Ашық сабақ Тесігі және ойығы бар геометриялық денелердің проекциясы (9сынып)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақжайық ауданы Алғабас ОЖББМ сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Г.Хаймулдина

Сабақтың тақырыбы: Тесігі және ойықтары бар геометриялық денелердің проекциялары

Мақсаты:

Білімділігі:оқушылардың геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін толықтыру, біліктілігін арттыру. Тесігі және ойығы бар геометриялық денелердің проекциясын салу әдістері

Дамытушылығы:өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, ой қорытып, нақты шешім жасуға баулып, көз алдына елестету, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелігі:сызбаларды сауатты өз бетінше сызуға, шыдамдылыққа,ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу

Әдісі:жалпылама қайталау,бекіту,сызудың әр тақырыптағы ерекшеліктерін баяндап түсіндіру,өзіндік жұмыс, қосымша тапсырмалар беріп, білім алуға бағыттау

Көрнекіліктер: деталь-модельдер, сызба үлгілері, карточка тапсырмалар

Сабақтың барысы: «Кім шапшаң?» ойыны (өткен тақырып бойынша жалпылама қайталау бағытында сұрақтар қойылады)

І.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау стратегиясы

(Әр топқа әр түрлі геометриялық модельдер ұсынылады)

-осы фигуралар туралы не білеміз?

-бұл геометриялық пішіндерден не байқадыңдар? (үстел үстіндегі ойығы бар қиылған модельдерге талдау жасау)

ІІ.Мағынаны тану

Тесігі және ойығы бар геометриялық денелер

Біздің айналамыздағы заттардың көбісі геометриялық денелер пішініне ие.

Техникада кездесетін тетіктердің пішіні де әртүрлі геометриялық денелер мен олардың бөліктерінен тұрады(тесігі және ойығы бар геометриялық пішіндерді талдау).

Мысалы,бір цилиндрге екінші кіші цилиндрдің қосындысы нәтижесінде жасалады. Төлке бір цилиндрден диаметрі кіші цилиндрді алып тастаса, пайда болады.

Әрбір геометриялық дене пішімінің және оның сызбадағы кескінінің өзіне тән ерекше белгілері болады. Оларды сызбаны оқу және орындауды жеңілдету үшін пайдаланады.

Тетікбөлшекті ойша бізге таныс геометриялық денелерге тән кескінді құрамдас бөліктеріне мүшелеп бөледі.

Затты ойша геометриялық денелердің құрамдас бөліктеріне мүшелеп бөлуді геометриялық пішінді талдау деп атайды. Ендеше, мына бейнеленген бөлшек қандай геометриялық денелерден тұрады?

Берілген тетікбөлшектің пішіні қиық конустан, цилиндрден, кубтан, тағы бір цилиндрден, шардың бөлігінен құралған. Үлкен цилиндрдің бүйірінен цилиндр пішінді элемент алынған.

Мұндай талдаудан кейін бөлшек пішінін елестету жеңіл. Сондықтан геометриялық денелер проекцияларына тән ерекшеліктерін білу қажет.

а)Алдыңғы, үстіңгі, сол жақ - бұл қандай кескіндер? (Пластинада үш тесік ойылған. Нәрсенің әр қабырғасымен бұрғанда барлық үш тесікті жабатын техникалық модельді тауып, тапсырманы орындау керек)

б)Модельдерді құрастыру

в) Қиық дененің кешенді сызбасы және аксонометриясын тұрғызыңдар

Қорытынды:Не білдік? Не үйрендік?

Үй тапсырмасы: Геометриялық денелерден модельдер құрастыру

Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі




Тесігі және ойықтары бар геометриялық денелердің проекциялары
















Сызу пәнінің мұғалімі: Хаймулдина Г.М

© 2010-2022