Разработки уроков с применением 7 модулей по изобразительному искусству

Разработки уроков по изобразительному искусству. Блок скульптура. 1. Понятие об архитектуре.2. Архитектурные стили3. Древняя архитектура Казахстана.4. Семь чудес света.5. Необычные здания.На каждый урок применяется разная техника выполнения.  Сабақ жоспарын құрастыруда СТОны, Б-Б-Б (білемін, білгім келеді, білдім) қолданамын.   Сабақтың басында өткен сабақты еске түсіріп қайталау болды, оқушыларға бір парақ қағаздар таратылды, парақ үш бағанға бөлінген: 1 сәулет өнері туралы не білетіндігі және ...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірінші сабақтың тақырыбы: «Сәулет өнерінің стильдері».

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

6 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

27 апта

02.04.2014

2 сабақ 9.05.-9.55. № 35 дәрісхана

Сабақтың атауы

Сәулет өнерінің стильдері

Сілтеме

З. Айдарова 6 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Сәулет өнернің стильдерімен таныстыру. Сәулет өнерінің стильдерін өткен сабақтағы көрген ғимараттармен байланыстыра білуін қадағалау. Ғимараттарды безендіру түрлерін туралы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Сәулет өнерінің стильдері бейнеленген суреттерді көрсету арқылы, оқушылардың қызығушылығын ояту,

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, Б-Б-Б арқылы білетіндерін, білгендерін белгілеп алу.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1.Сәулет өнері стильдері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы, Wiki беттерінен алынған мәліметтер, Google сайтынан алынған сәулет өнерінің стильдері көрсетілген суреттер, фотолар. Яндекс суреттер.

1 сабақ Тақырыбы: Сәулет өнерінің стильдері

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Оқыту сұранысын ан-ықтау. Оқыту қажетті-ліктерін анықтаңыз?

Ғимараттардың адам өміріне қажеттілігі, әсемдігі

Ғимарат, симметрия, ассиметрия, архитектура, гармония, перспектива, экстерьер

Сәулет өнерінің типтерін айыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру

Безендіру түлерінің сәулет өнерімен байланысы

Ғимараттардың түрлері, стильдері (ағымдары), өмір ағымына байланысты ғимараттардың өзгеруі.

Стиль, Готика, Ренесанс, Барокко, Рококо, Ампир, Модерн, арка, храм, мозаика, витраж, безендіру

Сәулет өнерінің стильдерімен түрлерін айыра алмайды, сол сияқты, мозаикамен витраж ұғымдарын шатастырады.

Сәулет өнерінің стильдерінің айырмашылықтарын таниды, ғимраттарға қарап қай ағымға жататынын талдай алады.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Өткен сабақты қайталау Слайд1 / 2,5 минут/

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту. Слайд1/2 /3минут/

Оқушыларға таратылған қағаздарды толтыруды ұсыну, сәулет өнері туралы не «білемін» және не «білгім келеді» екі бағанға жазады.

Слайд2-18 /5 минут/

Оқушыларға слайд фильм көрсету. Слайдтарды мұқият қарауды талап ету. (Суреттерде: Готика, Ренессанс, Барокко, Рококо стильдері туралы, сәулет өнерінің құрылыстары суреттелген)

Мұғалім сұрағы: Осы көрген құрылыстар туралы өз ойларыңды айтындар. Бұл құрылыстардың арасында қандай айырмашылықтар бар? Ойлану, сұраққа жауап беру. Балалар ойларына келгендерін айтуға мүмкіндік беру. Слайд19

Сұрақ: Қай заманда болсын барлық ғимараттарды адамдар безендіреді. Қандай безендіру түрлері қолданылады деп ойлайсыңдар?
Бір бірімен ақылдасып жауаптарын айтыңдар. Ғимараттардың безендірулері туралы пікірлерін тыңдау Слайд 20

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану Слайд 21

  • Балалар витраж туралы айтады, қай жерлерде қолданатындығын айтады

  • Витраж бейнеленген суреттерді көрсетемін /3мин/

Слайд22 /2мин/

  • Ендеше біз безендірудің бір түрі витражды орындап көрейік

  • Тапсырма: Витражға эскиз салыңдар. Тапсырманы топпен орындаңдар /18 минут/

Сурет салу Оқушылар топпен витражға эскиз салады салады. Слайд 27

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Топтағы талантты, дарынды балалар салған эскизге әңгіме құрастырады. Әңгіме құрастырғаннан кейін мәтінді оқиды.

Слайд 28-29 Мәтінді оқу /3мин/

Витраж (фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғага дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді. Құрылыс тәжірибесінде ғимараттың түгел немесе ішінара әйнектелген қасбеті де Витраж деп аталады. Витраждың қарапайым түрлері Ежелгі Мысырда б.з.б. 2 - мыңжылдықтан бастап жасалған. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа сәулет өнерінде ғибадатханалардың интерьерлерін безендіруде Витраж өнері шарықтау шетіне жетті. Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 - 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театр, кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады.

Мәтінді оқып, топтағы оқушылар өзара пікір алмасады.

Жұмысты қорғау. Әр топ екі минуттан

Слайд 30/1 /2мин-6мин/

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Слайд30/2

Сабақтың аяғында өздеріне берілген қағаздың «білдім» деген бағанын толтырады, бүгінгі сабақтан не алғандарын жазады.

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлары

Бағалау: /1мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Сурет салғанын

Әңгіме құрастырғанын немесе мәтінді айтқанын

Мұғалімнің бағасы

1

2

3

4

5

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Бүгінгі сабақта өткенді қорытындылау. Сәулет өнерінің стильдері туралы көп нәрсе білгендерін айтты. Витраждармен безендіруді қай жерде пайдаланылатындығын біледі.

Кері байланыс /1 минут/

Оқушы алған білімінің деңгейін:

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: шағын топтардың витраждың эскизін салғанда түсінікті болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар, бірақ дарынды балаларға қосымша тапсырмалар берілді.

3. Бұл арада мұғалім баларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

Екінші сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштері»

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

6 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

28 апта

09.04.2014

2 сабақ 9.05.-9.55. № 35 дәрісхана

Сабақтың атауы

Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштері

Сілтеме

З. Айдарова 6 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Қазақстанның сәулет өнеріні ескерткіштерімен танысу. Суреттің орындалу техникасы, заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1.Қазақстанның сәулет өнері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы, Google сайтынан алынған кесенелер көрсетілген суреттер, Kerekinfo.kz алынған фотолар Домалақ ана, Қозы Көрпеш Баян сұлу, Қожа Ахмет Ияссауи, Айша бибі кесенелерінің суреттері, Яндекс Кесенелер туралы мәліметтер.

1 сабақ Тақырыбы: Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштері

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Қазақстан сәулет өнерінің ескеркіштерінің маңыздылығы. Кесенелердің киелілігі, құрылымдағы симетриясы.

Кесене, симметрия, архитектура, перспектива, экстерьер, мазар, мавзолей, некрополь

Бейнелеу өнерінің түрлерін жанрлармен шатастырады

Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру

Орындалу техникасын өзгерту

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту. Слайд1

Балалар, біз бүгін басқаша жұмыс істейміз!

ЖИГСО-1

Жанұя тобын құру

Жұмыс тобына бөліну

Жанұя тобына оралу

(түсінгендерін мүсіндеу, қорғау)

Оқушыларға сабақтың басында сабақ барысын түсіндіріп айтып өту

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

Жанұя тобында мәтін оқу Слайд2/1

/5 минут/

Жұмыс тобында пікір алмасу Слайд2/2

/5 минут/

Жанұя тобына оралу, түсінгендерін айту Слайд2/3

/4,5 минут/

Слайдтарды қарау Слайд3-6

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Оқушыларға таратылған мәтіндер

І - топқа Домалак ана кесенесі ХІ ғасырдың ескерткіші. Домалақ ана кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Кесене Али Сыланқызы Нуриланың мазарының үстінде салынған, Нурила апамыз халық арасында Домалақ ана деген атқа ие. Домалақ ана Байдибек атаның ең кенже әйелі. Ол өзінің ақылдылығымен, сабырлылығымен танымал, және жақсылық пен ананың символы болып табылады. Домалақ ана халық арасында дауларды шешуімен, тапқырлығымен танымал болған. Алғашында кесене 1456 жылы төрт куполды болып салынды. XI-XV ғасырлары Домалак ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен болатын. ХХ ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған. Домалақ ана кесенесінің биіктігі 12 метр. Аңыз бойынша Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек қана таза адам өте алады. Мұражайда қолдан жасалынған көптеген заттар сақталған.

ІІ - топқа Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны - атақты Айша бибі кесенесі. Ол ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады. Әулиелі Әулиеата өңіріне аяқ басқан адамның бәрі ең алдымен осы кесенеге келіп, тәу етпей кетпейді. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі болып саналады. Ескерткіштің сыртқы бетіне қаланған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таңғалдырарлықтай… Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Сұлу Айша мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағ­даласады.

ІІІ - топқа Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кеін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы - 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі - 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы - 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы - 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері - ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: Қазандық; Үлкен Ақсарай ;Кіші Ақсарай; Кітапхана; Асхана ;Көрхана.

ІV - топқа Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары-сәулет өнерінің ескерткіші Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауд. 7,10x7,10м, ішкі жағынан 3,38x3,38м), жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген,биікт. 11.65м. Еденінен күмбезіне дейінгі биікт.4,35м. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалындығы-1,86м. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Мавзолейдің құрылыс материалы-жалпақ тастар пирамидалық үлгіге сәйкестене қаланған. Төрт жағының бірінде симметрияның сақталмауынан ойыс пайда болған. Бұл да төрт қырлы. Мавзолейдің авторы өз қолымен өрген құрылыстың өскін ұрпаққа қалдырар өнегесі мен өсиетінің келер заман құндылықтарымен жымдаса қабысуын жан-жақты ойластырғандай.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Сурет салу, салған суретті мүсіндеп рельеф жасау. Суреттері де, жасаған мүсіндері де өз ойларынша салған сурет болады. Алған білімдерін практикада қолдану.

/20 минут/ Слайд7/1

Суреттерін қорғау, топпен шығып әр оқушы өзінің білгенін айтады /2 минуттан төрт топқа 6 минут/

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

-сабақты қалай аяқтаудың жоспарлары

Бағалау: /1мин/

Өзін-өзі және достарын бағалау тақтаға суреттерінің астына жабыстыру арқылы.

Балалардың бірін бірі ұпайлармен бағалаудың қорытындысы бойынша бағаларын қою.

Балалар тақтадағы өздері тізіп қойған суреттеріне өздерінің ұпайлар қойған стикерлерін жабыстарды.

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Өздерің қалаған әр түрлі материал алып келіңдер

/1мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Оқушы алған білімінің деңгейін:

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: оқушылар ақылдасып рельеф жасай бастағанда өзара түсінушілік пайда болды. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып ілім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім баларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

Үшінші сабақтың тақырыбы: «Әлемнің жеті кереметі»

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

6 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

29 апта

16.04.2014.

2 сабақ 9.05.-9.55. № 35 дәрісхана

Сабақтың атауы

Әлемнің жеті кереметі

Сілтеме

З. Айдарова 6 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Сәулет өнеріндегі керемет шығармалар туралы мәлімет алу, адам өз қолымен жасаған сәулет өнерінің шедеврлерімен таныстыру. Суреттің коллаж тәсілімен орындалу заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Оқушылардың қиялдарын іске асыруға жол беру.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1.Әлемнің керемет сәулет өнері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы, Google сайтынан алынған massaget.kz, Яндекс әлемнің жеті кереметі көрсетілген суреттер және солар туралы мәліметтер.

1 сабақ Тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Әлемдік сәулет өнерінің ескерткіштері

Шедевр, коллаж, зәулім құрылыстар, Мачу-Пикчу, Петр сарайы, Чичен Ица Ұлы Қытай Қорғаны, Колизей, Тадж Махал.

Сәулет өнерінің типтерін айыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру

Безендіру түлерінің сәулет өнерімен байланысы

Әлемнің керемет құрылыстары туралы айту.

Родос Колоссы,

Александр шамшырағы, Зевс мүсіні, аспалы бақтар, мысыр пирамидалары

Галикарнастағы Мавсол мавзолейі, Артемида ғибадатханасы

Әлемнің бұрынғы жеті керметімен қазіргі заманғы жеті кереметті шатастырады

Салынған суреттерін коллаж техникасымен орындау

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-Оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақарып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын оятуға дайындық. Ой тастау мақсатында балаларға суреттер көрсетемін. Слайд1 /2,5 минут/

Әлемнің қазіргі заманғы жеті кереметін слайдпен көрсету: Мачу-пикчу, Петр сарайы, Чичен Ица, Ұлы Қытай Қорғаны, Колизей, Тадж Махал. Оқушылар өздері танитын ғимараттарды айтып отырады.

Мұғалім: Көрген суреттер тыралы не айта аласыздар? Біз бұл суреттерді не үшін көрдік?

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті.

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

ЖИГСО-1

ақпаратты

Жанұя тобын құру

Жұмыс тобына бөліну

Жанұя тобына оралу

(түсінгендерінен коллаж жасау, қорғау)

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Жұмыс тобында пікір алмасу Слайд3/10

Жұмыс барысымен таныстыру Слайд11

Жанұя тобында мәтінді оқу /2 минут/

Оқушыларға таратылған мәтіндер І топқа: Мысыр пирамидалары Пирамидалардың ең көнесі - 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Джосер пирамидасы - көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидалары жалғасын тапты. Көлемі жағынанең үлкен пирамида - Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды 2. Галикарнас кесенесіКіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайымен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы. ІІ топқа: 3. Артемида ғибадатханасы Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. 4. Александрия шамшырағы. Фарос маягы біздің заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі - 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа - батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген. ІІІ топқа: 5. Семирамиданың аспалы бағы.Тигр және Евфрат өзендерінің жағалауында орналасқан Месопотамияда Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Навуходоносор патша алыстағы тау елі - Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) үйленеді. Ассириялық ханша туған елінің табиғатын сағынды, сондықтан Новуходоносор «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Вавилонның құлдырауынан кейін сутасқыны бүкіл елді шайып кетеді. 6. Зевс мүсіні. Әлемнің жеті кереметтерінің бірі - Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орынтағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салынған екен. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. ІV топқа: 7. Родос алыбы. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІғасырда Родос аралына теңіз бен қала қақпасының аралығында сауда алаңына биіктігі 36 метр жас жігіттің қола мүсіні болған. Осынау алып жас жігіт екі аяғын алшайта басып қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған.Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гелиосты өздерінің қамқоршысы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізген.

Жұмыс тобына барып пікір алммасу /5 минут/

Жанұя тобына оралу, түсінгендерін айту / 6 минут/

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Коллаж жасау /20 минут/

Слайд12

Әлемнің жеті кереметі туралы білгендерін айтады. Суреттерін қорғау, топпен шығып әр оқушы өзінің білгенін айтады /2 минуттан төрт топқа 6 минут/

Слайд13

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлары

Бағалау: /1мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау, бағалау парағында жүргізіледі.

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Сурет салғанын

Мұғалімнің бағасы

1

2

3

4

5

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Сабақтың соңы /45 минут/

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Оқушы алған білімінің деңгейін:

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: шағын топтарды барлық оқушылар бірдей жұмыс істеді. Балалардың қиялдарының қандай дәрежеде екенін байқадым. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып ілім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім баларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр баланың өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

Төртінші сабақтың тақырыбы: «Ғажайып құрылыстар».

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

6 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

30 апта

23.04.2014.

2 сабақ 9.05.-9.55. № 35 дәрісхана

Сабақтың атауы

Ғажайып құрылыстар

Сілтеме

З. Айдарова 6 сынып оқулығы Слайдтар, бейне фильм

Жалпы мақсаттары

Сәулет өнеріндегі ерекшеліктерді көрсету, әлемдегі ең ғажайып үйлер туралы мәліметтер алу. Суреттің орындалу заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1.Ғажайып сәулет өнері құрылыстары жайлы ұғым беру.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Google сайтынан алынған massaget.kz, бейнефильм «Самые странные здания мира»

1 сабақ Тақырыбы: Ғажайып құрылыстар

Ғимараттардың адам өміріне қажеттілігі, әсемдігі

Ғимарат, симметрия, ассиметрия, архитектура, гармония, перспектива, экстерьер

Сәулет өнерінің типтерін айыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру

Безендіру түлерінің сәулет өнерімен байланысы

Әдемдегі таңғажайып құрылыстары.

Керемет ғажайып құрылыстар

Әлемдегі ең қызықты құрылыстарды оқушылар жеті кереметпен шатастырады.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-Оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақарап жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Өткен сабақты қайталау. Слайд1 /5 минут/

Ой қозғау мақсатында балаларға өткен тақырыпты қайталаймыз. Әлемнің жеті кереметі тақырыбына кластер құрастырады.

Кластерді қорғау /2минуттан 6 минут/

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеттері.

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

Бейнеклип қарау

Көргенді топта әңгімелеу Слайд2 /1минут/

Өткен тақырыппен байланыстыру. Слайд 3/1

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Егер сендер сәулетші болсаңдар қандай үй салар едіңдер?

Слайд 3/2

Жеке эскиз салу. Балалар өз қиялдарына байланысты әр қайсысы жеке эскиз салады. Слайд3/3 /5минут/

Топпен сурет салу. Балалар жеке салған эскиздерінен таңдап алып топпен бірігіп бір жұмысты салады. Немесе барлық суретті қосып бір түйін шығарады. Болмаса мүлдем басқа сурет салуларына болады.

Слайд3/4 /20минут/

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Суреттерін қорғау, топпен шығып әр оқушы өзінің білгенін айтады. Қиялдарынан салған суреттеріне әңгіме құрастырады. Сол әңгімесімен салған суреттерін қорғайды. /2 минуттан үш топқа 6 минут/

Слайд4/1

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлары

Бағалау: /1мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеген, идея айтқанын бағалау

Эскиз салғанын бағалау

Сурет салғанын бағалау

Мұғалімнің бағасы

1

2

3

4

5

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Кері байланыс жүргізу /0,5 мин/

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Оқушы алған білімінің деңгейін:

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып салған эскиздерінен жақсы сурет салуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

© 2010-2022