6 сынып Бейнелеу өнері Қазақ халық қолөнері мен шеберлері

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып.Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:Қазақ халық қолөнері мен шеберлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік беру. Дамытушылық:Жас жеткіншектерге ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиелік:Оқушыларды суреткерлікке,әдемілікті көре білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:Тест сұрақтары,оқулық,жұмыс дәптері,қолөнер бұйымдарының фотосуреттері, қолөнер бұйымдары.Ыдыс-аяқтар, ою-өрнек түрлері, иллюстрациялар,тірек- сызба,тапсырмалар.Электрондық оқулық,слайдтар.

Сабақтың әдістері:Қызығушылығын ояту,көрнекілік,сұрақ-жауап,ойын.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысымын қадағалау,құрал-жабдықтарын түгендеу

II.Үй тапсырмасын тексеру . Оқушылардың үй жұмысын тексеріп, жіберген қателерін түзеу III.Жаңа сабақ Қызығушылығы Мұғалім сөзі: - қазақ халқында ең кең тараған қандай өнер түрін білесіңдер? (Электрондық оқулық арқылы түсіндіру )

-Қолөнер.

Қазақ халқының қолөнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қолөнері түрлері көп. Жүннен, киізден жасалатын бұйымдар, өрмек тоқу, тері өңдеу, ши тоқу, кілем тоқу, ер- тұрман жасау, ағаш бұйымдары, кесте және көркем тігу, зергерлік өнер, т.б.Қазақ қолөнері ғасырлар бойы көркем ой,халық талғамымен үздіксіз дамып келеді.Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді.Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және байыта отырып,халықтың көркем қөленер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып,үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды.Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі:әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халықтыңмәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ө Жәнібеков, Х.Арғынбаев, т.б

Қай халықтың болса да тұрмыс- тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.

Қолөнер турлері :

Шебер:

Шебер -ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам. Қазақ халқының шеберлері де өнерге өзіндік үлестерін қосып келеді. Ағаш шеберлерінің ағаш бұйымдарын дайындаудағы өнері ең жоғарғы дәрежеде дамыды.Жержыртушылар мен мал бағушылар үшін де бұйымдар дайындалды. Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының аталатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші» , «ерші» ,«арбашы» ,«ұста» сонымен қатар « оймашы» деп даралады.Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті , шынайы талғамды керек ететін түрі- киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Мұны халық тілінде «үй басу» деп те атайды. Киіз үй сүйегі, яғни кегесі мен уықтары , көбінесе, өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалады. Тал , халық тәжірбиесі бойынша , киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы ағаш түрі деп танылған. Әрине халық музыка аспаптарын жасауда ыңғайына қарай әр алуан ағаш түрлерін. Пайдаланған. Қол өнер бұйымының түрі өзгеруіне байланысты оған қолданылатын ағаштың түрі де өзгерген. Ағаш өңдеуде ескертілетін ең басты ерекшелік оның кесуге, сургілеуге, тесуге ткемділиги, июге көнгіштігі, бояу сіңіргіштігі, яғни ыстық пен суыққа шыдамдылығы болып табылды. Қазақхалқының кунделікті турмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары (мебельдері) мен ыдыс-аяқтары да көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалды. Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, саба аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және тағы да басқада көптеген бұйымдар кірді. Аса шебер ұсталар ағаштан жасалатын үй бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі тастармен, шынылармен көркемдей білген.

Ұсталық өнер:

Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдардан сан алуан үй бұйымдары, сәндік әшекейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс сияқты металдардан бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан басталады. Сонау сақ, үйсін, ғұн мәдениетінен бастау алып, көне түріктердің жалғастырумен біздің заманымызға дейін жетті. Темірді олар тәңірдің берген сыйы деп қараған. Өзге де түркі халықтары сияқты қазақтардың да дәстүрлі мәдениетінде ұста және ұсталық өнерді киелі деп санаған. Күні кешеге дейін ұсталарға ерекше құрмет көрсетіп, төрден орын берген. Содан бері ұсталар мен зергерлер ісінде сан қилы жағдайларға байланысты даму мен тоқырау кезеңдер де болды. Соған қарамастан ұсталар мен зергерлердің дәстүрлі өнері біздің заманымызға дейін жетіп отыр.

Қазақ мемлекеті құрылғаннан бері ұсталық өнер аса жоғары бағаланды. Орасан кең байтақ өлкені қолда ұстап, оған ие болу үшін ұсталық өнердің маңызы зор еді. Әсіресе қару-жарақ соғатын шеберлердің бедел мәртебесі биік болды. Ерекше берік болаттан қазақтың халық эпосында алмас қылыш атанған қайқы қылыштар жасалған. Халық шеберлері темірден жасалған кейбір үй бұйымдарын да әдемілеп көркемдеуге тырысты. Олардың қынабы мен сабына қымбат тастар орнатылып, қынаптары түрлі беделдермен, мысалы, қыран бүркіттің бас тұлғасымен безендірілген. Қара, немесе қызыл былғарыдан жасалған қынабы күміспен не қоламен көмкеріліп, алуан бедерлер салынған. Ұсталардың қажетті құрал саймандарына-көрік төс, балға, шапқы, сапты шапқы, тескіш, қысқаш, көсеу, қайшы, металл балқытатын ыдыстар т.б. Жалпы сондай қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт сайман дасаумен шұғылданатын адамды халық ұста деп атады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап найза, айбалта, қылыш, мылтық сияқты соғыс қару-жарақтарын жасату күрт сиреді. Өйткені, қазақтардың көрші елдермен достығы нығая түскен-ді. Қазақ қару-жарағын қайтадан қалпына келтіру үшін қадым заманнан келе жатқан теңдесі жоқ мол қазынамыз- ауыз әдебиеті мен батырлар жыры, термелер мен аңыздар, халық әндерінің сөздері, шетел саяхатшыларының жазбалары, мұражайларда сақталған жәдігерлердің маңызы аса зор. Көне қайнар көздерден қарудың аттары, оларды пайдаланудың құпиялары, қару соғудың қазақ ұсталары қолданған тәсілдерін білуге болады. Қазақ қаруларының толық тізімін алғаш жасаған- даңқты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов. Қазақ эпостарында қару-жарақ айқын да нақты бейнеленіп, жауынгердің жан серігі ретінде суреттеледі. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бағалы ақпарат, деректер бар. Қазақ халқының бізге жеткен мол мұрасы- бүкіл адамзаттық мәдениетке қосылған үлкен үлес. Біздің парызымыз- осы жоғалып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның отын өшірмеу.

Ісмерлік өнер:

Ісмер- ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Тігіншілік өнері әйел мен ерлер киімдерін және түрлі сападағы киімдерді тігуде кең көлемде қолданылып келеді. Киіз үйлерді құрудағы ішкі көркемдік әшекейлеу жұмыстарына үлкен мән беріліп отыр. Қазақ халқының кесте өнері біз кесте, айқас тігу, айқыш- ұйқыш тігу, қайып тігу болып бөлінеді.Жалпы кесте біз кесте шым кесте және әредік кесте деп екі түрге бөлінеді. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдың бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп бөлек-бөлек өрнек салынады. Жалпы ісмерлер деп ұлттық киімдер мен көрпешелер тігумен және төсеніштер,сырмақ,кілем тоқып,киіз басу сықылды қолынан іс келетін адамдарды айтады.

Сырмақ-екі түсті киізден оюланған немесе үстіне мата оюластырылған,тігістеріне жиек басып сырған әшекейлі төсеніш. Сырмақ бетіндегі сан қилы сәнді өрнектелген қарасақ, халық өмірінің шежіресін көргендей боламыз. Әр аймақтықң жергілікті жағдайында, дәстүріне байланысты сырмақ әр қалай өрнектеледі. Сырмақтар көлемі мен орналасуы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Олар:төр сырмақ, төсеніш сырмақ, төсек сырмақ, тізе сырмақ, т.б. сырмақтың ою орнектері де оның тұрмыста қолдану мүмкіндіктеріне байланысты әр алуан болып келеді. Негізінен әлуметтік турмыс жағдайымыздың жаңаша сипатқа өзгеруіне қарай олардың көлемі де әр түрлі болып жасалуда. Оның үй ішінде қолдануда дизайндық ерекшелігіне баса назар аудар аудару керек.

Кілем тоқу -тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кең тараған, дамыған өнер. Кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрмек жібінен сәл жуандау етіп,бірақ бос иіру керек. Түкті кілем тоқу, әсіресе сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Тақыр кілем - жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан-ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады.

Гобелен кілемі - сәндік бұйым. Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады. Гобелен дегеніміз - сурет салып тоқылатын кілем. Оны қазіргі кезде тәжірбиелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы - суреті мен колорттік түстерінде.

Зергерлік өнер:

Зергер - алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.

Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, термелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын - күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асыл тастардан көз салынған шолпылар мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер - міне осының мысалы. Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдары жасауда көптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді.

Соның ішінде ең кең тараған тәсілдер: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, темір бетіне күміс шабу, сымкептеу, жұқва күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, бізбен бізу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан көздер орнату және тағы басқалары. Кез келген күміс, алтын бұйымдардың беттеріне әр түрлі асыл тастар мен түсті шынылар орнату тәсілін қазақ зергерлері жиі қолданды. Ал сол бұйымдарға көз салып әсемдеу үшін қолданылатын асыл тастардың түрі көп. Оның ішінде гауһар, лағыл, інжу, сутас(хрусталь) сияқты аса бағалы тастармен қоса, ел ішіне кеңінен тараған маржан, меруерт және түрлі түсті шынылар жиі қолданылады.

Енді осы қолөнер түрлерімен айналысатын қолөнершілермен танысып өтелік:

1.Маңғыстау өңіріне белгілі қолөнершілер:

  • Досанов Тайжан Сұлтанмұратұлы - киім-кешек жасау шебері

  • Бозжігітов Бақыт - дәстүрлі шебер

  • Мамай Байғалиұлы - қолөнер шебері

  • Зейнеп Өрісбаева - қолөнер шебері т.б..

2.Бейнеу өңіріне белгілі қолөнершілер:

  • Өміров Өтепқали - Зергер

  • Салықов Болат- Зергер

  • Мусабаев Ақан -шебер

  • Уалиева Даметкен-ісмер . т.б...

3. Ақжігіт ауылына белгілі қолөнершілер:

  • Досатов Сәбен- шебер

  • Еңсегенов Әсет -шебер

  • Азанов Әлімбай -шебер

  • Байбосынова Тұрған- ісмер

  • Сейілов Тәжібай -шебер

  • Оңдасынова Рухия -ісмер. т.б...

Сергіту сәті :

«Адасқан сөздер» ойыны

Сөздерді ретімен орналастырып мақал- мәтелді құрастыру(Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді. )

Шешенің сөзі мерген , ісіне сен, күшіңе сенбе , шебердің көзі мерген.

Дұрыс жауабы: Шешенің сөзі мерген, шебердің көзі мерген

Күшіңе сенбе , ісіңе сен.

Сабақты бекіту:

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата:

Бейнелеу өнері

сурет

кескіндемее

Сәулет өнері

Қол өнер

мүсіндеу

графика





2. Қолөнер түрлерін ата:

Қолөнер түрлері

Шеберлік

Ісмерлік

Зергерлік

Ұсталық







Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.

1.Ағаштан жасалған ыдыс

А) саба

Ә) сандық

Б) келі-келсап

2.Ағаштан жасалған бұйымдар

А) кебкжк, сандық

Ә) балға, төс

Б) қоржын, аяққап

3. Әсемдік бұйымдар мен жиһаздарды безендіруге қолданылатын ұлттық өнер:

А) сәулет өнері

Ә) сәндік қолданбалы өнер

Б) дизайн

4.Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

А) сәулет өнері

Ә) дизайн

Б) қолөнер

5. Ағаштан жасалған заттарды, ыдыс-аяқтарды кімдер жасайды?

А) зергер

Ә) шебер

Б) ісмер

6. Ісмер деген кім?

А) ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.

Ә) қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Б) ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар

В) алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар

7. Ұста деген кім?

А) ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.

Ә) қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Б) ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

В) алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.

7. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың алған бағаларын атау, сынып журналына қою.

Үйге тапсырма 1. «Мен қолөнер шебері болсам» деген тақырыпта эсее жазып келу.

2. Сандық, кебеже, сырмақ суретін салу



© 2010-2022