Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сынып)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ою-өрнек түрлері» кіріктірілген панорамалық сабақ 3 «В» сынып.



Мұғалім: Бекжанова Қ.С.

Кулембаев А.Т.



Саран қаласы



Сабақ тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер,ою түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету. Ою-өрнектер түрлері туралы алған білімдерін қайталау.
Тәрбиелік мақсаты: Жас ұрпақтың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып, ою - өрнекті бейнелей отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру;

Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын дамыту,ақпаратты комуникативті технологияны қолдану.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ.

Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: «Ою - өрнек түрлері», «Ою - өрнектің қолданылуы» слайд, тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: информатика,дүниетану.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал - жабдықтарын түгендеу.
2. Бекіту сабақ. Сабақ тақырыбын хабарлап, ою - өрнек туралы қайталау.
Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы - сәндеу, әсемдеу. Ою - өрнек бір затты ою, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, киылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

II. «Ғажайыпстанға саяхат»,ою туралы мультфильм көру арқылы сабақты қайталау.

2.Слайдпен «Жануарлар», «Өсімдіктер», «Аспан әлемі», «Геометриялық» өрнектерді қайталау,схемамен көрсету. Ою - өрнек түрлері мен атаулары көп. Ғылымда ою - өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.

3.Ою-өрнектің тұрмыста қолданылатын орнын қайталау./слайдпен жұмыс/

Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын - сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін,киім - кешектерді, ыдыс - аяқтарды, қару - жарақ, зергерлік бұйымдарды безендіруде қолданылады.

III. Топқа бөлу

Әр компютерде Paint графикалық редакторы прогграммасында оқушыларға өзі таңдаған «Аспан әлемі», «Жанурлар тектес оюлар», «Өсімдік тектес оюлар»дың біреуінің суретін компютерде салып,оны өзі ұнатқан түспен бояу.

Оқушылардың таңдап салған суреттері бойынша 3-топқа бөлу.

V.Топтастыру стратегиясы.

Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сынып)Өсімдіктерге байланысты

Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сынып)Жануарларға байланысты

Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сынып)Аспан әлеміне байланысты

VI.Сарамандық жұмыс.
1-топ
Жануарлар тектес
оюдан шаршыға композиция құру
2-топБейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сынып)
Өсімдік тектес оюдан
шеңберге ою композициясын құру

Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сынып)

3-топ
Аспан әлемі тектес оюдан жолаққа композиция құру

Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сынып)

VII.Сергіту сәті «Қамажай»/Видео/

VIII.Сабақты қорытындылау.Тест.

IX.Бағалау.Топбасшысының бағалауы.

X.Үйге тапсырма.

«Геометриялық» өрнектен композиция құрастыру,ою-өрнекке байланысты қысқаша мазмұндама жазып келу.





© 2010-2022