Бұрандалы біріктірулер

Бұл сабақ жоспарымды жіберудегі негізгі мақсатым оқушылардың сызба туралы білімдерін дамыту. Оқушыларға мілімет беру барысында бұрандалы біріктіру түрлері мен олардың қолданылатын орындарымен таныстыру. Сызбада ажырата білуге үрету. сызба жұмысын орындау барысында оқушылардың ой өрісін дамыту, байқағыштық, танымдық, қабылдау, бақылау, талдау, есте сақтау және елестету қабілеттерін дамыта отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сызба жұмысын орындау барысында бала бойында мақсатқа жетуге дег...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бұрандалы біріктірулер
Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бұрандалы біріктіру түрлерімен және олардың қолданылатын орындарымен таныстыру. Сызбада ажырата білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдау, пәнге деген

қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сызу дәптері, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Бұрандалы тетікбѳлшектер бекіту тетікбѳлшектері деп аталады. Оларға жататындары - болттар, винттер, шпилькалар, гайкалар және т.с.с. Бекіту бұйымдарының әр түріне ѳз стандарты сәйкес келеді, бірақ оқу сызбаларында оларды кѳрсетпеуге де болады.

Бұрандамалы біріктіру тесігі бар тетікбѳлшектерді біріктіру үшін қолданылады.

а э 5.16-сурет. Бурандамалы біріктіру (а) жэне оган арналган бекіту тетікбѳлшектері (ә)

Бурандама (болт) дегеніміз - басы деп аталын жағына қарама-қарсы ұшында бұрандасы бар ѳзек тәрізді бұрандалы бұйым. Бұрандамаларды басының пішініне қарай алты жақты, жартылай дѳнгелек басты, жасырын басты және т.б. деп ажыратады. Ен кең тарағаны - алтыжақты басты.

Бұранда диаметрі 12 мм, ірі адымды, ұзындыгы 60 мм болтты шартты белгілеу үлгісі: Болт М12х60; егер ұсақ адымды болса - Болт М12x1,25x60.

Сомын (гайка) - ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен бұрамасұқпаның ѳзегіне бұрау үшін жасалған тетікбѳлшек. Сомындар пішіндері әртүрлі болады, бірақ ең кѳп қолданылатыны - алтыжақты. Тетікбѳлшектерді біріктіру кезінде гайкалар астына шайбалар қыстырылады, ал біріктірілген тетікбѳлшектер ѳздігінен бұралмау үшін серіппелі шайбалар, шплинттер (5.16, а, ә-сур.), штифтер және т.б. қолданылады.

Тыгырьқ (шайба) - ортасында дѳнгелек тесігі бар сақина тәрізді тетікбѳлшек. Бұраманы белгілеу мысалы: Гайка М12, тығырықты - Шайба 12

Бұрамасұқпа (шпилька) деп бір ұшында біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне бұралынатын, екінші ұшында бұрама бұралатын бұрандалары бар цилиндр тәрізді ѳзекті атайды.

Бұрамасұқпаның тетікбѳлшекке бұралатын бұрандалы ұшынын ұзындығы ѳз диаметріне және бұралатын тетікбѳлшек жасалатын материалға тәуелді болады, мысалы: болат, кола, жезден жасалған тетікбѳлшектер үшін d; шойын тетікбѳлшектер үшін 1,25d; жеңіл қоспалардан, мысалы, пластмассадан жасалған тетікбѳлшектер үшін 2d-га тең болады.

5.19-сурет. Бұрамсұқпалы біріктіру (а) және оған арналған бекіту тетікбѳлшектері (ә)

Бұрамасұқпаның тетікбѳлшекке бұралатын бұрандалы ұшының ұзындығы ѳз диаметріне және бұралатын тетікбѳлшек жасалатын материалға тәуелді болады, мысалы: болат, кола, жезден жасалған тетікбѳлшектер үшін d; шойын тетікбѳлшектер үшін l,25d; женіл коспалардан, мысалы, пластмас-садан жасалган тетікбѳлшектер ушін 2d-га тен болады.

Ұзындығы 100 мм, бұранда диаметрі 16 мм, ірі адымды бұрамасұқпаның шартты белгіленуі: Шпилька МІбхІОО.

Бұрамалы біріктіру - тетікбѳлшектерді бірімен-бірін біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне винтті бұрап біріктіру немесе винт, шайба және гайка кѳмегімен бұрап біріктіру.

.Тапсырманы орындау: Бұрандама және бұрамасұқпаның сызбасын дәптерге сызу

Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Үй тапсырмасы: А4 пішімге жиек сызықтары мен негізгі жазуды толтыру



© 2010-2022