Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі



АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

УКРАИН ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАСКИІМІ

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

Өткізген: Иманова Ж.Н.

Сынып: 4 «а»


2012-2013 оқу жылы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

УКРАИН ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАСКИІМІ

Сабақтың мақсаты:оқушыларға украин халқының ұлттық баскиімін оның жасалу жолдарын үйрету.

1.Білімділігі: украин халқының ұлттық баскиімі туралы мағлұмат беру және баскиім жасалу жолын меңгерту;

2.Тәрбиелігі: оқушыларды украин халқының салт дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін құрметтеуге баулу.Тігу, тоқу тәсілдерімен еңбек етуге баулу.

3.Дамытушылығы: оқушылардың ой- өрістерін, эстетикалық талғамын, қию, өлшеу, тігу әдістерін үйренуге ықпал ету;

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Сабақ әдісі: мәлімет беру, сұрақ- жауап, тоқу, тігу, өлшеу, қию және безендіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), баскиім үлгісі, сым, үлгіқалып, тоқыма жіп, мата, ине- жіп, моншақтар және қайшы т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу және жаңа сабаққа дайындау.

ІІ.Өткен материалды қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

. Украиндықтар орыстар және белорустармен бірге шығыс славяндар тобын құрайды. Украин тілі үндіеуропалық тіл тобының шығыс славян бөлігіне кіреді. Ол үш негізгі топқа бөлінеді: солтүстік, оңтүстік -шығыс және оңтүстік-батыс. Украиндықтар шығыс-славян тектес тайпадан пайда болған біртұтас ежелгі халықтардан бөлініп шыққан.

Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет.Біздің елімізде әртүрлі ұлттар мекен етеді.Сол ұлттардың бірі - украин халқы.

Әрбір ұлттың өз ұлттық киімі және баскиімі болады.Бүгінгі сабағымыз украин халқының ұлттық баскиімімен таныс болып, оның жасалу жолдарымен танысамыз.

Украин халқының ұлттық костюмі өзінің ашық түстерінің үйлесімділігімен ерекшеленеді.Киім үлгілерін сәндеуде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолданады.Атап айтсақ, кестелеу, алтындап зерлеп тігу, бау өткізіп тігу, бастырмалап тігу тәсілдері қолданылады.Шеберлер киімді қолдан тоқылған мақта немесе кенеп матадан, ал сырт киімдерді жүн матадан тіккен.

Қыздар күнделікті баскиім ретінде өрнекті таспа бауларды басына байлап, ұшын бос жіберген.Сәнді баскиім ретінде табиғи немесе жасанды гүлдер мен жапырақтардан, бидай сабақтарынан тоқылған тәжді( венок ) қолданды.Оны қатты материалдан жасалған шеңберге бекітіп, түрлі гүлдер және құс қауырсынымен, таспа баулармен, моншақтармен әшекейлеген.

Сарамандық жұмыс.

Украин халқының ұлттық баскиімін жасау үлгісі.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

1.Гүлді тізетін шеңберді дайындау.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

2) Гүлтәжді басқа кигенде сым батпас үшін, оның сыртын жұмсақ тоқыма жіппен шалып тоқимыз.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

2.Матадан гүл тігу реті:

1)Гүл жасау үшін өлшемі 8х8 см. қызыл немесе бір түсті шаршы пішінді мата дайындап ал.Осы матаны екі рет үшбұрыштап бүкте.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

2)Осындай 6 үшбұрышты табанынан 5мм. қалдырып, көктеп тік.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

3)Жіптің ұшынан тартып, үшбұрыштарды жиыр. Жіптің ұшын түй.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

4)Дөңгелектей жиырылған гүлдің ортасын моншақтармен, сумоншақтармен толтырып әшекейлеуге болады.Осындай үш гүл дайында.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

5) Дайын жасалған әр түсті, әр түрлі гүлдерді кезектестіріп шеңбердің алдыңғы бөлігіне, ал таспаны артқы бөлігіне жіппен іл.

Тақырыбы: Украин ұлттық киімі (4 класс)

Сабақты қортындылау

1.Осы сабақтан қандай еңбек түрлерін үйрендіңдер?

2.Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

3.Жасаған жұмыстарды бағалау.

Үйге тапсырма

1.Сынып жұмысын аяқтау.

2.Жасанды гүлдерден қыздардың гүлтәжін орындау.


© 2010-2022