Қарама қарсы контраст түстер (3класс)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

Қарама-қарсы (контраст) түстер. Қарама-қарсы түстердің ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

білімдерін қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет

салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Негізгі бояу түсі:

  • қызыл,

  • көк,

  • сары.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ал енді шеңберде керісінше қарама-қарсы орналасқан түстерге қара. Қызыл түс жасылға, қызғылт сары түс көкке, сары түс күлгінге қарсы орналасқан. Оларды қарама-қарсы түстер жұбы деп атайды. Бүл түстер бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қызыл жасылға, қызғылт сары көкке, сары күлгінге қарама-қарсы түстер.Қарама қарсы контраст түстер(3класс)Қарама қарсы контраст түстер(3класс)

Тағы бір тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жасау үшін саған үлкендігі мен түстері бірдей, мысалы, қызғылт сары түсті екі дөңгелек және түстері әр түрлі, ал өлшемі бірдей екі шаршы керек. Бір шаршыны сары қағаздан, екіншісін көк қағаздан қиып ал. Дөңгелектерді шаршылардың бетіне орналастыр. Дөңгелектердің қайсысы саған ашық түсті болып көрінеді? Әрине, көк шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек анағұрлым айшықты. Ал сары шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек әлдеқайда қоюлау. Мүмкін, бір дөңгелектің түсі екіншісіне қарағанда ашықтау шығар?! Оларды шаршы бетінен алып, ақ қағаз бетіне орналастыр. Екеуінің де түсі бірдей екеніне көз жеткіз. Оларды қайтадан шаршылардың бетіне қой, тағы да көк шаршы бетіндегі дөңгелек ашық болып көрінеді.Қарама қарсы контраст түстер(3класс)

Осылайша басқа қарама-қарсы түс жұптарына да тәжірибе жасауыңа болады. Жасыл шаршы бетіндегі қызыл дөңгелек күлгін шаршы бетіндегі қызыл дөңге- лекке қарағанда әлдеқайда айшықты.

Сары шаршы бетіндегі күлгін дөңгелек көк шаршы бетіндегіге қарағанда айшықты болып көрінеді. Нәтижесінде қарама-қарсы түс жұптары жақын түс жұптарына қарағанда әлдеқайда айшықты екендігіне көз жеткізесің. Жақын түстер үйлесімділігіне қарағанда, қарама-қарсы түстердің үйлесімділігі әрқашан жарқырап көрінеді.Қарама қарсы контраст түстер(3класс)

Қарама қарсы контраст түстер(3класс)


Үйге тапсырма беру: Жылы және суық түсте табиғат көрінісін бейнелеу.



© 2010-2022