Сабақ жоспары: Түстердің қолданылуы. Живопиське жалпы түсініктеме беру

Живопись-бейнелеу өнерінің бір түрі,белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма.Осы тұрғыдағы живопись өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады.Живопись туындысы көрерменнің сезіміне,ойына әсер ету арқылы,оның бейнеленген шындықтан тәлім алып,өзінше қортынды жасауына себепкер болады.Сонымен қатар қоғамдық тәрбиелік мәні зор деректемелік мағлұматтар да береді.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Түстердің қолданылуы.Живопиське жалпы

түсініктеме беру.

Сабақтың мақсаты: Живопись бейнелеу өнерінің негізгі бір түрі

екендігін ұғындыру.

Живопись туындысын оқушының сезіміне,

ойына әсер ету арқылы,өзінше қортынды жасауын

үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Ә.Қастеевтің шығармалары

Сабақтың түрі: Әңгіме сабақ

Сабақтың барысы:

Живопись-бейнелеу өнерінің бір түрі,белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма.Осы тұрғыдағы живопись өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады.Живопись туындысы көрерменнің сезіміне,ойына әсер ету арқылы,оның бейнеленген шындықтан тәлім алып,өзінше қортынды жасауына себепкер болады.Сонымен қатар қоғамдық тәрбиелік мәні зор деректемелік мағлұматтар да береді.Суреткер өмірді өз тұрғысынан қарап,оның түрлі құбылыстарын шығармаларында өзінше бағалайды.Живопись - бұл нақтылы көсетілетіндіктен,оның көрерменге әсері өте күшті.

Живописьтің пайдаланатын құралы-сәуле,бояу, рең.Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады.Суреткер шеберлігінің әсерлі көрінер жері де осында.Заттың сыр-сипатын,нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын,сәуле мен көлеңкенің құлпыруын, қысқасы кең дүниенің барлық жаратылысын,жарасымын тауып бейнелейді.Живописьтің тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ.Ол көрермендерді бірден баурап алады.Суреткердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның,сол дәуірдің ортаның сан алуан сырларын шертеді,сезім құбылыстарынан,жан тербелістерінен дерек береді, көрермен үнсіз тілдеседі.Живопись туындылары жеке бір тұлғаны,дара көріністі бейнелеп қана қоймай,күрделі сюжетпен үлкен оқиғалар,шытырман соғыстарды да бейнелеп олардың мәнін ашады.Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде живописьтің рөлі орасан зор.Бұл оның көп жанрларында байқалады,мысалы,тұрмыс-салт көріністері,соғыс жанры т.б.

Оқушылар Ә.Қастеевтің шығармаларын талдайды.

Қортынды.



© 2010-2022