Сызықтық перспектива 5 сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: 30.01.16

Пәні: Бейнелеу өнері

Сынып: 5

Тақырыбы: Сызықтық перспектива.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі - перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтары арқылы қоршаған ортаны, табиғатты танып білуі; Дамытушылық: Білімдерін кеңейту, дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын дамыту; эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне қарай бейнелеу іс- әрекетіне машықтандыру; Тәрбиелік: Туған ел табиғаты, оның сұлулығы

мен көркемдігін бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, видео ролик, құралдар, суреттер, коллаж, АЗ формат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Т-5

Тыныштық сәті

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз.

Сабақтың барысын талдау:

Т-5

Тәртіп, тазалық, талап, татулық, тыныштық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үш топтың суреттерімен фото көрме ұйымдастыру

Топтар бір бірін стикер арқылы бағалайды

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын бейнебаянға назар аударайық

- балалар экраннан нені байқадындар?

Сонда заттар алыстаған сайын кішіриеді, жақындаған сайын үлкиеді екен. Олай болса ол заңдылықты Сызықтық перспектива деп атайды екен.

Міне , балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Сызықтық перспектива.

Сызықтық перспективасы жайында түсінік жалпы перспектива туралы түсінік беру.

Сызықтық перспективаның салу жолдары туралы видео толик

Мұғаліммен бірге альбомдарымызға сурет саламыз

ІV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларды түстер арқылы үш топқа бөлеміз. Әр топ өз бөлмелерін жиһаздармен безендіреді.

Керекті суреттер интербелсенді тақтада көрсетіледі.

V. Cерігіту сәті

VІ. Қорытынды «Себеттегі гүлдер »

Әр топқа үш гүлден таратып береміз, гүлдерге өтілген сабақтан қандай әсер алғандарын, не түсінгендерін жазады. Ол гүлдерді себетке орналастырамыз.

Тақтада ілініп тұрған себетке гүлдерді орналастырамыз

Үй тапсырмасы

Өз бөлмелерімізді салып келеміз

Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



© 2010-2022