Открытый урок ИЗО на тему: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау арқылы логикалық ойлауларын жетілдіруге,бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы түсініктерін кеңейту.

2.Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту.

3. Эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Өзара білім алмаса алатын тиянақты шешім қабылдай білуді меңгерту.

Сабақ нәтижесі:Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын білетін болады. Топта жұмыс жасауға дағдыланатын болады.

Құрал- жабдықтар: магниттіктақта, плакат, маркер.

Көрнекіліктер: суреттер,СЛАЙДТАР

Әдісі: топпен жұмыс,топтастыру,сын ТҰРҒЫСЫНАН ойлау сұрақтарын қолдану,АКТ, формативті бағалау.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу

Сары, қызыл, көк түсті карточкалар жатқан парталарға өз еріктерімен орналасу сұралады.

Топқа бөлінеді.

Топ ережесін айту.

Бүгінгі сабақта 3 топ бір - біріне баға береді. Берілген критерий бойынша.

Оқушылар өз еріктерімен 3 топқа бөлінді.

2

Үй тапсырмасын сұрау

3 мин

Тапсырманы тексеру.

Дайындықтарын көрсетеді.


3

Тұсаукесер

5 мин

Слайд арқылы бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын ажыратуға ұсыну.

Дұрыс жауапқа смайлик тарату.

Слайдты көріп ой айтады.

4

Жаңа сабақ

10 мин

5 мин

5 мин

Джиксо әдісі арқылы бейнелеу өнерінің түрлерін еске түсіреді ( дайын анықтама таратылады).

Живопись жанрларымен танысу үшін сөзжұмбақ шешу арқылы "Галереяға" экскурсия жасау.

-Галерея сөзіне түсінік беру.

Әр топқа сурет қиындылары беріледі, суреттердің қай жанрға жататынын тауып, дайын жазылған атауға жабыстырады.

Дұрыс жауапқа смайлик тарату.

Мүмкіндігіне қарай бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы бір- біріне түсіндіруге тырысады.

Сыни ойланып, жауабын шешеді.

Постер құрастырып, қорғайды.

Қызығады, құлшынады.

5

Сергіту сәті

2 мин

Көңілді күн.

Оқушылар барлығы жасайды.

6

Мағынаны түсіну

5мин

5 мин

Әр топқа ТЕСТ тапсырылады.

3 топқа суреттер таратылып, албомдарына бейнелеу ұсынылады.

Топпен жұмыс жасап, бірігіп шешеді.

Ұқсатып салуға тырысады.

7

Қорытындылау

2 мин

Топтар бағасына толықтыру енгізу.

Әр топтан жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.

Формативті бағалау

Мадақтау

8

Үйге тапсырма беру

1 мин

Абайдың "Қыс "өлеңіне композиция құру.

Күнделікке жазу.

Ойланады, ізденеді

9

Рефлексия

Бағдаршам әдісі

Бағдаршам түстес дөңгелектерді көтереді.

10

Бағалау

Әр топтан жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.

Мадақтау

© 2010-2022