Қозғалысты бейнелеу тәсілдері

Сынып 4 ә Пәні Бейнелеу өнері Мұғалім Демеуова Хиуаз Тақырыбы Композицияда қозғалысты бейнелеу тәсілдері Мақсаты Қозғалысты бейнелеу тәсілдерін үйрету Міндеті Оқушылардың сұрақ қойып, сұраққа жауап беруін әртүрлі тапсырмалар беру арқылы дамыту,бейнелеу пәніне ынтасын арттыру. Сыни тұрғадан ойлау модулі бойынша берілген тапсырмаларды орындату. Көрнекіліктер Репродукциялар, альбом, дәптер,түсті қағаз, қайшы, желім, интербелсенді тақта Оқыту нәтижелері Оқушылардың шыға...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып

4 ә

Пәні

Бейнелеу өнері

Мұғалім

Демеуова Хиуаз

Тақырыбы

Композицияда қозғалысты бейнелеу тәсілдері

Мақсаты

Қозғалысты бейнелеу тәсілдерін үйрету

Міндеті

Оқушылардың сұрақ қойып, сұраққа жауап беруін әртүрлі тапсырмалар беру арқылы дамыту,бейнелеу пәніне ынтасын арттыру. Сыни тұрғадан ойлау модулі бойынша берілген тапсырмаларды орындату.

Көрнекіліктер

Репродукциялар, альбом, дәптер,түсті қағаз, қайшы, желім, интербелсенді тақта

Оқыту нәтижелері

Оқушылардың шығармашылық потенциялын дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру

Сілтеме

Бейнелеу өнері әдістемелігі, оқулығы. Алматы Атамұра 2011.

Ұйымдастыру барысы

Оқушылармен амандасу,түгендеу.
Оқушыларды кеспе қағаз арқылы төртке бөлу
І топ: «Графика»ІІ топ: Мүсін»
ІІІ топ: «Кескіндеме» ІVтоп: «Сәулет»

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын топ болып бағалау.
Стикер жапсыру арқылы әр жұмысқа баға беру.

Жаңа сабақ

Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты ашқызу.Тақтаға қозғалыстағы композицияны щығару арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады.
- Бұл не? Бугінгі сабақ не туралы болады?
- Суретте не бейнеленген? Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз қозғалысты зерттейміз.Жаңа тақырыбымыз «Композицияда қозғалысты бейнелеу тәсілдері» деп аталады.Мына суретте қозғалыссыз адам бейнеленген.Мұндай композицияны тепе-тең деуге болмайды.Ендігі композицияда адам парақтың сол жағынан оңға қарай жүгіріп барады. Композицияға қарап біз тыныштық қалпын сезінбейміз.Себебі бейнеленген дене қозғалыста және оңға қарай жүгіретін орын бар.Егер парақтың ортасына қозғалыстағы денені бейнелесек, тепе - теңдік сақталғанымен композиция әсерсіз әрі қозғалыс нашар беріледі.Сондықтан 1.Дененің қозғалысын көрсету үшін оның алдына бос кеңістік қалдыру керек.Енді жоғарыдан секірген адамды бейнелеп көрелік.Ол үшін денені диоганаль бойынша орналастыру қозғалыс әсерін күшейте түседі.Егенр денені төменгі оң жақ бұрышқа орналастырсақ, онда денені суға немесе жерге түскен сәтін бейнелейсің.Денені парақтың дәл ортасына бейнелеу ең сәтсіз композиция болады.Өйткені дене қозғалыссыз қатып қалғандай әсер береді.

2. Диоганальді құрылымдар композицияның динамикалық әсерін күшейте түседі.
3. Солдан оңға қарай бағытталған қозғалыс жылдамырақ болып көрінеді.

Тапсырмалар

1.Дәптермен жұмыс.
Оқытудағы сөздерді жазу.
Қозғалысты білдіретін композициялар - динамикалық композиция болып табылады.

2.Суретшілер шығармаларын талдау.
Әр топ берілген шығармаларда суретші қандай әдістерді қолданғанын талдап шығады.

3. Тәжірибе жұмысы.
Әр топ берілген тақырыпқа композиция құрады.
Тақырыптар «Шаңғы тебу», «Футбол», «Баскетбол», «Жүзу»

4. Құрылған композицияны қорғау.

Кері байланыс

Тірек сызба арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімін тексеру.

Біздер бүгін нені бейнеледік? Қағазға бейнені қиғаш орналастыру

Динамика деген не? Бос кеңістік


Денелердің қозғалысын бейнелеу
үшін оның алдына не қалдырамыз? Қозғалыс әсерін күшейтеді

Диоганаль орналастыру дегеніміз не? Қозғалыс

Қандай бағыттағы қозғалыс
жылдамырақ болып көрінеді? Композициядағы қозғалысты
бейнелеу әдістері

Диоганальді құрылым композицияға
қандай әсер береді? Солдан оңға қарай

Үйге тапсырма

Ұлттық спорт ойындарын бейнелеу

Бағалау

Рефлексия - стикер үлестіру арқылы бағалау.




© 2010-2022