Сабақтың тақырыбы: Қоян мүсінін сомдау

Сабақтың тақырыбы:Қоян мүсінін сомдау. Сабақтың мақсаты:а)білімділік:Оқушылардың қоян туралы түсініктерін кеңейту. ә)дамытушылық: қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой өрістерін қалыптастыру. б)тәрбиелік:оқушыларды табиғатты сүюге,қорғауға,жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Ұйымдастыру бөлімі:оқушылармен амандасу,сыныпты түгелдеу,сабаққа дайындау. Негізгі бөлім. Өткен сабақты жалғастыру. Балалар біз бүгін орманда мекендейтін жануарлармен танысамыз.Ең алдымен мына жұмбақтың шешуін ш...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Қоян мүсінін сомдау.

Сабақтың мақсаты:а)білімділік:Оқушылардың қоян туралы түсініктерін кеңейту.

ә)дамытушылық: қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой өрістерін қалыптастыру.

б)тәрбиелік:оқушыларды табиғатты сүюге,қорғауға,жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі:оқушылармен амандасу,сыныпты түгелдеу,сабаққа дайындау.

Негізгі бөлім. Өткен сабақты жалғастыру.

Балалар біз бүгін орманда мекендейтін жануарлармен танысамыз.Ең алдымен мына жұмбақтың шешуін шешейік.

Қыста ақ,

Жазда сұр.

Бұл қай аң?

Балалардың жауабы: Қоян.

-Өте дұрыс.Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады.

Қоян шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді.Өсімдіктермен қоректенеді.Қоянның құлағыұзын,құйрығы үлпілдек қфсқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын.Сондықтан биіктеу жерлерге тез көтіріледі,ал биіктен түсерде қоян қиналады,кейде домалап та кетеді.

Қоянның көзі басының ортасында емес,екі жағында орналасқан.Ол артынан,не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады.Тісі өткір. Қояндар өзіне үйшік жасамайды.қысқа азық дайындамайды.Бұта түбінде,орман жиегінде тіршілік етеді.Түнге қарай азық іздеуге шығады.

Көктем,жаз айларында жасыл шөп,өсімдік тамырларымен қоректенеді.Ал қыста қалың қар астында тығылады.

Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді.Кейде ақ қоянды аңшылар байқамай қалады.Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтанқояндар кейде бақша егілген жерлердегі қырыққабат,сәбіз қалдықтарын жейді.Қыс мезгілінде осындай егіске тап болса,қар астынан шұңқыр қазып,күздік егіспен қоректенеді.Сондай-ақ қояндар жас теректердің қабығын кеміріп жейді.Орманда мекендейтін жыртқыш аңдар мен құстар,қасқыр,түлкі, бүркіт,қаршыға,жапалақ т.б.қоянды аңдиды.Бұл сәттерде қоян жүйріктігімен құтылып кетеді.

Ал енді қоян туралы баяндап болсақ, қоянның мүсінін сомдауға кірісеміз.

Алдымен ермексазымызды әбден илеп аламыз.Сонан кейін барып жұмысымызды бастаймыз.

Ал енді балалар жайлап сабағымызға кірісеміз.

Қорытынды: Сабақты аяқтау бағалау.



© 2010-2022