Қазақстан бейнелеу өнері 5 сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Қазақстан бейнелеу өнері 6- сынып

Мақсаты : Қазақстан бейнелеу өнері туралы айту, түсінік беру.

Міндеті:

  1. Қазақстан бейнелеу өнері тарихынан оқушыларға мағлумат беру

  2. Қазақстан суретшілерінің танымал шығармаларың көрсету және

таныстыру.

  1. Оқушыларға Қазақстан бейнелеу өнері бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақ түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: Ә. Кастеевтің, О. Таңсықбаевтің , А. Ғалымбаеваның шығармалары. Сурет дәптері түрлі түсті карындаш

1. Үйымдастыру кезең :

2. Психологиялық кезеңі:

3. Қайталау кезеңі:

4. Жаңа тақырып:

5. Практикалық кезең: 6. Қорытындылау:

7. Сұрақтарға жауап беру:

8. Үй тапсырмасын беру:

9. Баға қою.

Сабақ барысы:

Үйымдастыру кезең :

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық кезең: оқушыларды сабаққа баулау

Қайталау кезеңі:

Оқушылар Ә.Кастеевтің «Балалардың туристік саяхаты»1959ж, «Алма ағаштар гүлдеді»1958ж. шығармасына талдау жасады.

Жаңа тақырып:

Өнер түрлері кескіндеме сызба (графика) мүсіндеу өнері, сәулет , сәндік қолданбалы өнер жайлы әрқайсына жеке тоқталып әңгімелеу.

Бейнелеу өнері ұзақ уақыт бойы (кенес үкімет кезінде ) басқа ұлттық мәдениет түрлеріне қарағанда айтарлықтай дәрежеде даму жағынан артта қалып отырды. Шоқан Уәлиханов салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болып өзінің көркемдік деңгейі жағынан кәсіптік өнерге жатпайды. Қазақ халқының көшпелі өнері, құлдық пен кедейшілік, дін ұғымдар бай мен патша саясатын қолдап халықты өз уысында ұстауға қолайлы еді.

Қазақстан бейнелеу өнерінің бастауы 1877 ж. Алматыға келген орыс суреттші Н.Г. Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Ол Алматыдағы тұнғыш көркем сурет студиясын басқарған.

Көрме 1928 ж. Семей қаласында, кейіннен басқа қалаларда да Петропавл, Қорған, Ленинагорск, Қызыл-орда қалаларда болып өтті. 1929 ж . Турксиб құрылысынан Алматыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы Ә. Кастеев оқуға келді. Алматыдағы көркем студиясына түсіп, оқып шықты. Оны бітіріп , Москваға оқуға түсті.

Бейнелеу өнерінің дамуында негізгі қозғалыс 1937ж. 23 сәуірінде әдеби- көркем ұйымның қайта құрылуы туралы шешімімен кейін басталды. Одақ төңірегіне барлық шығармашылық топ бірікті -олар суретші Н.Крутильников, Ә. Ысмайлов, Ә. Сәрсенбаев, А. Ненашов, Қ. Қожықов және т.б. болатын.

Практикалық кезең:

Оқушылар табиғат көрінісін салады.

Қорытындылау:

Суреттерды аяқтау бояу.

Сұрақтарға жауап беру:

Ә. Кастеев кай жылы оқуын бастады?

Н.Хлудов деген кім?

Қандай суретшылерды былесіндер?

Үй тапсырмасын беру:

Баға қою.



© 2010-2022