Жол белгілерін салу

Жолда жүру ережелері туралы бастауыш кластарда әңгімелер түрінде, экскурсия жасау, тәрбие сағаттарында, ертеңгіліктерде және бейнелеу өнері сабақтарында суреттерін салдыру арқылы мәлімет беріледі. Жеке пәндерді оқыту кезінде де мол мағлұмат беруге болады. Әсіресе бейнелеу өнері сабақтарында, үйірмелерде көптеген түсініктер алады. Жол белгілерін суретте бейнелеу көп нәрсеге үйретеді. Жолда жүру ережесін үйретудің тақырыптық жоспары бойынша III класта «Жол белгілеріне» арналған сабақ бар. Сабақтың тақырыбы: «Жол белгілерін салу»: 1. Басқа да қауіп-қатер;  2. Міндетті жүру бағыты, Сабақтың мақсаты: Жол белгілері туралы түсінік беру, суретін салдыру. Жолда жүру ережелерін үйрету, сурет салуда доғал және имек сызықтарды сызу дағдысын қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі: ИКТ, дайын жол белгілері. Оларды салу жолдары көрсетілген таблицалар; Қосымша шумақтар. Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа әзірліктерін байқап, қажетті құралдарын түгендегеннен кейін бірден сабақты бастап кету керек. Себебі сабақта жол белгілері жайында түсінік беріледі, әрі екі белгіні салуға уақыт тығыз болып қалуы ықтимал.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жол белгілерін салу


Жолда жүру ережелері туралыбастауыш кластарда әңгімелер түрінде, экскурсия жасау, тәрбие сағаттарында, ертеңгіліктерде және бейнелеу өнері сабақтарында суреттерін салдыру арқылы мәлімет беріледі. Жеке пәндерді оқыту кезінде де мол мағлұмат беруге болады. Әсіресе бейнелеу өнері сабақтарында, үйірмелерде көптеген түсініктер алады. Жол белгілерін суретте бейнелеу көп нәрсеге үйретеді.

Жолда жүру ережесін үйретудің тақырыптық жоспары бойынша III класта «Жол белгілеріне» арналған сабақ бар.

Енді осы жол белгілерінің бір-екеуінің салу әдісін қарастырайық.

Сабақтың тақырыбы: Жол белгілерін салу: 1. Басқа да қауіп-қатер; 2. Міндетті жүру бағыты,

Сабақтың мақсаты: Жол белгілері туралы түсінік беру, суретін салдыру. Жолда жүру ережелерін үйрету, сурет салуда доғал және имек сызықтарды сызу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: ИКТ, дайын жол белгілері. Оларды салу жолдары көрсетілген таблицалар; Қосымша шумақтар.

Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа әзірліктерін байқап, қажетті құралдарын түгендегеннен кейін бірден сабақты бастап кету керек. Себебі сабақта жол белгілері жайында түсінік беріледі, әрі екі белгіні салуға уақыт тығыз болып қалуы ықтимал.

Сонымен, ИКТ арқылы жолда жүру ережелеріне байланысты фильм көрсету, жол белгілерінің төрт тобынан бір-бір белгі слайд арқылы көрсетіліп, 1-2 минуттық үзіліс жасалады. Балалар ойын тоқтатып, қарап болған соң:

  • Балалар, елімізде жыл сайын машиналар, автомобиль түрлері, олардың саны көбеюде. Соған байланысты жолда, көшеде қозғалыс та күрделенуде. Мұндай жағдайда жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де өте сақ болулары керек. Әсіресе балалар өте сақ болулары керек. Жазымнан аман болу үшін, жолда жүру ережелерін жақсы біліп, оны бұлжытпай орындау керек. Егер байқап, сақ жүрмесе, жазымға ұшыраулары мүмкін.

Мұғалім слайд арқылы:

- «Жол белгілері» атқаратын қызметіне қарай төрт топқа бөлінеді:

1.Ескерту белгілері;

2. Тыйым салу белгілері;

3. Анықтама белгілері;

4. Сілтеу белгілері - болатынын түсіндіреді. Мұнан соң, мұғалім басқа да жол белгілері болатынын слайдтан көрсете отырып айтады.

Жол белгілері - жолдағы жүрісті ұйымдастырып тұратын құрал. Осы төрт топтан басқа тағы «Қосымша мәлімет құралдары» болады.

«Ескерту белгілері» қызыл жиекті, реңі сары, үшбұрыш формасында болады. Белгі жүргізушіге алдағы қауіптің сипаты және алдын ала шаралар қолдану қажеттігін хабарлайды.

«Тыйым салынатын» белгілерінің реңі қызыл, көгілдір болады. Бұл белгілер тиісті дәрежеде жүріске шек қояды немесе шектеулерді жояды.

«Анықтама белгілерінің» жалпы белгісі - көгілдір шеңбер. Ол транспортқа тек қана белгілі бағытта мөлшерлі жылдамдықпен тиісті жүргізушілердің жүруіне рұқсат етеді.

«Сілтеу белгілерінің» реңі сары, ақ, көгілдір болады. Тік төрт бұрыш формалы. Бұл белгі жол жағдайының ерекшеліктерін, объектілердің жол бойында қалай орналасқанын хабарлайды.

«Қосымша мәліметтер құралдары» ақ, сары, көгілдір түсті табличкалар. Олар өздеріне қатысты жол белгілерінің күшінде болу аймағын шектейді не күштейтеді.

Осылай әр топтың белгісін көрсетіп, ауызша түсініктер жасалады да, «Басқа да қауіп-қатер» белгісін (алдын ала әзірленген) алып, натуралық үстелге бекітіп, пауза жасалады.

Онан соң бұл белгі туралы өлең шумағын мұғалім жатқа оқиды. (алдын ала оқушыға беріп жаттатып, сабақта оған айтқызуға да болады).

Енді суретті салу жолдары түсіндіріледі:\

  • Белгі суретін салмас бұрын сыртқы формасына, түсіне назар аударайық. Ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Қандай-қандай бөліктерін байқадыңдар? Осы белгілердің қай тобына жатады деп ойлайсыңдар? - деген сұрақтарға жеке-жеке жауаптар алып, белгі туралы түсінікті толықтырады:

Үшбұрыштың ішкі жағы сары түспен айналдыра қызыл жиек жүргізілген. Сары түстің дәл ортасында леп белгісі бар. Оның реңі - қара. Бұл жол белгілерінің «Ескерту белгілері» тобына жатады.

Белгі туралы түсінің жасалып, оқушылардың дәптері жұмысқа әзірленеді. Сабақта жол белгісінің екі түрі бір бетке орналасатындықтан дәптер беті екіге бөлінеді, (дәптер көлденең ұсталады). Ал, суретті салуда балалардың басты міндеті - дұрыс үшбұрыш сызу.

Суретті дәптерге сол жақ бөліктің төменгі шетінен сәл жоғары горизонталь сызық жүргізуден бастаймыз. Оның бойынан үшбұрыштың табанының ұзындығын белгілеп, дәл ортасынан орта сызық түсіріледі. ( І-а сурет) (оның биіктігі горизонталь сызықтың ұзындығындай).

Тік сызықтың жоғары ұшынан горизонталь сызықтың екі ұшына қарай, оның ұзындығындай көлбеу сызықтармен жүргізіліп қосылады. Осылай алынған үшбұрыштың қабырғаларын дұрыстап, оның ішінен екінші үшбұрыш саламыз және ортаңғы сызықтың бойына «І» белгісінің орнын белгілейміз ( 1-ә сурет). Енді белгіленген сызықтарды қосып, белгінің жалпы формасын аламыз.

Оқушылардың қалай орындағандарын байқап, қателер болса қарап, енді сол қатені басқалары қайталамас үшін жалпы класқа көрсетіп тұрып түзету керек. Онан соң, оқушылардың жұмыстарын түгелдей қарап шығып, белгіні бояу жолдары түсіндіріледі.

Бұл белгінің формасы дөңгелек, түсі көгілдір, ортасында жоғары қарай бағытталған стрелкасы болады. Оның түсі-ақ. Ал,қазір осы белгіні дәптерлерімізге салуға кірісеміз.

Белгіні салу үшін дәптеріміздің оң жағындағы бөлігінің (алдында бөлінген) ортасынан горизонталь сызық жүргізіп, оны қақ ортасынан тіке сызықпен қиып өтеміз. Шыққан төрт бөлікті тағы да көзбен мөлшерлеп тік бөліктерге тік сызықтармен бөлеміз (балалар түсінбей қалмауы үшін таблицамен салыстырып, тақтада сызып көрсетіледі). Осы жүргізілген сызықтардың қиылысқан нүктесінен жоғары қарай бірдей қашықтықта белгілер жасалады. (2-а сурет).

Енді осы белгілер доғал сызықтармен қосылып, шеңбер сызылады (2-ә сурет).

Белгіні салудағы бірінші міндет - шеңберді дұрыс салу. Ал шеңберді салуда циркульді пайдалануға болмайтыны ескертіледі. Оны жоғарыда түсіндірілген әдіспен, көз мөлшерімен салу керек. Дәптер бір бағытта ұсталады, орнынан оңға-солға айналдырмай-ақ қолмен жұмыс істеу керектігі ескертіліп, орындалуын қатаң қадағалау керек.

Сызылған шеңберді әбден дұрыстап болған соң, стрелканың көлемі: биіктігі, ені анықталып, көмекші сызықтармен жүргізіледі (2-б сурет).

«Міндетті жүру бағыты» белгісін салудың жолдары осы бағытта түсіндіріліп, таблица жиналып алынады да, жұмысты натурасы бойынша орындауға тапсырылады.

Оқушылар бұл бөліктерді тегіс салып болған соң, жұмыстары тексеріліп, артық не қосымша сызықтары кетіріліп, сурет бояуға әзірленеді.

Белгіні бояу үшін стрелка ақ күйінде қалдырылады да, дөңгелек іші тегіс көк түспен боялады (1-в сурет). Жұмыс бір сабақта аяқталып бағалануы керек. Жұмыс аяқталған соң сабақта берілген мәліметтер бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың алған білім дағдылары бекітіледі.

Оқушылардың алған білімдерін бекіту үшін әзірленген жол белгілері қолдарына беріліп, сұрақтар қойылып, әр белгінің атқаратын қызметі сұралады.

Оқушылардың жұмысы салыстырылып, бағаланады.

Жол белгілерін салу

© 2010-2022