Графикалық натюрморт

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. Графикалық натюрморттың композициясын құрастыру.Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.  б) дамытушылығы: Оқушыларға натюрморттың заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін дамыту; в) тәрбиелігі: Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сурет үлгілері,слайдтар, электронды оқулық,графикалық материалдар. Түрі: Затқа қарап сурет салу, жаңа білімді меңгерту. Әдісі:Репродуктивті әдіс Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу. Қонақтармен таныстыру,амандасу. «Бейнелеу өнері» әлеміне саяхатқа аттанатынын хабарлау.  «Бейнелеу өнері» әлемінде.Қадірменді Боранқұл орта мектебінің жас жеткіншектері және қонақтары! «Бейнелеу өнері» әлеміне қош келдіңіздер! Өнердің ең құнды түрінің бірі-бейнелеу өнері.Бұл өнер адамның көркемдік
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Графикалық натюрморт

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. Графикалық натюрморттың композициясын құрастыру.Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. б) дамытушылығы: Оқушыларға натюрморттың заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін дамыту;

в) тәрбиелігі: Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сурет үлгілері,слайдтар, электронды оқулық,графикалық материалдар.

Түрі: Затқа қарап сурет салу, жаңа білімді меңгерту.

Әдісі:Репродуктивті әдіс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Қонақтармен таныстыру,амандасу. «Бейнелеу өнері» әлеміне саяхатқа аттанатынын хабарлау.

«Бейнелеу өнері» әлемінде.Қадірменді Боранқұл орта мектебінің жас жеткіншектері және қонақтары! «Бейнелеу өнері» әлеміне қош келдіңіздер! Өнердің ең құнды түрінің бірі-бейнелеу өнері.Бұл өнер адамның көркемдік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер.Сәт сапар кішкентай жолаушыларым!

«Білімділер әлемінде" Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіру

ІІ. Негізгі бөлім:

Жаңа сабақ. «Ертегілер елінде» әлемінде

Диктафоннан оқулықтағы бояулар туралы ертегі тыңдалады.

«Графика» әлемінде

Графика дегеніміз - қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қылқаламмен, тушьпен салынған суреттер.Сонымен қатар қағаз бетіне салынған литография,түсті гравюралар және түсті карындаш, бормен салынған суреттер де жатады. «Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

Электронды оқулықтан әр түрлі графикалық материалдармен салынған суреттер жайлы және график- суретшілердің шығармаларымен таныстыру.

Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындыларымен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.

Енді сол график суретшілердің шығармаларымен танысайық. Слайдттардан суреттерді көрсету.

-Балалар, сендер барлықтарың бүгін график- суретшісіңдер. График - суретші болу үшін график қарындашымен натюрморт салып үйренуіміз керек.

Сергіту сәті

«Натюрморттар» әлемінде

Алдымыздағы бірнеше натюрморттарға қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша натюрморттардың бірін саламыз .

Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды, жемістерді, гүлдерді немесе алуан тағамдар бейнелейтін картиналар жатады.

Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. XVIIІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды.Осы кезде натюрморт салудың тамаша шебері шықты. Ол Ван де Вальде, Винсент-Ван Гог, фраздың ұлы суретшілері-Поль Сезанн және А.Матисс еді. Қазір көптеген суретшілер осы қылқалам шеберлерінің жолын қуып, істерін алға қарай жалғастыруда.

Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрлымының өзегі болатын-композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.

Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық.

Заттың бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз-бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.

Зат бейнелерінің құрлымын табу. Натюрморттағы заттардың бір-бірінің ара қатынасын пропорциясын тексеріп өлшеп, олардың әрқайсысын сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың ара-қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.

Пішінін сомдау. Штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың ара-қатынастарын шешіп табиғи формасын бейнелеуге көшеміз. Заттардың пішінін сомдауда штрихтардың рөлі өте үлкен. Солардың көмегі арқылы жартылай жарық көлеңке денеден құлай түскен көлеңкесінің айырмашылығын реттейміз.

Штрихтауды көлеңкеден жарыққа қарай жүргізген ыңғайлы, бірақ мұны (әдісті) өзгермейтін заңдылық деуге болмайды, сондықтан керісінше-жарықтан көлеңкеге де жүргізуге болады. Ол ыңғайға қарай.

Натюрмортты мұқият тексеріп көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса, соларды басып, жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін тағы бір қарап, натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз. Содан артық сызық штрихтарды өшіріп, суретті аяқтаймыз.

Жаңа сабақты қорыту.

«Тапқырлар» әлемі

Оқулықтағы тест пен «Графика» сөзжұмбағы шешіледі.

Бағалау. Оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау.Көрме ұйымдастыру.



© 2010-2022