«Масштабтар. Сызба қаріптері»

Мақсаты: Оқушыға сызба қаріптері жөнінде жалпы ережелермен таныстыру, сызба қаріптерінің түрлерін жазуға дағдыландыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Күтілетін нәтиже: Оқушылар қаріптердің ережелерін, өлшемдерін сақтай отырып жазып үйренеді.Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыруӘдістері:практикалық жұмысҚұрал-жабдықтар: плакат, тақта, бор, сызу аспаптары, жұмыс дәптеріСабақ барысы1.Ұйымдастыру бөлімі.2.Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Бірінші санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Насемов Нурлан Тулегенович

Тақырыбы: «Масштабтар. Сызба қаріптері»

Мақсаты: Оқушыға сызба қаріптері жөнінде жалпы ережелермен таныстыру, сызба қаріптерінің түрлерін жазуға дағдыландыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар қаріптердің ережелерін, өлшемдерін сақтай отырып жазып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері: практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: плакат, тақта, бор, сызу аспаптары, жұмыс дәптері

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Масштабтар дегеніміз тетік кескіннің өлшемдерінің оның нақты өлшемдерінен қанша есе артық немесе қанша есе кем екендігін көрсететін сан. Сызбалардағы кескіндердің масштабтарын және олардың белгілеулерін стандарт тағайындайды.

Кішірейту масштабтар - 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5

Үлкейту масштабтар - 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1

Нақты өлшем - 1:1

Масштабтарды былайша жазып көрсетеді: М1:1; М1:2; М5:1

«Масштабтар. Сызба қаріптері»

Қаріп - әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген. Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.

Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену - қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады:

Г, З, С әріптері үшін g - 5d; А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g - 7d;

Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g - 8d, қалған әріптері үшін g - 6d.

Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.

Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады.

Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,

С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я

а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,

с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9


  1. Өзіндік жұмыс

Үйренгенше тор сызып бас әріптердегі, сандарды және белгілерді жазу.

5. Бағалау. Қаріптерді дұрыс және таза жазу арқылы бағаланады.

6. Үйге жұмыс. Дәптеріне өлшемі 10 болатын Б түріндегі қаріппен өз аты-жөнін, туған ауылының атын бас әріптермен жазу.



© 2010-2022