Бейнелеу өнері түрлерін толық аша білуге, оның түрлерімен жұмыс жасай білуге үйрету

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі. Бейнелеу өнері түрлерін толық аша білуге, оның түрлерімен жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылығы. Шығармашылық ой - өрісін, шеберлік ынта қабілетін

дамыту.

Тәрбиелігі. Тиянақтылыққа, әсемдікке, әдемілікке баулу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ -жауап, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Суретшілер шығармалары, түрлі кітаптар, муляждар, үлестірмелер, тірек сызбалар, бүктемелер, сабаққа қажетті құрал -жабдықтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлықтарын тексеру.

Сыныпты 4 топқа бөлемін.

1 топ Кескіндеме (Живопись)

2 топ Графика

3 топ Мүсін өнері

4 топ Қолөнері

Әр топтың аты жазулы тұрады. Ол бейнелеу өнерінің түріне байланысты алынған.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Сұрақ -жауап: Әр топтың берген жауаптарына қарай әр түрлі түстегі 3 күлтелі, 4 күлтелі, 5 күлтелі гүлдер таратылып отырады.

1. Бейнелеу өнері дегеніміз не?

Бейнелеу өнері дегеніміз -адамдарды қоршаған тұтас әлемді,олардың өміріне қатысты нәрселер мен заттарды, жалпы өмірді бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрін айтамыз.

2. Бейнелеу өнерінің неше түрі бар?

Бейнелеу өнерінің 6 түрі бар. Олар кескіндеме (живопись), графика, мүсін өнері, қолөнері, сәулет өнері, дизайн.

3. Жанр дегеніміз не?

Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан. Сонымен жанр дегеніміз бейнелеу өнері түрлерінің салалары. Олар: натюрморт, пейзаж, портрет және түрлі тақырыптық картиналар.

4 топқа топ атауына байланысты сұрақтар беріледі. Сұрақтар конвертпен таратылады. Шарт бойынша топ мүшелері түгел жауап берулері керек.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеруге даярлау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару

IV. Жаңа сабақты меңгеру

Қазақстан бейнелеу өнері туралы түсінік беру. Бейнелеу өнері 6 түрден тұратынын білеміз. Осы өнер түрлерінің ішінде дамуы жағынан артта қалып отырғаны ол живопись өнері болды. Бұл қазақ халқының революция кезіне дейін қондырғылы өнерден хабардар болмауы себепті еді.

Шоқан Уалиханов салған суреттерінің ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болып өзінің көркемдік деңгейі жағынан кәсіптік өнерге жатпайды.

Қазақстан бейнелеу өнерінің бастауы 1877 жылы Алматыға келген орыс суретшісі Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Ол Алматыда тікелей көркемсурет студиясын басқарған. Бұл жылдарда көркем шығармалардың көрмесі маңызды оқиға болып есептелді.

Көрме 1928 ж. Семей қаласында, кейіннен басқа қалаларда болып өтті. 1929 ж. Түрксіб құрылысынан Ә. Қастеев оқуға келді. Осы кезде қондырғылы өнер жасауға Сәрсенбаев, Шегебеков, соңынан ағайынды Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар араласты.

30 - 40 жылдан бастап бейнелеу өнері біртіндеп қалыптаса берді. 1940 жылы Республика суретшілерінің 1- ші съезі өтті. 50 -60 жылдары натураға, яки табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салу, соны бейнелеу тән болса, 60 -жылдары бейнелеу публицистикасына бой ұру, «Қатаң стильді» ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу тән деуіміз керек. Ал 70 -жылдары анағұрлым күрделі кезең болып есептеледі.

Сонымен бірге дизайн өнері біздің елімізде жаңа дамып келе жатқан өнер. Оның жемісін біз күнделікті тұрмыста көріп жүрміз.

V. Меңгергенін тексеру.

Тақтаға плакат ілінеді.

Плакатта әр топтың аты жазылған. Оқушыларға әр түрлі сөздер жазылған конверт беріледі. Әр топ өздеріне байланысты сөздерді тауып сол бағанға қоюы керек. Бұл жерде жалпыға бірдей қажетті әрекеттің бар -жоғын да анықтау қажет.

Живопись Графика Мүсін өнері Қолөнері

Кесу, қашау, сызу, сурет, тоқу, қиялдау, түс, желімдеу, бояу, ойлау, үйлестіру, безендіру.

Плакат сөздермен толтырылған соң, қандай сөздердің барлық өнер түріне қатысы бары анықталады.

VІ .Өз бітінше жұмыс.

Қойылған натюрмортқа байланысты әр топ өз өнерлерін ашып көрсетулері қажет.

Кескіндеме тобы бояумен орындайды.

Графика тобы жай қарандашпен салады.

Мүсіншілер ермексаздан мүсін орындайды.

Қолөнері аппликация жасайды.

Қорытынды.

Аяқталған жұмыстардан көрме жасау.

VІІ. Бағалау.

Салыстырмалы түрде және де жинаған гүлдеріне қарай бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма.

Әр топ өнер түріне орай еркін тақырыпта жұмыс жасайды.


© 2010-2022