Қазақ халқының ұлттық киімдері

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:«Қазақ халқының ұлттық киімдері»

Сабақтыңмақсаты:

Білімділік:Оқушыларды қазақ халқыныңұлттықкиімүлгілерімен,түрлеріментаныстыру…

Тәрбиелік:Киімтүрлеріментаныстырып,әсемдікталғамын, қызығушылықтарынарттыру.

Сабақтыңтипі:жаңабілімберу сабағы

Сабақтыңтүрі:рөлдікойын

Оқытунысаны:топпен жұмыс

Сабақтыңкөрнекілігі:ұлттықкиімүлгілерініңсуреттері, тапсырмалар, интетактивтік тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырып.

Сабақтың тақырыбына шығу үшін, оқушылармен сұрақ-жауап алмасу.

-Киімнің қандай түрлері болады? (жыл мезгілдеріне байланысты, ер адамдарға арналған, әйел адамдарға арналған, балаларға арналған киімдер) -Жақында біз қандай мерекені атап өтеміз? (наурыз мейрамы) Дұрыс, осындай мерекелік іс-шараларда адамдар қандай киімдер киеді? (ұлттық киімдер) - Мына суреттердегі қай ұлттың киімдері деп ойлайсыңдар (қазақ халқының) Дұрыс айтасыңдар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (қазақтың халқының

jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

ұлттық киімдері) Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының ұлттық киімдері». Ал, сабағымызға қандай мақсат қоямыз? (қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысу, олар туралы ақпарат алу, ерекшелігін білу) Дұрыс, сабағымыздың мақсатына жету үшін, біз бүгін жеке кәсіпкерлік ұжымдарын құрамыз. Әр шағын кәсіпкерлік ұжым ұлттық киім тігумен айналысатын болады. (әр топ өздерін таныстырып өтеді)

1-топ.Біздің шағын кәсіпкерлігіміз «Атамұра» деп аталады. Біз бас киімдерді тігеміз.

2-топ. Біздің шағын кәсіпкерлігіміз «Дәстүр» деп аталады. Біз сырт киімдерді тігеміз.

3-топ. Біздің шағын кәсіпкерлігіміз «Арман» деп аталады. Біз аяқ киімдерді тігеміз.

Жақсы балалар, сендер өздеріңді таныстырып өттіңдер. Енді әр шағын кәсіпкерлік өздері тігетін киім түрлері туралы мәлімет беруі керек. Ал мәлімет беру үшін келесі жұмыстарды атқарамыз. Мен әр топқа мәтін таратып беремін. сол мәтіндер бойынша жаңа сөздермен танысасыңдар.

4. Негізгі кезең.

1- кезең. Қазір сендер осы жаңа сөздердің көмегімен алдарыңда жатқан мәтінді түсініп оқып, мазмұнын бір-біріңе айтасыңдар.

Сендер өз мәтіндеріңді оқып, ақпарат алдыңдар. Енді орындарыңнан тұрып бір-біріңмен ақпарат алмасыңдар. Ақпарат алып болсаңдар орындарыңа отырыңдар.

2-кезең. Жақсы, енді сабағымыздың келесі кезеңіне көшейік, ол үшін алдарыңдағы мәтін бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.

1-топ. «Атамұра» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы.

- Бас киімнің түрлерін атаңдар? - Қыздарға арналған тақиялар немен әшекейленеді? - Бөріктің қандай түрлері болады?

2-топ. «Дәстүр» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы. - Сырт киімдерге нелер жатады? - Сыйлы қонаққа не жабады? - Ұлттық киімдерді немен безендіреді?

3-топ. «Арман» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы. - Аяқ киімдерді атаңдар? - Мәсінің етіктен айырмашылығы қандай? - Байпақ неден жасалады?

3-кезең. Балалар сендер ұлттық киім туралы толық мәлімет алдыңдар, сұрақ-жауап алмастыңдар енді шағын әңгіме жазыңдар.

4-кезең. Жақсы балалар, енді біраз бой жазып, сергіп алайық ол үшін ойын ойнайық. Ойын «Мақалды жалғастыр» деп аталады.

Топтар бір біріне киім туралы мақалдың басын айтады келесі топ жалғастырады.

Киім жағасымен (жарасады).

Киімің бүтін болса, (өз басыңа күтім болғаны).

Адам көркі - (шүберек).

Киіміне қарап қарсы алады, (ақылына қарап шығарып салады).

Киім пішсең кең піш, (тарылтуың оңай)

Қаңтарда қалпақ (киім болмайды)

5-кезең. Әр шағын кәсіпкерлік өздері тігетін киімдеріне жарнама жасайды.

VI. Қорытындылау кезеңі: Сонымен, балалар бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі қандай? (ою-өрнекпен, асыл тастармен, моншақтармен әшекейленеді, қымбат маталардан, аңдар терісінен тігіледі.)

5. Бекіту:

Нені білдік? - киім атауларын білдік; ұлттық киімнің ерекшелігін білдік;

Нені үйрендік? - жаңа сөздерді үйрендік.

6. Бағалау.Топ жетекшілерінің бағалауы

7. Үй тапсырмасы.Сабақтың тақырыбына байланысты шағын шығарма жазу.


© 2010-2022