Ұйымдастырылған оқу әрекеттерінің технологиялық картасы. Тақырыбы: Ғажайып гүл

Ұйымдастырылған  оқу  әрекеттерінің  технологиялық  картасы Білім беру саласы : Шығармашылық, қатынас, танымдылық, денсаулық. Бөлімі:    Мүсіндеу, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет                                                                                                                                                            Тақырыбы: Ғажайып гүл. Мақсаты:Балаларды көркемдік талғамға тәрбиелеу.Сиқырлы гүлдердің бейнесін мүсіндеуді көрсету және басқа материалдарды қолданып мәнер...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу әрекеттерінің технологиялық картасы

Білім беру саласы : Шығармашылық, қатынас, танымдылық, денсаулық.

Бөлімі: Мүсіндеу, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет Тақырыбы: Ғажайып гүл.

Мақсаты:Балаларды көркемдік талғамға тәрбиелеу.Сиқырлы гүлдердің бейнесін мүсіндеуді көрсету және басқа материалдарды қолданып мәнерлі де, әдемелеп сәндеу. Синтетикалық балшықпен таныстыру: берілген материалды өз бетінше шығармашылықпен қолдана білуге мүмкіндік беру.Біріңғай композиция құра білу.Өнерге деген қызығушылықтарына мүмкіндік туғызу.Шығармашылық талпыныс ақуалын қалыптастырып, балалардығ қиялын,ойын жетілдіру. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Перизат, ғажайып, себелеп нұрын,қорған.

Заттық дамыту ортасы: Гүл перизаты,сиқырлы қорған, синтетикалық балшық, таяқшалар,қорапқа салынған әр түрлі моншақтар, жылтырақтар,түймелер, магнитафон.

Билингвальды сыңары: Қаиырымды - добрая, перизат - фея, зұлым - злой.

Әрекеттер кезеңі

Педагогтың әрекеті

Балалардың әрекеті

Ізденіс себебтері

Топқа есікті қағып пошташы хат алып келеді.Хатты ашып оқиды. «Саламатсыңдар ма балалар! Мені ойыншықтар әлеміндегі жас достарым көмекке шақыртып жатыр.Керемет қорғанымды қараусыз тастап кетуге қорқамын. Зұлым сыйқыршы мен жоқта келіп бүлдіріп кетуі мүмкін.Сондықтан мен келгенше менің қорғаныма сендер қарай тұрыңдаршы.

Сәлеммен Гүл перизаты. »

Балалар бір-біріне ізет білдіріп,сәлемдеседі.

Хаттың мазмұнын зейін қойып тыңдап,

Балалар Гүл перизатына көмектесу үшін қорғанға баруға келіседі.

Ұйымдастырылған ізденіс себептері


Балалар Гүл перизатына көмектесу үшін ертегілер еліне барамыз. Шаттық шеңбері.

Сәлем беріп сіздерге,

Басымызды иеміз.

Қолдасаңыз біздерді,

Қиындықты жеңеміз.

Балалар, міне ертегілер еліне де көзді жұмып ашқанша келіп қалдық. Перизат біздің келуімізді күтпестен кетіп қалыпты. Балаларға жаңа үлгідегі ертегіні айтады.

Себелеп нұрын қашанда,

Ертегі деген бір мұра.

Жұрт қызығар күйі бар,

Әсем сарай үйі бар.

Мына ғажап ғаламда,

Перизаттаи жан барма?

Ертегілер еліндегі Гүл перизатының қорғанына келіп, таңданады.

Шаттық шеңберінің сөзіне қарай қимылдар жасайды.

Ертегіні мұқият тыңлап, кім және не туралы айтылғанын түсінеді.


Мына сиқырлы, әдемі, керемет қорғанда мейірімді де, қайырымды Гүл перизаты тұрады.Гүл перизаты күнде ертеңгісін өз қорғанын аралап таң шапағатын қызықтап,

айналасындағы ағаштармен сәлемдеседі, әсіресе қорған ауласындағы гүлзар бағын ерекше жақсы көреді. Гүл перизаты мына әдемі де әсем гүлдердің көмегімен көптеген ізгі, қайырымды жұмыс жасайды.

- «Ертегілер қайдан алынады?» - деп ойлайсыңдар.

- Ол барлық жерде , жан - жағымыздың барлығы ертегі Ертегі перизаттың бағында да бар екен.

Гүлзарға мұқият қараңдаршы, ол ғажап ертегіге ұқсайды.

Әр гүлдің, тіпті мына кішкентай гүлдің де тарихы бар.

Гүлдерді сөйлей алмайды деп ойлайсыңдар ма?

Олар өз тілдерінде, гүлдердің тілінде, ол түсті бояу тілінде, әсемдік, жұпар иіс тілінде сөйлей алады.

Осы әдемілікті көрген адамдар қайырымды болып, көңіл - күйі көтеріліп, зұлымдық жасай алмайды екен.

Еріншектер - еңбекқор, зұлымдар - қаиырымды, ал аурулар ауруынан сауығып кетеді екен.

- Ал сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

  • Гүлдер туралы білетін өлең, тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

  • Гүлді орысша қалай атаймыз?

  • Гүл перизатын ше?

Қайырымды деген сөзді ше? Алдымен гүлдің ортасын мүсіндейміз. Кішкене сазбалшықты үзіп алып алақан арасында домалақтап шар жасап, картонның тура ортасына қойып,саусағымызбен басамыз. Келесі түстерді таңдап алып гүлдің жапырақтарын мүсіндейміз, ол үшін «тамшы» жасау керек. Сазбалшықты алақан арасында домалақтап, алақанның жоғарғы жағын ашып ілгері - кейін ысамыз.Тамшыларды гүлдің ортасының шет - шентіне орналастырып, жапсырып, жәй басамыз. Гүлдер әдемі, ғажап болу үшін оны қосымша материалдармен, таяқшаларомен-рнек салып сәндейміз.

Ертегіні мұқият тыңлап, кім және не туралы айтылғанын түсінеді.

Ертегілер өмірден алынады.

Балалар таңдана жан - жағына жалтақтап қарайды.

Бақ -бақ, бәйшешек,

қызғалдақ,

Гүлдер жайлы өлең,тақпақтар айтады.

Цветок.

Фея цветов.

Добрая.

Қорқынышты дауысты естіп балалар үрейлене жан - жағына таңырқай қарайды.

\. Гүл перизатына көмектесіп, әдемі, сиқырлы гүл мүсіндеп береміз.

Сиқырлы гүлді мүсіндеу әдісін мұқият тыңдап, түсінеді.


Сергіту сәті: Саусақ жаттығуы.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін

Шыға келді он саусақ.

Біздер тату баламыз,

Гүлдей өсіп жайнаймыз.

Сабақ барысысында әрбалаға мақсатына жету үшін көмектесіп, сиқырлы қасиеттерге жетуге шабыттандырып отыру.

Өлең сөзіне қарай саусақ жаттығун жасайды.

Балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттері жетіліп, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеті дамиды.

Рефлексивті түзету әрекеттері

Құлаққа жағымды әуен ырғағымен топқа Гүл перизаты кіреді.

Саламатсыңдар ма балалар! Гүлзар бағындағы гүлдердің өзгеріп қалғанына таң - тамаша болады. Мен ғана сиқыршымын ба деп жүрсем,сендердің де қолдарыңнан сиқыр жасау келеді екен. Қандай керемет гүлдер,бұлар жәй гүлдер емес сияқты.

Міне ғажап, гүлдердің арасынан «қан қызы» кофетін алып, балаларға алғысын білдіріп, таратып береді.

Гүл перизаты жоқ кезде не болғаны жайлы балалар айтып, өздерінің сиқырлы гүлді қалай мүсіндегені жайлы айтып, гүлдерін көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Ертегі мәнін түсініп, зұлымдылық пен қайырымдылық,әдемілік қорқынышты сөздерініңмағынасын ұғып, түсіне білу.

Бол Түстердің әр түрлілігі және ғажайып әлем туралы алғашқы ұғым болу. Синтетикалық

балшықтың қасиеті жайлы ұғым болу.

Істей алу: Шарик пен тамшы пішіндерін мүсіндеп түрлі материалдарды қолдана отырып сиқырлы гүлдерді мүсіндеп,қосымша затттаррмен толықтыры алу.





© 2010-2022