«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Бейнелеу өнері Реті: №3 Сынып: 5 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Үйлестіру заңдылығы»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі; Оқушыларға бейнелейтін заттың композициялық үйлесімділік заңын

сақтай отырып бейнелеуге үйрету

ә) дамытушылығы; Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, суретті көркем бейнелеу және

шығармашылық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелілігі; Эстетикалық, патриоттық және еңбексүйгіштікке тәрбие беру.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, жаңа білімді меңгеру, сарамандық жұмыс.

Көрнекілік: Слайд, суреттер

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Сабақтың барысы; І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу және сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй жұмысын сұрау

1. Салған суретіміз әдемі шығу үшін не істеу керек?

2. Қандай түстерді білеміз?

3. Заттың пішінін беруде түсті қалай табу керек?

4. Бейнелейтін зат бетінен нені көруге болады?

5. Жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды дегенді қалай түсінесің?

6. Егер жарық жылы болса, онда көлеңке қандай түске ауысады?

7. Жарық суық болса, көлеңке қандай түске ауысады?

ІІІ. Жаңа сабақ

Суретші айтпақ ойын әсерлі көсету үшін көркем шығармада бейнеленетін кейіпкерлер мен қоршаған орадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Осындай айрықша тәсілді үйлестіру заңдылығы деп атайды.

«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып

Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың түстік үйлесімділігін де беруге тырысады.

Үйлесімді, «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды.

Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнеленетін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген-КОМПОЗИЦИЯ. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген ұғымды білдіреді.

Әдетте шығармада оқиғаның негізгі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады. Әсіресе қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін қақ ортаға орналастырған және олар негізгі рөл атқарған.

Композиция мен сюжет өзара тығыз байланысты.

«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып«Үйлестіру заңдылығы» 5 сыныпСәндік қол-өнер Графика Мүсін өнері

ІҮ. Сарамандық жұмыс

1) Техникалық қауіпсіздікті сақтау.

2) Натюрмортты бейнелеу

«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып«Үйлестіру заңдылығы» 5 сынып

1-кезеңде нүктелердің 2-кезеңде түстерін анықтау 3-кезеңде жарық-көлеңкелерін

орын пішінін табу. тауып жұмысты аяқтау.

Ү. Сабақты бекіту.

1.Суретті бейнелеу қызықты, әсерлі болу үшін не істеу керек?

2. Үйлестіру заңдылығы дегеніміз не?

3.Үйлесімділік заңдылығын орындай отырып, біз нені түсінеміз?

4. Композиция дегеніміз не?

5 Композиция немен тығыз байланысты?

ҮІ. Үйге тапсырма: Тұрмыстық бұйымдармен көкөністерден құралған натюрморт салу.

ҮІІ. Бағалау.

Пән мұғалімі: Белгібаева Жанат Дүйсенқызы



© 2010-2022