Бұранданы бейнелеу және кескіндеу

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:оіжо__________А.Азанов

22. 02.2016ж сызу 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Бұранданы кескіндеу және бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша мәлімет

түсіндіру. оқушыларды детальдарды кескіндеп, бейнелеуге үйрету

ә) дамытушылық: оқушылардың жалпы, сызу жөнінде сана-сезімін дамыту.

б) тәрбиелілік: оқушыларды жалпы ұйымшыл болуға тәрбиелеу, үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, А4 пішіміндегі ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және интеракивті тақта, слайдтар, т.б.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Типі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

"Өткенсіз бүгін жоқ" -өткен сабақты пысықтау

§35 Тетіктерді біріктіру туралы жалпы мәліметтер

  • Бұйым тетіктерін біріктіру түрлері

  • Ажырайтын біріктіру дегеніміз не?

  • Ажырайтын біріктіру түрлерін атап көрсет

Бұранданы бейнелеу және кескіндеу

  • Ажырамайтын біріктіру дегеніміз не?

  • Ажырамайтын біріктірулер түрлерін атап көрсет.

Бұранданы бейнелеу және кескіндеу

3. "Бүгінсіз-болашақ жоқ" - жаңа сабақты түсіндіру.

Білімі көп адам, құралы сай ұста секілді. Не істесе де келістіріп істейді.
(Ахмет Байтұрсынұлы.)

§36 Бұранданы кескіндеу және бейнелеу.

Тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру ажырамайтын біріктірулерге жатады.

Тетіктің өзегіндегі немесе тесінгіндегі винттік кертік бұранда деп аталады.

бұранданың екі түрі бар, олар бекіту бұрандасы және жүріс бұрандасы. Бекіту бұрандасы тетіктерді біріктіру қызметін атқарады, ал жүріс бұрандасы қозғалыс берілісі қызметін атқарады.

Метрлік бұранда бекіту бұрандасына жатады, оның төбесіндегі бұрышы 600 болатын үшбұрышты профилі бар .(182 сурет)

ББұранданы бейнелеу және кескіндеуұранданың осьтік қимасының контуры бұранданың профилі деп аталады. Профилінің пішініне қарай бұрандалар үшбұрышты, тік бұрышты, трапециялы, тіреуіш, дөңгелек бұрандалар болып бөлінеді. (181 сурет)

СБұранданы бейнелеу және кескіндеуыбайлас екі өркеш арасындағы, бұранданаың осі бойымен өлшенетін арақашықтық бұранда қадамы (Р) деп аталады.

Бұранданың сыртқы диаметрі (d) -бұранданың профилінің өзектілігі шығыңқы ұштары бойынша немесе тесіктегі ойыстар бойынша өлшенетін диаметр.

Бұранданың ішкі диаметрі (d1) -бұранда профилінің өзектегі ойыстар бойынша немесе тесіктегі шығыңқы ұшатры бойынша өлшенетін диаметр. Сызбалары орындау кезінде бұранданың ішкі диаметрін шартты түрде 0,85d деп қабылдайды.

СБұранданы бейнелеу және кескіндеуызбада өзектегі бұранданы кескіндегенде бұранданың сыртқы диаметрін тұтас жіңішке сызықпен көрсетеміз. ( 183 сурет)

Сол жақ көріністе фасканы (жүзін) кескіндемейді, бұл бұранданың ішкі диаметрін шеңбер диаметрінің төрттен бір бөлігінде үзілген тұттас жіңішке сызықпен түсіру үшін жасалады. Осы шеңберді түсіру кезінде доғаның бір ұшын центрлік сызыққа шамамен 2 мм-ге жеткізбейді, ал оның екінші ұшы екінші центрлік сызықты осы шамада қиып өтеді. Тілінген бөліктің ұшы тұтас негізгі сызықпен көрсетіледі. (183 сурет)

ТБұранданы бейнелеу және кескіндеуесіктегі бұранданың алдыңғы көріністе кескінделуіне бұранданың ішкі және сыртқы диаметрлерін штрих сызықтармен көрсетеміз. (184 сурет)

АБұранданы бейнелеу және кескіндеулдыңғы көріністе де фасканы көрсетпейді, ал бұранданың сыртқы диаметрін шеңбердің төрттен бір бөлігінде үзілген тұтас жіңішке сызықпен жүргіземіз. Мұнда доғаның бір ұшын жеткізбейді, ал оның екінші ұшы центрлік сызықты бірдей шамада қиып өтеді. Бұранданың ішкі диаметрін тұтас негізгі сызықпен жүргізеді. Бұранданың шекарасын штрих сызықпен көрсетеді. (184 сурет)

Тесіктегі бұранданы көбінесе тілікте көрсетеді (185 сурет), оны сыртқы диаметр бойынша тұтас жіңішке сызықпен және ішкі диаметр бойынша тұтас жіңішке сызықты қия отырып, тұтас жуан сызыққа дейін жеткізеді.

Көрінетін бұранданың шекарасын оның сыртқы диаметрінің сызығына дейін тұтас жуан негізгі сызықпен жүргізіледі.

Сызбада метрлік бұранда М әрпімен белгіленеді, оның қасына бұранданың сыртқы диаметрінің шаасы жБұранданы бейнелеу және кескіндеуазылады да, одан кейін бұранданың ұсақ қадамы көрсетілуі мүмкін (мысалы, М20х1,5) (185 сурет)

Егер сыртқы диаметрдің шамасынан кейін бұранда қадамының шамасы көрсетілмесе, онда бұл бұранда қадамының ірі (әдетте, 5 мм-ден артық) екендігін білдіреді.

Бұрандалары оң және сол жақ бұрандалар деп бөледі. Сол жақ бұранда жағдайында оның белгіленуінен кейін LH жазуын қосып жазамыз (мысалы, М24х2LH).

4."Естігеннен көрген жақсы"-бекіту тапсырмалары

тест тапсырмалары арқылы жасырын "сызбаны" тауып, дәптерге орындау


  1. Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік

  2. Төбесіндегі бұрышы 600 болатын үшбұрышты профилі бар бұранда

  3. Тетіктерді бекіту қызметін атқарады?

  4. Қозғалыс берілісі қызметін атқарады?

  5. Сыбайлас екі өркеш арасындағы, бұранданың осі бойымен өлшенетін арақашықтық

  6. Бұранданың профилінің өзектілігі шығыңқы ұштары бойынша немесе тесіктегі ойыстар бойынша өлшенетін диаметр

  7. Бұранда профилінің өзектегі ойыстар бойынша немесе тесіктегі шығыңқы ұшатры бойынша өлшенетін диаметр

  8. Бұранданың түрлері

  9. Метрлік бұранда сызбада қалай белгіленеді?

Оқулықпен жұмыс (№186- сурет)


6. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі

Үйге тапсырма №186 суретті аяқтау







© 2010-2022