Ашык сабак портрет 2сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сыныпАшык сабак портрет 2сынып

Бейнеу аудандық әкімдігінің

«Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі» МКҚК







Ашық сабақ


Тақырыбы: «Портрет кескіндемесі»

Мұғалім: Н.Тыныштықова



Ашык сабак портрет 2сынып










2014-2015 оқу жылы





Бекітемін

Тексерілді

Мектеп директорының оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

__________________ Ә.Шонтыбаева

« ___» _____________________



Пәні: Кескіндеме

Күні: 25.02.2015ж

Уақыты: 8:50-11:15

Сағат саны: 3

Сыныбы: 2

Тобы: I

Оқушы саны: 10

Сабақтың тақырыбы: Портрет кескіндемесі- 3 сағат

Машықтық жұмыс: Фон реңі қарама- қарсы натурашы басының

ұзақ мерзімді этюды .

  1. Конструкциялық құрылым.

Сабақтың мақсаты: Адам басының құрылысымен танысу,

анатомиялық құрылымына мән беру .

1.Білімділігі: Оқушылардың кескіндеу пәнінен

білімдерін жетілдіру, портрет салып,

түспен жұмыс жасауға үйрету

2.Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, шыдамдылыққа

инабаттылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін,

ой-өрістерін дамыту, арттыру.

Сабақтың түрі: топтық

Сабақ әдісі: а) теориялық

б) машықтық

Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: 35х45 ватман,карандаш,өшіргіш,кнопка,

акварель,палитра,көрнекі плакаттар,т.б.

Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

а)теориялық

б)машықтық

IV Қорытындылау

V Үйге тапсырма

VI Бағалау

VII Сыныпты жинақтау



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу,оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

3 заттан құралған натюрморт.(гуашпен бояп келу)

Үйге берілген тапсырманы тексеріп , кемшілігін айтып, бағалаймын.

Үй тапсырмасна қосымша өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға

жауап берейік?

  1. Натюрморт дегеніміз не?( жансыз заттарды бейнелеу)

  2. Натюрморт қандай мағына береді?( өлі табиғат немесе қозғалмайтын зат)

  3. Суретті ең алдымен неден бастайды?(компоновка)

  4. Гуашь дегеніміз не?(ең тығыз,қою жағылатын бояу)

  5. Акварель дегеніміз не?( Суды көп қосып жағылатын мөлдір бояу)

  6. Интерьер дегеніміз не?( ғимараттың ішкі көрінісі)

  7. Көлеңке нешеге бөлінеді?( Меншікті, түспе)

  8. Меншікті көлеңке дегеніміз не?(Заттың жарық түспейтін бөлігі)

  9. Түспе көлеңке дегеніміз не?(Заттың жерге түскен көлеңкесі)

  10. Жылт дегеніміз не?(жарықтың заттың үстіне түскен ең ашық жері)

III.Жаңа сабақ

Портрет кескіндемесі- 3 сағат

а)теориялық

Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: кескіндеме, мүсін, графика, мозаика, т.б. жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті - адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді.

Портрет жанры дегеніміз жалпы адам бейнесін салу.

Портрет өнері ең алғаш Египетте пайда бола бастады. Портрет ежелгі Мысыр, Қосөзен, Грек, Рим өнері дәуірінен белгілі.

Қазақ тарихында мүсіндік портреттің дені ежелгі түркі қағандығы (5 - 8 ғ-лар) мен қыпшақ заманы (8 - 13 ғ-лар) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Уәлиханов портрет ағымында көп еңбек етті ("Сұлтан Мамырхан Рүстемов", "Тезек төре", қарындаш, 1856 ж., "Алатау қырғызы" түрлі-түсті қарындаш, 1856 ж.). 20 ғ-дың басынан қазақ суретшілері Ә.Қастеев, І.Телжанов, Н.Нұрмұхамедов, А.М. Черкасский, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, Ү.Әжиев, т.б. Портрет жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді.

Казақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің ең алғашқы суреттерін өздерінің туысқандары мен жақындарының портреттерін салудан бастаған.

Портреттің бірнеше түрлері бар. Олар:

Парадтық - қоғамдық жерлерде салынатын суреттер. Мұнда суретші осы адамның қоғамдағы ролін, істеген игі істерін көрсеткісі келеді.

Әлеуметтік - әр түрлі қоғам таптарының өмірін көрсетіп және салыстыратын портрет түрі.

Психологиялық - ойға батқан шешілмейтін сұрақтарға шешім іздеп уайымға батқан немесе қуаныш сезімі бар адамдар салынған портрет түрі.

Автопортрет - суретшінің өзін өзі салуы.

Бұл - бір тұлғалық композициялық құрылымнан тұратын қондырғы портрет, қазақстан бейнелеу өнері қорынан айрықша орын алған көркем туынды.

Портрет жанры орындалу ерекшелігіне, композициялық құрылысна, құрылымына қарай бір тұлғалық және көп тұлғалық болып бөлінеді.

Күрделі нұсқаны суретте толығымен көрсету өте қиын. Сондықтан көрген нәрсені қабылдау сияқты бейнелеудің де оңай жолдарын пайдаланған жөн.

Мысалы: бастың айқас сызықтары адам денесінің «ақ сызықтары» және т.б. сүйеніш нүктелері және орталық нүктені пайдалануды ұсынылады.

Бастың айқас сызықтары екі қиылысқан сызыктан тұрады. Біріншісі - беттің орта сызығы ол маңдай мен мұрынды ортасынан екіге бөліп иектің ортасынан өтеді, екіншісі басты айналдыра көздің сызықтары арқылы өтіп, екі сызық бір-бірімен қаңқа құрайды. Егер бас тура қараған түрде болып, аздап артқа қарай шалқайса, орта бет сызық тік қалпында қалып, көлденең сызық жұмыртқа сияқты санақ сызық болып, сызылады.

Портрет салуда тек адам бейнесін беру емес ,оның психологиялық жандүниесін, жас ерекшелігін тағы басқа қасиеттерін аша білу қажет.

Адам портрет салу үшін оның басының құрылысын білу керек. Адам басы- бас сүйектен , бұлшық еттен, тері жабындысынан тұрады.

б)машықтық

Дара портретті салу үшін перспективаларды және де ассимитриялық сызықтарды жақсы меңгеру керек. Адамның басы өзінің құрылысы және пропорциялары бойынша әр адамда әр түрлі осы өзіндік жеке-дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетуге адам бетінің орташаланған схемасымен жақсы көмектеседі.

Сонымен портретті салу үшін ең алдымен 35х45 ватманды қиып алып тақтайымызға бекітеміз.Адамның басының жалпы көлемін саламыз.Жұмыртқа тәрізді етіп жалпы формасын кескіндейміз .Басты теңдей етіп бөлетін тік сызық және көлденең сызық сызамыз.Бастың кескінін теңдей 3 бөлікке бөлеміз.

Егер сызықтар арқылы басты бет әлпетті бөлшектеп көрсек көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл жартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.

Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетінін анықтап алған соң, беттің қалған бөліктерін орналастыруға көшеміз. Көздердің арасындағы қашықтық, мұрын қанатының ең шеткі нүктелерінің арасындағы сияқты, көздердің ұзындығы, көздердің ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтық - бәрі де бір өлшемге тең. Осы деректерді пайдалана отырып, бетің алдынан қарағандағы құрылысының схемасын жасап бастаймыз.

Көздің ұзындығы бастың енінің бестен біріне және мұрынның еніне тең. Яғни, мұрын ені көздің ортасындағы ара қашықтыққа тең .Құлақтың ұзындығы мұрынның ұзындығына тең.

Ашык сабак портрет 2сынып

Бастың кез-келген қимылы кезінде тіпті сәл-пәл ғана бұрылғанда немесе еңкейгенде бұл осьтік сызықтар басты айнала қоршап жатқан доғалар немесе сопақшалар болып шығатыны аңғарылады.



IV.Қорытындылау

Бүгінгі тақырып бәрімізге түсінікті болды ма?

Ендеше мына сөзжұмбақты шешіп көрейік?

5

4


3

ппппррппппр2

1


6

7

8

1. Жалпы адам бейнесін салуды не дейміз?(Портрет)

2. Ойға батқан шешілмейтін сұрақтарға шешім іздеп уайымға батқан немесе қуаныш сезімі бар адамдар салынған портрет түрі? (Психологиялық)

3. Мұнда суретші осы адамның қоғамдағы ролін, істеген игі істерін көрсеткісі келеді ,қоғамдық жерлерде салынатын суреттер.?(Параттық)

4. Әр түрлі қоғам таптарының өмірін көрсетіп және салыстыратын портрет түрі.(Әлеуметтік)

5. Суретшінің өзін өзі салуы.(Автопортрет)

6.Портерт өнері ең алғаш қайда пайда бола бастады?(Египет)

7.Ең алғашқы қазақ суретшісі кім?(Уәлиханов)

8.ХХ ғ.басындағы алғашқы кәсіби қазақ суретшісі?(Қастеев)

V.Үйге тапсырма.

Үйден адамның басын нобайлау.

VI.Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау



© 2010-2022