Сән ұғымы. Стиль. 4 сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сән ұғымы. Стиль.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: қазіргі таңдағы сән ұғымдарын, олардың түрлерін,

стильдерің мағынасын түсіндіру.

2.Дамытушылығы: сәннің даму сатысы мен қоғамдағы атқаратын

ролі, шығармашылығын қалыптастыру

3.Тәрбиелігі: эстетикалық талғамын қалыптастыру, алған

білімдерін өмірде қолдана білуге, жолдастық

көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: түсіндіру, сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері, компюьтер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аударту.

2. Үй тапсырмасы:

-Техикалық қауіпсіздік ережелері

-Жалпы киім тобы.(көйлектер,блузкалар, белдемшелер,және басқада көйлектік бұйымдар)

- машинаның шығу тарихы (ХVғасыр)

3. Жаңа сабақ:

Сән қалай пайда болды? Сән адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Айтатын болсақ адамзат баласы ең алдымен жапырақ, аңдардың терісі т.б

Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын ариналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда

Сән (мода) латын сөзі өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі, мағынасы ол уақытша келісімді-сәнді киіне білу деген ұғым береді.

Біздің өмірімізде сәннің ролі қандай?

Сән-қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс

Сәнге деген көзқарасымыз қандай? әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Сіз іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады. Талғам-бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б)

Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды.Оларды стильистер деп атаймыз.

Стиль (грекше балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.

Стиль

Классикалық Фольклорлық романтикалық спорттық

Классикалық стиль (байсалды, іскер,әсем)ең бір тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюм «ағылшын»пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер «шинель» костюмдері жатады.

Сән ұғымы. Стиль. 4 сыныпСән ұғымы. Стиль. 4 сынып

Фольклорлық стиль -ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын кеңінен қолданамыз.

Сән ұғымы. Стиль. 4 сыныпСән ұғымы. Стиль. 4 сыныпСән ұғымы. Стиль. 4 сынып


Романтикалық стиль-бұл ұшқыр, қиал елестер ізденістер тобы. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.

Сән ұғымы. Стиль. 4 сыныпСән ұғымы. Стиль. 4 сыныпСән ұғымы. Стиль. 4 сынып

Спорттық стиль- демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер

Сән ұғымы. Стиль. 4 сынып


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Сән сөзінің мағынасы?

  2. Стиль. Стильдің түрлері?

  3. Классикалық стильмен фольклерлық стильдің айырмашлығы ?

  4. Романтикалық стиль мен спорттық стильдің бір бірінен ерекшелігі не?

  5. Бүгінгі сабақтың бағытын талдау?

  6. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

Қортынды

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма: Қазақстандағы белгілі сән үлгілерінің жұмыстарымен танысу.


© 2010-2022