Сыйласаң - сый көресің

Сыйласаң -сый  көресің Мақсаты:  Дені   сау ,ұлттың   сана  сезімі  оянған  ,рухани   ойлау            дәрежесіне  тән  иманды ,ибалы, үлкенге құрмет,  кішіге  ізет, бойында игі  қасиеттері  мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Өзіндік ойы бар, лайықты орын табуға қабілетті, ұлтжанды шәкірт тәрбиелеу. Міндеті: 1. Сыйластық , мейірімділік, ибалық, имандылық қасиеттер туралы түсінік беру. 2. Әр оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере отырып өзінше  ой түюге баулу. 3.Өз кемшіліктерін өзі реттеп өзін өз...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыйласаң - сый көресіңСыйласаң - сый көресіңСыйласаң - сый көресіңСыйласаң - сый көресіңСыйласаң - сый көресіңСыйласаң - сый көресіңСыйласаң - сый көресіңСыйласаң - сый көресіңСыйласаң -сый көресің

Мақсаты: Дені сау ,ұлттың сана сезімі оянған ,рухани ойлау дәрежесіне тән иманды ,ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Өзіндік ойы бар, лайықты орын табуға қабілетті, ұлтжанды шәкірт тәрбиелеу.

Міндеті:

1. Сыйластық , мейірімділік, ибалық, имандылық қасиеттер туралы түсінік беру.

2. Әр оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу.

3.Өз кемшіліктерін өзі реттеп өзін өзі жетілдіріп, тәрбиелеуге талпыну.

4. Таным қабілетін арттыру.

Көрнекілігі:

  1. Нақыл сөздер « Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін», «сыйға сый, сыраға бал» , « Болар елдің баласын сәнімен емес сәлемінен танисың».

  2. Мал сүйектері, асық, кітап, бағалау бетшесі.

Түрі: Сайыс.

Сабақтың жүрісі:

Халқымыз ежелден адамгершілік,инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақ тұтып келеді. Адам өмірге келгеннен киін зара сыйласу баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді. Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін өзі сыйлау білуі қажет. Егерде ібөзіңді өзің құрметтеп бағалай білмесең, өзгеден сый құрмет көрем деу бекершілік.

Қазақ қашанда философ халық қой. « Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарыннан ақ көп нәрсе пңғаруға болады. Сыйласа білуде үлкен өнер. Адам өміріндегі ізгі қасиеттер сыйластық татулық болып табылады.

Адамдар бір бірімен сыйласа білсе ғана олардың арасында татулық, береке болмақ. Егер сен айналандағы жандарды сыйлай білсең ғана, өзіңді сыйлы бола аласың. Қазақтың « Сыйға сый, сыраға бал» деген ұғымы осының айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу асқан ілтипаттылықтың белгісі. Алайда қазіргі кезде замандастармыздың бойында осы қасиеттер жетіспей жатыр.Бұл бүгінгі өміріміздің өзекті мәселелердің бірі. Сондықтанда біз бүгінгі осы бас қосуымызды сыйластық, құрмет тақырыбына арнап, оны сайыс түрінде өткіземіз. Сынып оқушыларын екі топқа бөліп отырғызамыз. Бірінші топты « Сыйластық» екінші топты « Мейрімділік» деп алып, сайысқа түсеміз. Қорытындысын өздеріңіз бағалау бетшесі арқылы белгілейсіздер.

I топ оқушылары:

Өз тілін қадірлеу Амандасу

Сыйластық

Үлкенге құрмет Кішіге ізет

II топ оқушылары

Инабаттылық Имандылық

Мейірімділік

Қайырымдылық Ибалылық

II бөлім. Бұл бөлімде әр топта бір бірден оқушы шығып,қоржыннан нөмірленген асықтар алып,сұрақтарға жауап береді.

1 Бүгін сабақата « 2»алдың.Оған мамаң қатты ренжіді.Сен сол ренішін қалай өтер едің?

2 Қиналған сәтте досыңызды ренжітіп алдыңыз.Одан қалай кешірім сұрар едіңіз?

3 Б.Момышұлы атамыдың келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атта естелік кітабында мына бір көріністі жақсы суретеген.Зейнеп апамыз үйінде таңертең тұрған соң анау мынау жұмыстармен жүргенде,есікті өте қатты тарсылдаттып,біреу қаққан соң аяңындағы шайқайына сүріне қабына есіке барып ашып қалса Баукең екен.Сонда есікті ашпай сыртында тұрып «Бар, кейін деп айқай салыпты.Осы оқиғаны сен қалай түсінесің?

4 Сіздің досыңыз айтқан уәдесін орындамады,ол жөнініде сізден кешірім өтінді.Досыңыз сізден қалай кешірім сұрар еді?Сіз оған қалай жауап берер едіңіз?

III Бөлім. Сын сағаты

Гүлде сыйластықтың белгісін. Гүлде тұрған тапсырманы орындай отырып, гүлді өзіңнің қалаған жолдасыңа ұсынуға болады. Мұнда адамгершілік туралы әңгіме берілген. Осы әңгімені қарсы топқа қыймыл мен жеткізу, оның не туралы екенін қарсы топ айтып, мағынасын ашады.

  1. Топ

  1. Асан мен Болат мектептен келе жатыр еді. Қарсы алдынан мектепте бастауыш сыныпқа дәріс беретін Әсия апай кезікті. Бірақ оқушылар бұл апайды елемеді, амандаспады да өте шықты

Тапсырма: Көріністі қыймылмен көрсету, қарсы топ мағынасын ашу.

  1. Қанат пен Ербол көшеде ойнап жүрді, олардан алыстау жерде келе жатқан әже сүрініп құлап қалды. Бірақ ойнап жүрген Қанат пен Ербол әжені елемеді, көмекке келмеді. Себебі олар ойын мен жүріп байқамай қалуы мүмкін еді?

Тапсырма: Көріністі қыймылмен көрсету қарсы топ мағынасын ашу.

IV Бөлім. Әр топтың өнерін тамашалау.

Адамгершілік, мейірімділік, сыйластық туралы қазақ ақын-композиторларының әндерін орындау.

V Бөлім. «Сөздің көркі-мақал» деп атамыз қазақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйіні арқылы жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екеніізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.

Мақалдың бірінші жолын I топ айтады.екінші жолын II топ айтып мағынасын түсіндіреді.

  1. Аға әдепті болса, іні әдепті,...(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті).

  2. Орны мен мақтай біл,... (Сый құрметін сақтай біл).

  3. Халықтың қартын сыйлауы,...(Еліңнің салтын сыйлауы).

  4. Ардагер аға алдында тұрсың,...(Әдепті іні артында тұрсын).

  5. Сыйлай білсең кәріні,...(Жарылқаймын бәріңді).

  6. Сыйлау деген-...(Құрдай жорғалау емес).

  7. Сыйға сый,...(Сыраға бал).

  8. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

Үстірт орта мектебі

Тақырыбы:Сыйласаң - сый көресің

Тәрбие сағаты

Дайындаған: Жақсыбаева Айман Оразбаевна



© 2010-2022