Тақырыбы: Өнер еліне саяхат

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Өнер еліне саяхат

Мақсаты: Оқушылардың бейнелеу өнері пәнінен алған білімдерін өнермен ұштастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың икемділігін, шеберлігін, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөзжұмбақтар, тест.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушыларды топқа бөлу, әділқазылар алқасымен таныстыру. Оқушыларға сабақтың тақырыбын міндеттерін түсіндіру.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Өнер дегеніміз адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» - деп Л.Н.Толстой айтқандай. «Өнер еліне саяхат » тақырыбындағы 5-сыныптар арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер!

Біздің бүгінгі сайысымыз алты бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру

2. Сөзжұмбақ шешу

3. Ою ойғанның ойы ұшқыр

4. Бояулар сыр шертеді

5. Натюрморт бейнелеу

6. Тест

1-бөлім: Оқушылар топ аттарын және өздерін таныстырады.

1-топ Өнер

2-топ Қарындаш

3-топ Бояу

4-топ Қылқалам

2-бөлім: Сөзжұмбақ. Өнер тобының сөзжұмбағы «Пейзаж»

1. Бояуды араластыратын тақтайша? (палитра)

2. Әшекей бұйымдар жасайтын адам? (зергер)

3. Жылдам салынған сурет? (нобай)

4. Жыл мезгілі? (Жаз)

5. Көктем айы? (Наурыз)

6. Табиғат көрінісін бейнелеу қалай аталады? (Пейзаж)

2. Қарындаш тобының сөзжұмбағы «Портрет»

1. Суретшінің өзін -өзі суреттеуі? (Автопортрет)

2. Жылдам салынған сурет? (Нобай)

3. Бояусыз салынған көркем шығарма? (графика)

4. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі? (Қастеев)

5. Мөлдір бояу? (акварель)

6. Табиғатты бейнелеу? (Пейзаж)

7. Бейнелеу өнерінің түрі? (Сәулет)

3. Бояу тобының сөзжұмбағы «Графика»

1. Әшекей бұйымдар жасайтын адам? (зергер)

2. Адамды суреттеу қай жанрға жатады? (Автопортрет)

3. Тұңғыш қазақтың кәсіби мүсіншісі? (Наурызбаев)

4. Бояусыз салынған сурет? (графика)

5. Теңіз көрінісін бейнелейтін жанр? (Маринист)

6. Жыл мезгілі? (Күз)

7. Суға жақсы еритін бояу түрі? (Гуашь)

4. Қылқалам тобының сөзжұмбағы «Түстер»

1. Жансыз заттардан құралған сурет? (Натюрморт)

2. Кеңістікте сомдалған көркем шығарма? (Мүсін)

3. Құрылыс, ғимараттарды салу қай түрге кіреді? (Сәулет)

4. Қару-жарақ жасайтын адам? (Ұста)

5. Суда жақсы еритін бояу? (акварель)

6. Табиғат көрінісін ашық ауада бейнелеу? (Пленэр)

3- бөлім: Ою ойғанның ойы ұшқыр

Оқушыларымыз ою-өрнек қиып, қандай ою ойғандығын түсіндіреді. (5-мин)

4-бөлім: Бояулар сыр шертеді.

Мұнда оқушылар екі түсті қосып үшінші түсті табады және сол түстерге анықтама береді.

5-бөлім: Натюрморт бейнелеу Мұнда оқушылар тақтада берілген суретті салады. (10мин)

6-бөлім: Тест

1. Табиғат көрінісін бейнелейтін суретші

А) Дизайнер Б) Модельер В) Пейзажист

2. Мүсін өнерінің түрін ата

А) Перспектива Б) Интерьер В) Горельеф

3. Бояумен орындалған көркем шығарма

А) Графика Б) Кескіндеме В) Мүсін

4. Қайсысы бейнелеу өнерінің түріне жатпайды

А) Портрет Б) Сәулет В) Мүсін

5. Затқа сәуле түскен беті қалай аталады?

А) Жарық Б) жартылай жарық В) Көлеңке

6. Негізгі түстерді ата

А) Қызыл, сары, көк Б) Ақ, сұр, қызыл В) Жасыл, сары, қара

7. Натюрморт қай елдің сөзінен шыққан

А) Грек Б) Француз В) Ағылшын

8. Дизайн өнері қай жылы пайда болды

А) 1928 Б) 1968 В) 1988



© 2010-2022