..Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, оларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады»- деген Ахмет Байтұрсынұлы сөзімен қорытындыладык.

Коучингтен күтілген нәтиже бойынша катысушы әріптестер дарынды және талантты балалармен жұмысты дұрыс жолға қоюды ізденді және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасаудың тиімді жолдарын қарастырды.

Сәтті жағы: тапсырмаларды топта талдап, топтық жұмысқа дағдыланғаны.

«Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »

атты коучинг- сессиядан көрініс

Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »


Бой сергіту кезінде

Коучингті Қалиева Б.Д. «Сатамын және сатып аламын» тренингімен бастады

Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »



Дарынды және таланатты баланың бейнесін жасау және сипаттау тапсырмаларды орындау кезені.

Коучингте топтық жұмыстар жүргізілді

Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »


Мұғалімдер постер қорғау арқылы өз ойларымен бөлісті, бір-бірінің пікірлерімен танысты.

Б. Қалиева тапсырманы түсіндіру

барысында үш түсті жапыраққа

мектептегі дарынды және талантты

балалар, талантын аша алмай жүрген оқушыларды анықтау мәселелері

жайлы айта кетті.Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »Рефликсивный отчет по коучингу на тему: «Дарынды және талантты балалар- мектеп айнасы »

Коучингке қатысушылар сонында өз рефлексиясын

«Даналық» ағашына ілген кезі

Берілген тапсырма бойынша жауабын түсіндіру кезені

© 2010-2022