Сызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіру

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сызу 9 сынып

Тақырыбы:Көрініспен тілікті қосып біріктіру .

Жергілікті тілік.

Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру, жергілікті тілік туралы түсінік беру. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіруді орындауға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың кеңістікте ойлау қабілетін, сызу құралдарымен сызба

салуын дамыту.

Тәрбиешілік: Оқушыларды жауапкершілікке, табандылыққа, ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

Жабдықтау: Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, сызу құралдары.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдістері: Интеактивті, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сәлемдесу.

  • Сабаққа қатыспағандарды белгілеу.

  1. Қайталау.

І. Үй тапсырмасын тексеру.

А4 форматта бөлшектің сызбасын сызып, қажетті тілікті орындау.

(Оқушылар критерий бойынша өздері тексереді)

  1. Сызбаның орналасуы (компоновка) - 1 балл

  2. Сызба сызықтарының , рамка, негізгі жазуының орындалуы - 1 балл

  3. Тіліктің дұрыс орындау- 1 балл

  4. Тіліктің дұрыс белгілеу- 1 балл

  5. Өлшемдердің дұрыс түсіру- 1 балл

ІІ. Сұрақтарға жауап беру.

  • Қима дегеніміз не?

  • Қималар қандай болады?

  • Бұл қандай қима? (№ 6 слайд)

  • Қима қалай белгіленеді?

  • Тілік дегеніміз не?

  • Тіліктер қандай болады?

  • Бұл қандай тілік? (№ 7слайд)

  • Қима мен тіліктің айырмашылығы неде? (№8 слайд)

ІІІ. «Тілік» сөзжұмбағын шешу. №9 слайд

1) Қандай тілікті тетікті фронталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз?
2) Бақылаушыға көрінетін бөлшектін бір бөлігі.
3) Бірнеше параллель қиюшы жазықтықтармен орындалған тіліктер қалай аталады?
4) Нәрсенің көрінбейтін контурын қандай сызықпен жүргізеді?
5) Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер қандай тіліктер деп аталады?

ІV. Аяқталмаған сөйлемдер (анықтамалар), көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазыңдар. № 10 слайд
1) Тетікті бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықпен ойша қиғанда алынатын кескін --------------- деп аталады.
2) Тетіктің қиюшы жазықтықта жататын тұтас бөліктері ш-------------------.
3) Тетікті ойша бір ғана қиюшы жазықтықпен қию барысында алынған жағдайда ------------------- тіліктер деп аталады.
4) Фронталь тілікті тетікті ------------------ проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз.
5) --------------------- тілік горизонталь проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию кезінде пайда болады.
6) Профиль тілікті тетікті ------------------ проекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз.
7) Горизонталь проекция жазықтығымен тік бұрыштап өзге бұрыш жасай орналасатын қиюшы жазықтық жасайтын тілік -------------- тілік деп аталады.
8) Қандай да бір тілікті салудан кейін басқа көріністер өзгермейді.
9) Тіліктің қимадан айырмашылығы мынада: тілікте қиюшы жазықтықтағыны ғана емес, сонымен бірге қиюшы жазықтықтың -------------- жағында жатқандарды да көрсетеміз.

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Көріністің жартысымен тіліктің жартысын біріктіру . №12 слайд

Егер көрініс пен тілік симметриялы кескіндер болып табылса, онда сызбада көрініс пен тіліктің жартысын біріктіреді.бұл жағдайда көрініс пен тілікті бөліп тұратын сызық симметрия осі болады, ол үзілме нуктелі сызықпен жүргізіледі.

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысыныңбірігуін қамтитын симметриялы тетіктердің кескінің салу барысында төмендегіндей ережелерді орындау қажет:

  • Сызбада тілік симметрия осінің оң жағында немесе симметрия осінің астында орналасады;

  • Көріністің жартысында нәрсенің ішкі тұрпатын көрсететің үзілме сызықтар кескінделмейді;

  • Өлшем сызықтары симметрия осіне дейін жүргізіледі, бірақ өлшем толық қойылады.

Сызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіруСызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіру

Жергілікті тілік. №14 слайд

Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктірудің ерекше жағдайы жергілікті тілік болып табылады. Жергілікті тілік нәрсенің жекеленген, шектелген жеріндегі ішкі пішінің айқындау үшін пайдаланылады. Жергілікті тілікті алу үшін нәрсенің пішінінің шамасы жағынан кішірек бөлігі ойша алынып тасталады. Мұнда қиюшы жазықтық бейнеленетін элементтің осі бойымен өтеді.

Сызбада жергілікті тіліктің шекарасы тұтас жіңішке ирек сызықпен көрсетіледі, ол қандай да бір басқа сызықпен беттеспеу керек.Сызбада жергілікті сызық белгіленбейді.

Сызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіру

VІ. Практикалық жұмыс.

Жұмыс интерактивті тақтада орындалады.

№1 тапсырма. Көріністің жартысын және тіліктің жартысын біріктіруді орында. №15 слайд

Сызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіру

№2 тапсырма. Сызбада қателерді тап. Қателерді қызыл түспен сызып көрсет.

№16 слайд

Сызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіру

№3 тапсырма. Сызбаны аяқта. Көрініс пен тілікті біріктіруді орында.

№17слайд

Сызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіру


VII. Сабақты бекіту.

Өзінді өзін тексер! (тестті оқушылар компьютерде Viptest бағдарламамен орындайды)

Қандай жағдайларда сызбада көріністің жартысымен пен тіліктің жартысын біріктіруді орындайды?

А) Егер көрініс пен тілік симметриялы кескіндер болып табылса.

В) Егер көрініс пен тілік симметриялы емес кескіндер болып табылса.

С) Егер тілік симметриялы кескін болып табылса.

2. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын қандай сызық біріктіреді?

А) Үзілме

В) Үзілме нүктелі

С) Ирек

3. Жергілікті тілікті не үшін пайдаланады?

А) Нәрсенің көрінбейтін бөлігін айқындау үшін.

В) Нәрсенің көрінетін бөлігін айқындау үшін.

С) Нәрсенің жекеленген, шектелген жеріндегі ішкі пішінін айқындау үшін.
VIII.Қорытындылау.

  • Оқушылардың жұмыстарын тексеру.

  • Бағалау.

  • Үй тапсырмасы $ 32, 81 бет жаттығу орындау №18 слайд

Сызу 9 сынып. Көрініс пен тілікті қосып біріктіру

© 2010-2022